Аслан Орақбаев



Pdf көрінісі
Дата01.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#32994
Байланысты:
2 5323283059091442512




 

Аслан Орақбаев 



 

 

 



 

 

iQызым 



(Әй, Қызым!) 

 

 



IQUPKZ 

Баспасы 


Алматы, 2019 


 

Алғыс айту сөздері! 



 

Бұл кітаптың жазып шығарылуына  IQUP.kz

 

жастар бірлестігінің әрбір мүшесіне қосқан үлесі 



мен көрсеткен көмегі үшін алғысымды 

білдіремін. 

Солардың ішінде ерекше 

Нурболат Бектуров, 

Тілеулинова Перизат Бағдатқызы,  

Дулат Н. алғысымды білдіремін. 

Аллаһ сіздерге жар болсын! 

 

 



АВТОРДЫҢ ЖАЗБАША РҰҚСАТЫНСЫЗ 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДА КӨШІРУГЕ 

ЖӘНЕ ТИРАЖДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! 

 

 




 

Ассаляму ъаляйкум, құрметті оқырман! 



Неге «IQызым» десеңіз? Бұл сұраққа жауап бермес 

бұрын, сіздерді «IQup.kz» деген дүниемен таныстырып 

кетсем. 

IQup.kz – деген бұл қазақ қоғамына жанашыр пайдалы 

ақпараттармен бөлісетін жастар бірлестігі.  

IQUP деп атау себебіміз: 

Біріншіден, IQUP деген IQ-ыңды UP-көтер, жоғарылат, 

дамыт деген мағынада. Зияткерлілік коэффициент – 

(ағыл. тілінде IQ — intelligence quotient) адамдардың тез 

қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. 

Оны арнайы жасалған тест арқылы, қарапайым 

адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап, 

салыстыра анықтайды.) 

Екіншіден, IQUP=АЙҚАП деген мағынада. Айқап жайлы 

қысқаша айтсақ, "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының 

оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес 

қосқан журнал. 

Үшіншіден, iQazaq Up - Оян, Қазақ! Уақыт келді! 

Сонымен, IQызымға оралсақ, бұл: 

Біріншіден, қарапайым «Әй, қызым!», - деген әрбір 

қазақтың ибалы да, инабатты қызына қаратпа, солай да 

олар үшін арналған жолдама болып табылады.  




 

Екіншіден, айтып кеткеніміздей “IQ”-ы жоғары, яғни 



ақылды қыздарға арналған жолдама. Ал, мен үшін әрбір 

қазақтың қызы ақылды, әрі теңіздің түбіндегі ең бағалы 

інжу-маржандай қымбат. 

Үшіншіден, тек биік мақсаттарға ғана ұмтылатын ақиық 

қыздарымызға қалқымай, әрдайым көздері ашық, 

көкіректері ояу болуларына шақыру.  

Енді, сізге бәрі де түсінікті болды деген үміттемін. 

Ал, мені бұл еңбекті жазуға не нәрсе итермеледі? 

Мен IQUP.kz-ың мүшесі Аслан. Мен өзім Қарағанды 

облысы, Жайрем кентінің тумасымын, бірақ, өзім 

Жезқазғанда мектеп пен колледжді бітірдім. Қызықтың 

бәрі осы колледжде басталды. Қысқаша айта кетсем, 

мен колледжде оқып жүрген кездерімде ауыл-

аймақтардан, кенттерден келген, және қаланың өзінде 

тұратын тәрбиелі, қарапайым қыздардың пәшкі-

пәшкілеп, бірінен соң бірі жаман жаққа қарай өзгеріп 

жатқанын өз көзіммен көрдім. Өздеріңіз білетіндей, 

мұндай оқу орындарының студенттері «вечерлер» 

жасағанға әуестік танытады. Ол «вечерлерге» тек ер 

балалар барса бір жөн, бірақ, арасында қыз 

балаларының жүретіні де бәріне мәлім. Дәл сол 

кештерде көп қыздар өзінің жүріп, сеніп жүрген кейбір 

жігіттердің тәтті өтірігіне алданып, өксіп қалатын. Және 

бұндай жағдайлар аз емес-ті. 




 

Бұндай оқиғалар тек біздің кезде, әрі біздің қалада ғана 



болған жоқ, Қазақстанның әрбір шетінде, және әр 

кезеңде орын алуда деп ойлаймын. Сол кездерде-ақ, 

менің қазақ жастарына, әсіресе, қазақ қыздарына 

жаным ашитын, және әлі де ашып келеді. Ол кезеңде 

мен оларға тек ауызекі тілмен бірнеше рет 

бауырмашылық насихат жасаған болсам, ал, қазір сол 

кезде айтылмай қалып, іште жиналған тұстарды осы 

араб жазушысы Әли ат-Тантави-дің «Йа, бинти!» (Әй, 

қызым!) атты туындысын аудару арқылы, әуелі өзіме, 

кейін сіздерге насихат болсын деп қағаз бетімен 

жеткізудемін.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

О, қызым менің, мен жасы 50-ге тартқан ер 



кісімін. Менің жастығым өткен, мен оның 

ләззатымен, қызық-думанымен қоштастым. 

Содан кейін мен біршама елдерді араладым. 

Әр түрлі адамдармен таныстым және бұл 

әлемнің көптеген дүниелерін  таныдым. Енді, 

менің өмірлік сабақтарымнан түйген, 

айналаңдағы жандардан ести бермейтін 

шынайы да, ашық әңгімелеріме құлақ түр. 

Біз көптеген кітаптар жаздық, адамдардың 

күнәләрі мен нәпсісін тыюға, пейілдерін түзеуге  

әрекеттер жасадық. Алайда, біздің күш 

жігеріміз бізді толық жеңіске жеткізе алмады. 

Біз әлі күнге дейін зұлымдық жасаймыз, ал ол 

болса, Исламға жат дүниелердің таралуына 

алып келеді. Жалаңаштануға тырысу, өзін және 

өзінің сұлулығын көпшілікке көрсетуге деген 

құштарлық күннен-күнге артып келе жатыр. 

Бұндай идеяны жақтаушылар шеңбері ұлғаюда. 

Осылайша, бұл дерт шарпымаған бір де бір 

Ислам елі қалмады. Тіпті, атам заманнан бері 

әйелдері арын сақтауға ұмтылып, 

жалаңаштанудан бас тартып, ұзын жамылғы 

киіп жүретін Шам елдері де. Бүгін де әйелдер 

қауымы қоғамға жартылай жалаңаш шығатын 

болды.  

Біз жетістікке қол жеткізе алмадық және 

алдағы уақытта да істей алмайтын секілдіміз. 



 

Білесіздер ме, неге? Себебі біз әлі күнге дейін өз-



өзімізді түзеуге тырыспадық. Біз, тіпті, қай бағытқа 

қарай қозғалуымыз керек екенін де білмейміз. 

Бірақ, шешім дәл алдыңда, қызым, бәрі өзіңнің 

қолыңда. Қашан осыған сеніп, түзелуге бет 

бұрасың, сонда ғана қоғамның жағдайы 

жақсармақ. 

 

Әдетте, әйел адам инициатор болмайды, 



күнәға бірінші қадам жасайтын ер адам. Алайда, 

егер әйел адам келісімін бермесе, онда ер 

адам бұл жолмен жүрмесі анық. Егер әйел 

аңғал болмаса, оның құштарлығы артпайды. 

Оған сол есікті ашып беруші сенсің. Бұл жағдай 

ұрыға: «Қош келдіңіз!» деп, ұры әлденеңді ұрлай 

бастағанда: «Адамдар, көмектесіңдер, ұрлап 

жатыр!», - деп айқайлағанмен бір.    

Егер сен көптеген еркектер қасқыр 

тәріздес, және әйелдер олардың олжасы 

екенін білсең, сен де қасқырды көргендегі қой 

секілді қашар едің. Егер сен көптеген еркектер 

ұры тәріздес екенін білсең, онда сен де сараң 

ұрыны көргендегідей одан сақтанушы едің. 

Бірақ, қасқырға қойдың еті ғана қажет 

болса, еркекке сенен әлдеқайда артық нәрсе 

керек. Ал, одан алынған зұлымдық саған 

қойдың өлімінен де жаманырақ. Ол сендегі ең 

бағаласын алып кетпек. Яғни, ол кез-келген 

әйелді асқақтататын, оның абыройын 




 

биіктететін, өмірінің негізі болып саналатын 



сенің пәктігің. Еркектің қыздың пәктігін құртуы 

– қасқыр шапқан қойдың өлімінен жүз есе 

бетер. 

Алла атымен ант етемін, қыз балаға қарап 

тұрып, оны жалаңаш елестете отырып, көзімен 

шешіндірмейтін бір де бір еркек жоқ. Алла 

атымен екінші рет ант етемін, ешқашан 

еркектердің жақсы ниетпен араласып, жақын 

досыңдай көріп, сенен тек пейілі иен тәрбиесі 

ғана керек дегеніне сенбеу керек. Бұның бәрі 

жалған. 

Егер сен жас жігіттердің өзара әңгімесін 

естісең, зәрең қашар еді. Олардың 

жанарларындағы кез-келген күлкі және саған 

айтқан жылы сөздері, кез-келген саған 

көрсеткен қызметі, басқа емес қалауына 

жетудің әзірлігі немесе өздері де соны 

түсінбестен, соған қарай қадам басуы.

 

Бірақ, одан кейін не болмақ? Әрі қарай 



ше, қызым менің? Ойланып көр. Өткінші 

ләззаттан кейін ол жай ғана сені ұмытып кетеді. 

Ал, сен жалғыздықта бармақ тістеп қаласың.

 

Аз ғана уақыт өткен соң, ол арын алу үшін 



басқа жеңілтек қыз іздеп кетеді. Одан соң барлық 

қиындық саған артылады: жүктіліктің ауырлығы, 

ішкі мазасыздық және төгілген арың. 

Әділетсіз қоғам еркекті «жас жігіт қателесті, 




 

қатесін түсінді», деп кешіреді. Алайда олар сені 



ақтап алмайды. Сен солай бар өміріңді осы саған 

қойылған таңбамен, масқарамен өткізесің.  

 

Егер сен алғашқы кездесуде-ақ өзіңнің 



қаталдығыңды көрсетіп, одан жанарыңды алып, 

ақылдылығыңды көрсетсең, онда ол бұл 

кедергіден өте алмас еді. Егер де дегенмен сенің 

қарсылығыңа қарамастан, оған дейін барып, саған 

сөзімен немесе ісімен қол сұғатын болса, онда 

аяқ киіміңді шешіп, оның басына лақтыр. Көресің, 

одан кейін әрбір қасыңнан өткен адам сені одан 

қорғап, сенің жағыңа шығатын болады. Бұндай 

жағдайда ешбір бұзақының саған арамдық 

жасауға батылы бармайды, ал егер ол әділ, игі 

жан болса, онда өкініп, сенің қолыңды рұқсат 

етілген жолмен сұрауға келер еді.   

 

Қоғамдағы орнына, байлығына, атағына, 



құрметіне қарамастан ешбір әйел өзінің 

ошағын құрметтеуші, сақтаушы игі жар болып, 

тұрмыс құрмай өзінің аңсаған арманына жете 

алмайды. Бұнда барлық әйелдер тең: 

депуттатар, бастықтар, танымал голливуд 

жұлдыздары және қыздарды адастыратын 

көптеген қастерлеушілер. Мысыр мен Шамда 

тұратын екі ересек әйелді білемін. Олар шын 

мәнінде тәрбиелі, өте бай және атақты болды, 

бірақ олар тұрмысқа шыға алмады. Өмірінің 

соңында екі әйел де өз естерінен алжасты...

 



10 

 

Неке - бұл қыздың ең үлкен қалауы, тіпті, ол 



парламенттің мүшесі немесе билік иесі болса да. Бұл 

ретте күнәкар, бұзылған әйелге ешкім үйленгісі 

келмейді. 

Кейде пәк қызды еркек үйленуге уәде 

беріп, басын айналдыратын кездер де болады. 

Егер ол оған күнә істе жауап қайтаратын болса, 

онда қалағанын алғаннан кейін оны тастап 

кетеді де, кейін өзіне жар етіп басқа пәк қызды 

алады, себебі ол үйінің иесі және қыздарының 

анасы азғын әйел болғанын қаламайды.

 

  Қолындағы ойыншыққа айналатын өзінің 



сұлулығымен табанының астында жарқырап жататын 

«ләззат базарынан» тауарды, сондай-ақ өзінің 

құмарлығын қандыратын ақымақ күнәкарды 

іздеуші,... азғын, күнәкар еркек сонда да тек Ислам 

ережелерімен жүретін қызға үйленгісі келеді. 

Отбасы құруға деген сұраныстың азаюы 

сіздер, қыздарға байланысты екені анық. Егер 

араларыңызда жеңіл ойлы қыздар болмағанда, 

неке институты бұрынғыша өзекті болар еді, 

және «ләззат базарындағы» сауда кең тарамас 

еді... 

 Неге үміт үздіңіздер? Неге ізгі ниетті 

қыздар бұл мәселемен күреспейді? Біз 

еркектерге қарағанда, сіздер бұл іске сай 

келесіздер ғой, сондай-ақ, жақсы нәтижелерге 



11 

 

қол жеткізе аласыздар, себебі сіздер 



әйелдердің тілін жақсы түсінесіздер және 

қажетті дүниені түсіндіруді білесіздер.

 

Бүгінгі күні Шам елдерінің әрбір үйдің 



қыздары өздеріне жар таба алмай жүр, себебі 

жас жігіттерде дос қыздарының арасында 

нәпсісінің қажеттіліктерін өтеп, әйелдің орнын 

баса алатындары бар. Әрбір елде осындай 

жағдай орын алуда деп ойлаймын... 

Білімді қыздардың басын қосыңыз, 

үйретіңіз, адасқан әпкелеріңізді дұрыс өмір 

салтына шақыру, сондай-ақ Құдайдың жазасын 

алу қаупін түсіндіру мақсатында Ислам жолында 

жүрген жандардан өзіңіз де сол нәрсеге 

үйреніңіз. 

Егер олар күнә жасаудан қорықпаса, 

онда оларға бұл некесіз қатынас кесірінен 

тиетін аурулар жайында айтып беріңіз. Егер ол 

да әсер етпесе, өмірінің болашағы туралы 

айтыңыз: 

«Бүгін сіз жассыз, әдемісіз, сол себепті 

сізге ер адамдар назарын аударып, көз салады, 

бірақ бұның бәрі мәңгі ме? Әлде сіз жастық пен 

сұлулықтың келмеске кететінін білмейсіз бе? Сізге 

де қарттық келіп, омыртқаңыз қисайып, 

бетіңізге әжім түскенде не болады? Ол кезде 

кімге керек боласыз?! Сізге кім қызығатын 

болады?! Сіз егде жастағы әйелге тек 

балалары мен немерелері ғана қамқорлық 

танытып, құрмет пен күтім жасайтынын білесіз, 




12 

 

ал ол болса, ер тарапынан махаббат пен 



қамқорлыққа ерекше мұқтаж болады. Сіздер, 

өздеріңіз де алдарыңызда не күтіп тұрғанын 

түсінесіздер ғой!» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




13 

 

Али Ат−Тантави шейхының өмірінен алынған 



оқиға: 

Бірде Брюсселде көше қиылысында тұр едім... 

Кенеттен, әзер қозғалып, аяқ−қолдары кәріліктен 

қалтырап тұрған бір қарт әйелді байқадым. Ол 

жолдан өткісі келіп еді, алайда көліктер жан−жақтан 

басып кетердей зымырап жатты, және қол ұшын 

созар да ешкім болмады. Қасымдағы достарымнан 

оған жәрдем берулерін қолқаладым. Жанымызда 

Брюсселде 40 жылдан артық тұрған досымыз, әрі 

ұстазымыз бар еді. Ол кісі былай деді: «Білесің бе, бұл 

қарт әйел бір кездері оның жанарына бір қарап, 

жанына таяну мүмкіндігін алу үшін аяғының астына 

жығылып, бар байлығын төгуге дайын еркектерді 

еліктіретін осы елдегі алғашқы сұлу болатын. Алайда, 

уақыт өте келе оның жастығымен бірге сұлулығы да 

ғайып болды. Ал, қазір ол осы бір қарапайым сәтте 

қол ұшын созатын жан таба алмай тұр». 

  

Сенің өткінші ғана ләззатың сол 



қатынастан тапқан ауруларыңа тұрады ма? Сен 

өзіңнің жастығыңды осындай өмірге жету үшін 

сатасың ба? Сіздерге бұндай риторикалық 

сұрақтарды қоюды жалғастырмай−ақ қойсам 

болады. Өзіңіздің бақытсыз адасып жүрген 

әпкелеріңізді дұрыс жолға салу мүмкіндігіңізді 

жіберіп алмаңыз. Егер оларды ақылға шақыра 

алмасаңыз, онда [тым болмаса] ізгі қыздарды 




14 

 

бұл дерттен қорғауға тырысыңыз, 



араларыңыздағы жеңіл ойлы қыздарды бұл 

жолға түспеуін үгіттеңіз.  

 

Мен қазіргі мұсылман қыздардың бір 



сәтте толық Исламға тән бола қалуын талап 

етпеймін. Қазіргі заманда бірден өзгере салу 

мүмкін емес екенін түсінемін. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




15 

 

Али Ат-Тантави шейхының ескертпесі: 



«Түн 

 көріксіз, қараңғы, ал күн 



 ашық 


және жарқын. Жарық баяу ғана қараңғылыққа 

енеді. Тіпті, сен бұл алмасуды байқамай да 

қаласын. Бір қарағанда қозғалмайтындай 

көрінгенімен, бір екі сағатқа көңілің бөлініп 

кетсе, оның біршама жол жүріп тастағаны 

байқалады. Дәл солай адамзат та балалықтан 

жасөспірімдікке, ал әрі қарай жасөспірімдіктен 

кәрілікке ауысады. Осындай әдіспен қоғам да 

бір деңгейден екінші деңгейге өзгеруі тиіс». 

Мен күнәға ұмтылғандай, саналыққа 

ақырындап қайта келгендеріңді қалаймын. Бұл 

өзгеріс боларға дейін ұзақ өмір өтті. Лайықты еркек 

бұны байқамағанымен, басқа да журналдар оны 

насихаттайды, ал күнәһарлар қуанады. Осылайша, 

біз Ислам мен Христиан діндеріне тән емес 

жағдайға жеттік. Тарихқа үңілетін болсақ, тіпті отқа 

табынушылар да ондай жағдайларға жол бермеген, 

жануарлар да өздерін жақсырақ ұстайды. 

Бір тауықтың қасында кездескен екі әтеш оны 

қорғаштап, қызғаныштан бір−бірімен төбелеседі. 

Алайда, кейбір мұсылман еркектер өз әйелдерін 

Александрия және Бейрут жағажайларында бөтен 

көзге көрсете отырып, қызғаныш білдірмейді. Бөтен 

адамдар төс пен ұятты жерлерінен басқа; жалаңаш 

бетіне, мойнына, аяқ−қолына, бар денесіне 



16 

 

қарағанда қызғанбайды, елестетіңізші?! 



Түнгі клубтарға және той-кештерге мұсылман 

еркектер өз әйелдерін олармен билеу үшін бөтен 

ерлерге алып барады, сонымен қатар, жұптар 

төстерін тіреп, бір−бірінің белдерін ұстап, бірінің 

еріні бірінің бетіне тиіп, қолдары бар денесін 

құшақтайды. Ешкім бұған жазғырмайды! Тіпті, оқу 

орындарында да жасөспірім балалар жабылмаған 

мұсылман қызымен бірге отырады, және олардың 

«мұсылман» ата−аналары ешқайсысы бұған қарсы 

шықпайды...    

Ондай мысалдар көп, және оларды тез арада шеше 

алмаймыз. Алайда ұзақ та болса,  бізді кері кетуге 

әкелген жолдың басына қайта бара аламыз. Ұзақ 

жолға шығуға шешім қабылдай алмаған адам 

ешқашан өз деген жеріне жете алмайды емес пе? 

Менің ойымша,  күресті жыныстық қатынас 

мәселесінен бастау керек.  Әрине, егер 

жабылмаған бет-әлпеті қыздың өзіне зиянын тигізіп, 

оның адалдығына сызат түсірмесе, онда жағдай 

жеңілірек көрінер еді.   

Аралас жыныстық қатынас тақырыбына 

келетін болсақ, жағдай басқаша. Әйелдерге 

басқа ер адамдар қоғамында болуға рұқсат 

берілмейді. Оған күйеуінің досын үйінде 

қабылдауға, кездесуге, мысалы, қоғамдық 

көлікте немесе көшеде сәлем беруге тыйым 




17 

 

салынады. Қызға университеттегі 



курстастарымен қол алысуға, олармен [жеке] 

сөйлесуге, бірге жүруге және емтиханға 

дайындалуға тыйым салынады. Аллаһ Тағала 

оларды әйел және еркек етіп жаратқанын 

ұмытпауымыз керек.  

Аллаһ Тағала орнатқан нәрсені ешкім 

өзгерте алмайды, екі қарама-қарсы жынысты 

теңестіруге немесе олардың арасындағы 

[тартылыс күшін] жоюға болмайды. 

 Гендерлік теңдік пен ер мен әйел затының 

араласуын [қазіргі заманғы] мәдениет 

дейтіндер, олар екі себепке байланысты 

өтірікші болып саналады.

 

Біріншіден, олар өтірікшілер, өйткені мұндай 



үндеудің мақсаты олардың құмарлықтарын 

қанағаттандыруға, [соның ішінде] қарама-қарсы 

жыныстағы адамдарға ұнамды болуға, сондай-ақ 

көңілсіз ләззаттың басқа түрлерін табуға үміттенуге 

бағытталған. Алайда, [мұндай адамдар] мұны 

мойындауға батыл таба алмайды, сондықтан олар 

өздерінің өтініштерін осындай тұжырымдармен 

жасыруға тырысады. Бірақ, олардың [сөздерінің] 

артында ештеңе жоқ: прогресс те, мәдениет те

өнер де, ғылыми өмір де, спорттық рух та жоқ. 

[Мұның бәрі] - бос және мағынасыз сөздер. 

Екіншіден, олар өтірікші, өйткені Еуропа олар 




18 

 

үшін үлгі және шешім қабылдауда басшылық болып 



табылады. Сондықтан, олар Еуропаның мөрі бар 

нәрсенің барлығын шынайы деп таниды. Шын 

мәнінде, олардың пікірі бойынша, шындық алдаудың 

керісіншесі емес, бұл Парижден, Лондоннан, 

Берлиннен, Нью-Йорктен келеді, тіпті егер олар 

билесе, жалаңаштанса, мектептерде бірігіп білім 

алса, стадиондар мен жағажайларда жартылай 

жалаңаштанса да. [Сәйкесінше] Әл-Азхар 

университетінің, Умайяд мешітінің (Дамаскідегі) және 

Шығыстағы [Исламдық] мектептері, сонымен қатар 

[мешіттер], тіпті ақсүйектер дұрыс өмір салты, ар-ұят, 

моральдық және физикалық тазалық туралы 

айтатын нәрселерінің бәрі олар үшін адасу. 

Еуропа мен Америкада жыныстардың 

араласуына қанағаттанбайтын, оны қолайсыз деп 

санайтын көптеген отбасылар бар деп оқыдық және 

естідік. Париждің өзінде кейбір ата-аналар ересек 

қыздарының жігіттермен бірге шығуына, соның 

ішінде бірге кинотеатрға баруына рұқсат бермейді. 

Одан да таңқаларлығы - фильмде ұятсыздық пен 

әдепсіздік жоқ екенін білмейінше, олардың киноға 

өздері баруына мүмкіндік бермейді. Бірақ, өкінішке 

орай, онсыз ешқандай кинематографиялық өнерде 

де, дінде де ештеңе түсінбейтін мысырлық 

компаниялардың қандай да бір себептермен 

фильмдер деп аталатын арзан туындылары да жоқ! 

Олар жыныстық қатынас араласу жануарлық 



19 

 

құмарлығын жояды, адамгершілікті оятады және 



адамды жыныстық қызығушылықтан арылтады деп 

мәлімдейді. Бірақ менің орныма дінді ысырып тастап, 

Ислам ғалымдары мен Христиандық діни 

қызметкерлерінің пікірін тыңдамай, мысалы, 

мектептерде аралас білім беруді енгізгендерге 

жауап беруді ұсынамын. Шынында да, олар бұл 

әдет-ғұрыптың зұлымдықтарын көріп, бас тартпайды 

ма? 


Америкада да солай. Көптеген мәселелердің 

ішінде; студенттердің [некеден тыс] жүктілік санының 

көбеюі өзекті мәселе екені белгілі?! Осындай 

проблема Мысыр, Шам және басқа да Ислам 

елдерінің университеттерінде пайда болған кезінде 

кім қуанады? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




20 

 

Али Ат-Тантави шейхының ескертпесі: 



 «Америкада мектеп оқушыларына жыныстық 

қатынас сабағы үйретіліп, отқа май құюда. 

Қарапайым ақылды қызға ерлердің ұят жерлері 

туралы және олар әйелмен жалғыз қалғанда не 

істейтіндігі туралы айтады. Адамдардың кейпіндегі 

жын-перілер бізді олардан кейін қайталауға 

шақырады. Тіпті олар орта-мектеп оқушыларына 

жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектерді қолдануды 

үйретіп жатыр ».  

Мен жастарға жүгінбеймін, өйткені олар 

мені тыңдайды деп үміттенбеймін. Олар менің 

пікірімді ақымақтық деп санайтынын білемін, 

өйткені мен оларды өз пікірлері бойынша алатын 

рахаттан айырамын. 

Алайда, мен сізге жүгінемін, о, менің 

қыздарым! Менің иманды және діндар 

қыздарым! Менің адал да намысшыл қыздарым! 

Құрбан болмаңыз! Өзіңізді шайтан бағанасына 

құрбандық ретінде бағыттамаңыз! Жыныстарды 

араластырғанда, бостандық, мәдениет, 

прогресс, өнер және университет өмірі туралы 

ұрандардың артында жасырынып, сіздің 

өміріңізді «сәндейтіндердің» сөздерін 

тыңдамаңыз. Бұзылған [уағызшылардың] 

көпшілігінде әйелдері де, балалары да жоқ, ал 

оларға қажет нәрсе - бұл өткінші ләззат қана. 




21 

 

Мен жеке өзім, әке ретінде, мен сені қорғап, 



саған да, қыздарыма да жақсылық тілеймін. 

Бұл айтқан адамдардың ешқайсысы қызға 

жоғалған тазалығын қайтармайды, өзінің ар-

намысын тазартып, жоғалған қадір-қасиетін 

қалпына келтірмейді. Егер қыз [сүрініп, құлап 

кетсе], бұл адамдардың ешқайсысы келмейді, 

оған көмек қолын созбайды және оны 

балшықтан көтермейді. Алайда, бәрі сіздің 

сұлулығыңыз таусылғанша сізді іздеп тұрады. 

Бірақ бұлай болған кезде, олар еті қалмағанда 

өлексесін тастап кететін «шакал» сияқты сізден 

бас тартады!  

Саған осындай ескертуім бар, IQызым! 

Бұл шындық, сондықтан басқаларды тыңдама. 

Есіңде болсын, бақыт кілттері ерлерде емес, 

сенің қолыңда. Қаласаң, сен өзіңді түзетесің, ал 

сенің адалдығың, тәрбиең, инабатталығың бүкіл 

қоғамның жақсаруына әкеледі. Саған амандық 

пен Алланың мейірімі болсын! 

 

 



 

 

 




22 

 

Мұхамеджан ТАЗАБЕК: 



"Қыз бала ағаның ақылына, әкенің сесіне мұқтаж" 

__________ 

«Қыз бала біреудің еркелетуіне, қолдауына мұқтаж 

болып жүреді. Міне, дәл сондай уақытта, қыздың дәл бір 

ер адамның қамқорлығын қажет ететін кезінде біз 

оларды оқуға, жұмысқа, анда-мында деп алысқа жіберіп 

аламыз. Сөйтеміз де, ақырын-ақырын олармен қарым-

қатынасымыз сиреп, нәтижесінде әлгі қызымыз 

көлденең көк аттымен қол ұстасып кете барғанын 

байқамай қаламыз. Былайша айтқанда, оларға сол 

"витамин" жетіспей жатыр. Сондықтан да олар әр 

жігітпен бір сөйлесіп, соның орнын толтырып жатыр. 

«Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті» 

дегендей ғой. Мысалы, менің төрт қызым бар. Мен 

төртеуін киноға апарамын, паркта қыдыртамын. Кейде 

гүл алып беріп, күлдіртіп, кейде әкелік мысымды 

көрсетіп ұрсып та аламын. Ақылмен айтып, сөзіммен 

нұсқап, барынша түсіндіріп жүрмін. Сондықтан қызыңыз 

ағасының ақылына, әкесінің сесіне мұқтаж болып қалған 

кезде оған сол дәруменді дер кезінде бере алмай, 

қапыда қалып жүрмеңіз» 

Иә, қыз бала – ағасының намысы, әкесінің үміті. Олар – 

өте әлсіз және тез еліктегіш халық. Сондықтан ер адам 

ретінде оған бағыт-бағдар, жол көрсетіп, ақылыңызбен, 




23 

 

ісіңізбен тоқтау салып, бақылап отыру – сіздің міндетіңіз, 



құрметті аға, асқар тау әке! 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




24 

Эпилог 

Бұл әлем біздің қыздарымызды «заманауи қоғамға» сай 

болу үшін дене-бітімі белгілі бір формада, ал еріндері 

әдемі болып көріну үшін бірдей бір қалыпта болу керек 

деп үйретеді. Оларды әдемі деп айту үшін олардың 

кожасының, яғни терісінің реңі бірдей және де, көздері 

де бірдей бір түске ие болуы керек. Артық салмақты

солай да қатты арық та болмауыңыз тиіс – жай ғана 

«идеальный» болыңыз дейді. Арық болу үшін тамақ 

жемеңіз дейді. Ірі, әрі деніңіз сау болғанын қаласаңыз 

тамақ көп жеңіз дейді. Ұзын бойлылар кішкене аласа, 

ал, бойлары кішкентайлар кішкене ұзын болсам дейді. 

Шаштары мен кірпіктері ең жоғары деңгейде болуы тиіс, 

ал, сөмкелері киімдеріне үйлесімді болу керек. 

Инъекция салып, операция жасау деген нәрсе – ауырса 

да, жасай бер, қалыпты жағдай ғой дейді. Сағаттап 

мейкап жасауға уақыт құрту – ол да қалыпты жағдай, әр 

апта сайын сізге ұнамайтын 100 селфи жасап, Инстаға 

сурет қойып және әр айда мыңдаған ақшаны әшекей-

бұйымдарға құрту да қалыпты жағдай болу керек деп 

үгіттейді. 

Менің көкейімдегі сұрақ – осы нәрсеге осыншама уақыт 

пен күш жұмсасақ та, неге айнадағы түріміз өзімізге әлі 



25 

 

де ұнамайды? Неге адамдар бізді қандай болсақ, сондай 



кейіпте қабылдамайды? Және де неге адамдар 

ешнәрсеге қарамастан, өздерін бақытсыз сезінеді?  

 

Әпке-қарындастар! Аллаһ және Оның Елшісі (салаЛлаһу 



ъаләйһи уәс-сәләм) сіздерден тек бір ғана нәрсені 

әсемдеуді талап етеді, және ол нәрсе сіздердің 

жүректеріңіз. Сіз сол нәрсеге қол жеткізген кезіңізде, 

сіз өзіңізді ешнәрсеге қарамастан, жақсы көре 

бастайсыз, адамдардың сіз жайында не айтып жатқаны 

қызықсыз болады. Аллаһ разы болу үшін сізге 

сыртыңызды сылап, бет-әлпетіңізді ота жасау арқылы 

өзгертіп керек емес. Ол сізден тек, шынайы 

болғаныңызды қалайды. Фатима (радыйя-Ллаһу ъанһа) 

анамызды бір де бір көз көрмеді, соған қарамастан ол 

ең құрметті, сыйлы да, сүйікті әйел болған.

 

 



 

 

 



 

 


26 

 

Егер де сізге бұл кітапты оқу қызық болып және оның 



сізге пайдасы тисе, онда, мені Инстаграм желісінде 

Stories-тарыңызға салып, немесе осы кітаптан алған 

әсеріңіз жайлы пост жазсаңыз мен өте риза болып 

қаламын. Себебі Алғыс айту - ол да бір валюта. Ең сирек 

және ең бағалы. 

 

 



 

 

 



Document Outline

  • Али Ат−Тантави шейхының өмірінен алынған оқиға:
  • Бірде Брюсселде көше қиылысында тұр едім... Кенеттен, әзер қозғалып, аяқ−қолдары кәріліктен қалтырап тұрған бір қарт әйелді байқадым. Ол жолдан өткісі келіп еді, алайда көліктер жан−жақтан басып кетердей зымырап жатты, және қол ұшын созар да ешкім бол...


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет