Ішектегі ас қорытудың реттелуі. Ішектегі ас қорытудың, бірінші кезеңі, тамақтың әсерінен ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Бұл кезеңде ферменттерге бай аздаған мөлшерде ұйқы безінің сөлі ішекке құйылады. Екінші кезеңі, қарын сөлінің бөлінуіне байланысты туады. Қарынның хеморецепторларының тітіркенуі кезеген нерв арқылы ас қорыту орталығына баратын импульстерді тудырады. Ас қорыту орталығынан қозу ащы ішекке, ұйқы безіне және бауырға келеді. Ас қоймалжыңының қарыннан ішекке өтуіне байланысты ұйқы безі көптеп сөл өндіре бастайды.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғарғы орталық – мидың гипоталамус бөлігі. Оның хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бүлінуі тойымсыздықты (көбінесе кәрі адам-дарда) тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орыны – ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импульстері келіп отырады. Мұны дәлелдейтін жағдай – тамақтың иісіне, тағамның аттарына, тамақ жайында әңгімелескенде шартты рефлекстер пайда болады.
Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы. Сәби баланың тұрақты тістері бірнеше жылдар бойы сүт тістерінің астында болатындықтан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің мөліметі бойынша қазіргі кезде балалардың ХО-90 %-ның тістері үнемі емдеп жүруді қажет ететін корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің осері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең гүрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын іиымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор мен фтор және витаминдердің мөлшерін геңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге корсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бүзылудан сақтайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін оте суық тағамдарды жеу оте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жаруға балаларға рүқсат етпеу керек.