Асқорыту жүйесінің жастық ерекшелігі



бет8/8
Дата21.04.2023
өлшемі31,89 Kb.
#85116
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
асқорыту жүйесі лекц

Қорытынды:
Педагогтер ас қорыту мүшелерінің жүйке жүйесінің бақылауында екенін үмытпауы керек. Күнделікті өмір жағдайларына байланысты балаларда тамақтануға, әсіресе мезгілінде тамақ ішіп-жеуге байланысты шартты рефлекстер көптеп пайда болады. Үйреншікті уақытта қарын сөлі боліне бастайды. Сондықтан күнделікті тамақтану кестесін бүзуға болмайды. Бұл талапты орындау үшін түскі тамақты ішетін кезде оқу-тәрбие жұмысын тоқтатқан жөн. Астың дұрыс қорытылуына дастарханды жаю тәртібі де маңызды: тамақтың жағымды иісі, түрі, ас ішетін орынның маңайының тазалығы т. б. көп әсер етеді.
Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу – өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы – қоректік заттар – организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.
Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ түйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жүтыну орталығын қоздырады. Жүтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген және тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нәтижесінде ас қоймалжыңы өңешке өтеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009.

  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет