Аспаптар туралы жалпы мәліметтер және олардың жіктелуі


Электр-динамикалық жүйелі аспаптар



бет4/4
Дата15.11.2023
өлшемі269,88 Kb.
#124048
1   2   3   4
Байланысты:
10 дәріс (1)

Электр-динамикалық жүйелі аспаптар



Электр-динамикалық жүйе аспаптары тұрақты және айнымалы тізбектердегі кернеуді, токты, қуатты өлшеуге қолданылады. Электр-динамикалык аспаптардың жұмысы тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуіне негізделген. Аспап саны аз жуан сым-орамдары бар қозғалмайтын орауыш 1 (53-сурет) мен жіңішке сым дардан жасалынған, көп орамдары бар, қозғалмайтын орауштың ішінде орналасқан қозғалмалы орауыштан 2 тұрады. Қозғалмалы орауштың осіне нұскама тіл 5 пен серіппелер 4 бекітілген. Серіппелер арқылы орауышқа ток беріледі және қарсы әсер етуші мо­мент тудырылады. Нұсқама тілдің төменгі ұшы ауалық тынышталдырғыштың поршені (3) болып келеді. Аспаптың сыртқы магнит өрістеріне сезімтал болатындығына байланысты бұл жүйеде магниттік тынышталдырғышты қолдануға болмайды.
Аспапты тізбекке қосқанда ток орауыштар арқылы өтіп пайда болған магнит өрістері электр-динамикалық күш туғызады. Электр-динамикалық күш қозғалмалы күш қозғалмалы жүйені екі орауыштың магнит өрістерінің бағыттары бірдей болғанша бұруға тырысады. Егер орауыштардан өтетін токтар бірдей болса, онда орауыш­тардың өзара әрекет күші (айналмалы момент те) ток квадратына пропорционал болады: Ғ — кІ2. Сондықтан электр-динамикалық амперметрлердің шкалалары біркелкі болмайды.

53 Сурет – Электр-динамикалықжүйе аспабының құрылысы


Аспапты айнымалы ток электр желісіне қосқан кезде айналдыру моментінің бағыты өзгермейді, өйткені екі орауышта да токтың бағыты бірдей өзгереді. Айнымалы ток тізбектерінде бұл аспаптар жүйесі өлшенетін шаманың әсер етуші мәнін көрсетеді.
Аспаппен кернеуді өлшегенде қозғалатын және қозғалмайтын орауыштарды тізбектеп қосады. Мұндай қосылуды аз мөлшерлі токтарды өлшеу үшін де қолданады (0,5 А дейін). Мөлшері үлкен токтарды өлшеу үшін аспап орауыштарын параллель қосу керек. Қуатты өлшерде қозғалмайтын орауышты тізбектеп, ал қозғалатын орауышты параллель қосады. Соңғы қосылыста қозғалмайтын орауыш арқылы жүктеме тогы өтсе, ал қозғалатын орауыш арқылы жүктеме кернеуіне пропорционал ток өтеді. Ол қуатқа жүктеме тұтынатын пропорционал айналмалы момент тудырады (Р=UI). Осы себепке байланысты электр-динамикалық ваттметрлердің шкаласы біркелкі болады.
Электр-динамикалық аспаптардың артықшылықтары — айны­малы және тұрақты ток тізбектерде өлшеулер жүргізуге жарамдығы, кернеу, ток немесе қуатты өлшеуге болатындығы, жоғары дәлдігі, шкала біркелкілігі (ваттметрлерде). Кемшіліктері — салыс­тырмалы үлкен қуат тұтынуы (токтар мен кернеулерді өлшеген кезде), сырткы магнит өрістеріне және артық жүк түсуіне сезімталдығы, бағасының қымбаттылығы.
Болат өзекшелі электр-динамикалық аспаптарды ферродинами-калық деп атайды. Бірақ та болатты қолдану аспап дәлдігін төмендетеді. Бұл жерде оған гистерезис пен құйын тогы әсер етеді. Сондықтан ферродинамикалық жүйе аспаптары дәлдікті керек ететін өлшеулерге жарамайды. Олар негізінен тіркегіш аспаптарда және қалкандық ваттметрлерінде қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет