Ассамблея бүкіл азаматтардың



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата16.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4218
1   2   3   4   5

3

Жайық ұстазы

26 ақпан, 2015 ж.

ізденіс. ШЫҒАрмАШЫлЫҚ. тӘЖіриБе.

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өз 

баяндамасында  «Біз  күдіктенбейтін  жаңа  білім 

мен  жаңа  технологияның  пайда  болуы,  даму 

жүйесінің  басты  бағыттарының  айқындалуы 

ХХІ ғасырға білім ғасыры деген анықтама беруге 

мүмкіндік береді» деген болатын.

Яғни,  қазіргі  кезеңде  бұрынғы  таптаурын 

болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда 

ұйымдастыру  және  жаңа  технологияны 

пайдалана  отырып  түрлендіру  –  өмір  талабы. 

Өйткені  бүгінгі  қоғамдағы  өзгерістермен  бірге 

мектепке  оның  білім  беру  жүйесі  де,  тіпті 

оқушылардың  сабақты  қабылдауы  да  басқаша 

десек қателеспейміз. Заман ағымына ілесу, тіпті 

алғы  күнмен  өмір  сүру-  барлық  ұстаздардың 

басты қасиеттерінің бірі. 

Қазіргі  күні  мектеп  бағдарламаларында 

мұғалім  балаға  білім,  білік,  дағды  беріп  қана 

қоймай,  ақыл-ойын,  қабілетін  дамытуды,  оқи 

алуға  үйрету  керек  деген  міндеттер  қояды. 

Психологиялық,  әдістемелік  әдебиеттерде  бұл 

«дамыта оқыту» деп аталады.

1-кезең: Қызығушылықты ояту. Үйрету процесі  

бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан 

тұрады.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді 

өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен 

толықтырады, кеңейте түседі.

Бұл кезеңде  мен «Ой ашар», «Топтау», «Түртіп 

алу», «Болжау» т.б әдістерді тиімді пайдаланамын. 

Мысал келтіре кетейін: 6 «а» form.   

Does it belong?  Read the word at the top of each 

box. Circle the word that go with it. 

1. Fruit


banana       carrot

bread        lemon

peach    apple

3 Sport


movie       football       

baseball      tennis

soccer         skiing

Try  this  think  about  it.  Look  at  the  words  you 

didn’t circle. Tell why they don’t belong to that group.  

Топтау  әдісі  арқылы  оқушылар  өздері 

мәтін  құрып,  оны  айтып  беруге  дағдыланады, 

оқушылардың  монологтық  сөйлеу  қабілеті 

дамиды. Оқушылардың сөздік қоры көбейеді.

 2- кезең. Мағынаны тану  

Бұл кезеңде екінші  үйренуші жаңа ақпаратпен 

танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді, 

тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс 

жасап,  белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады. 

Мен  өлең,  т.б.  әдістері  пайдаланамын.    Мысал 

ретінде  INSERT әдісін келтіре кетейін: ол бойынша 

оқушыға  оқу,  тақырыппен  танысу  барысында 

белгілерді  қойып  отырып  оқу  тапсырылады.  IN-

SERT – оқығанын түсінуге, өз бетімен басшылық 

етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. 

The theme  The main airports of London in the 

10th form 

                   INSERT

What I have known.  Heathrow, Gatwick and St-

ansted are the main airports in London 

What I didn’t know -1000 aircrafts a day land and 

take off.

It’s new for me +  There are many robbies

What I’d like to know? 

- About sights  of  London

- About great parks

3-кезең:  Ой  толғаныс.  Күнделікті  оқу 

процесінде оқушының толғанысын үйымдастыру, 

өзіне  сын  көзбен  қарау,  баға  беру  назардан  тыс 

қалып  жатады.  Одан  гөрі  үйге  тапсырма  беру, 

оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт 

жіберіп  аламыз.  Өз  тәжірибемде  ой  толғаныс 

кезеңінде  толғануды  тиімді  етуге  лайықталған 

«Венн  диаграммасы»  ,  «Семантикалық  карта», 

«Т  кестесі»  сияқты  стратегиялар  әр  сабақтың 

ерекшелігіне байланысты қолданылады. 

Мысалы:  6-шы  сыныптарда  “London” 

тақырыбын  өткенде,  “Venn  Diagramm”  –  сын 

сабақты  қорытындылауға  қолданамын.  Немесе  

өткен тақырыпты пысықтау “Cluster” құрамыз.

Осылай  өз  сабағымда  әр  түрлі  әдістерді 

пайдалануға  тырысамын,  текқана  сабақта  емес, 

сыныптан тыс жұмыстарда да пайдаланған тиімді 

.  «Білекке  сенер  заманда-  ешкімге  есе  бермедік. 

Білімге  сенер  заманда  -  қапы  қалып  жүрмейік»- 

деп, Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің 

болашағы  бүгінгіден  де  нұрлы  болуына  ықпал 

етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш 

тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.

Б.тулеушова,

М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру 

мектеп-интернаты

Ағылшын тілін 

оқытудағы жаңа әдістер

4. Clothes

dress     sock

nut        hat

skirt     robe

2 Toys


doll         yo-yo

ruler      belt

ball        top

9  

с а н ы н ы ң   қ ұ р а м ы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  9 санының  

құрамымен  таныстыру; Оларға 9 көлеміндегі  

қосу,  азайту  амалдарын  орындату; Оқушыларды  

алғырлыққа,  тапқырлыққа  тәрбиелеу.



Сабақ түрі:  жаңа  сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ауызша,  жазбаша,  

сұрақ-жауап.



Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару.

Психологиялық  дайындық. 

Кел   ортаға  шығайық, 

Шеңбер  жасап  тұрайық.

Ақпыз,  сары,   қарамыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Бірлік  болмай,  тірлік  болмас.

Қайталау:  а) Балалар, 9  саны  туралы  не  

білеміз? 3, 5, 7, 9  қасиетті  сандар.

9 құмалақ 9 мамыр 9 құмалақ – ұлттық ойын 9 

мамыр -  Жеңіс  күн   

ә)  Сөзжұмбақ.   

1-Қыстың  бірінші  айы        /қаңтар/

2-Кішкене  ғана  бойы  бар,  айналдырып   

киген  тоны  бар. /қой/

3-Одан балтаның  сабы жасалады /ағаш

4-Сөз  неге  бөлінеді?    /буын/ 

5-Оқушы  құралы. /сызғыш/ 

Жаңа  сабақ. Ал,  қанекей,  балалар, 

Бері  таман  қараңдар,

Жаңа  сабақ  бастайық. 

Есептерді  қиналмай,

Лезде  шешіп  тастайық.

9 – санының  құрамы? 9         9       9      9

1. Үйлерге  орналастыр. 2. Дәптермен  жұмыс. 

№4. Суреттер  бойынша  өрнектер  құрастыр,  

өрнектердің  мәндерін  тап.

3. Кім  шапшаң? Ойыны.   

Аулада  5  үйрек,     Табақта  5 өрік,                                                         

Қорада  3  үйрек.      Қолымда  4 өрік.                                                                 

1 үйрек  тығылды,    Қосқанда  барлығын                                            

1  үйрек  жығылды. Болады  неше  өрік? /9/     

Қалғаны  неше  үйрек?  /6/  

Көлден  ұшты  7  қаз,

Қайтып  қонды  2  қаз.

Қонады  оның  нешеуі,

Қәне,  кім  шешеді? /5/

4).  Математикалық  диктант. 

1,2,3,4,5,6,7,8,9                                                                                                          

9,8,7,6,5,4,3,2,1

1+8=         8+1=     2+7=    7+2=

5) Кім 9 санына  санамақ айтып  береді?

Қорытынды. 



Үміт Халина, 

И.тайманов атындағы  негізгі 

мектептің бастауыш сынып мұғалімі 

Ақжайық ауданы

Мақсаты: 

Қадыр 


Мырза-Әлінің 

шығармашылығымен 

таныстырып, 

шығармаларын 

түсініп 

оқуға 


үйрету; 

Ақынның  өлең,    шығармаларын  оқуға 

қызығушылықтарын  ояту;  Қазақтың  ұлы 

тұлғаларын құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі:  Қадыр  Мырза  Әлінің 

портреті, нақыл сөздері, кітаптар көрмесі.



Барысы:  Сәлеметсіздер  ме,  құрметті 

оқушылар,  ұстаздар  қонақтар!  Қазақ 

СССР 

Мемлекеттік 



сыйлығының 

лауре аты, 

Қазақстан 

Ленин 


комсомолы  сыйлығының  лауреаты 

марқұм  Қадыр  Мырза  Әлінің  құрметіне 

арналған  «Қадырдың  қадірлі  жырлары» 

тақырыбындағы шарамызға қош келдіңіз!



Категориялық топтастыру:

Қадыр  Мырза  Әлі  кім?  –  Не  істеді?  – 

Несімен тарихта қалды?

-  «Адам  жылап  туады,  жатады  жұрт 

жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны  туа  сап,  -  жамандар  бар 

қинайтын,

Жылайтыны  өлерде,  -  жақсылар  бар 

қимайтын»-деп,  өзіне  тән  өзгеше  мазмұнмен 

жырлай  алатын  Қадырдың  қадірі  – 

мықтылығында.  Егер  тірі  болма,  биылғы  5 

қаңтарда Қадыр атамыз 80 жасқа толар еді.

«Атамекен»  әнінің  сөзін  Қадыр  ақын 

жазған еді, тыңдайық.

-  Әрбір  шын  мәніндегі  суреткер  секілді 

Қадырдың  кешегі  жырлары  –  Адамның 

тіршілігі,  тағдыры,  адамгершілігі  туралы 

болатын.  Ол  қазақ  даласының  образын 

қайталанбастай етіп ерекше жырлаған еді.

Мысалы: «Ой орманында»

Уа, дала! Кеңдігіңе тамсандым көп,

Айта  аламын  бәрін  жазып  тауса  алдым 

деп.


Сен – алып палстинка дөңгеленген,

Инең  боп  тұрады  ылғи  ән  салғым  кеп!  – 

деп, осынау шетсіз-шексіз кең даламызды мол 

шабытпен,  көкірегін  кере,  мақтана  жырласа, 

келесі  «Қызыл  кітап»  жырын  өкінішпен, 

ұяла  жырлайды.  Бұл  шығармадан  үзіндіні 

балалармыздың орындауында тыңдайық.

Қызыл кітап.

Таза ауаға кешегі кім шанады?

Түтін, тұман аспанды тұмшалады.

Кір шалады қанатын аққулардың,

Соны ойласаң көңілді кір шалады, - деп 14 

шумақты 14 оқушы мәнерлеп оқиды...

Қадыр Мырза Әлінің:

«Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз  қазақ  -  домбыра»-деп,  «Домбыра» 

өлеңінде  жырлағанындай,  қандай  өлеңдерін 

алсақ  та,  мағына-мазмұны  жаңарып,  жаңа 

қырынан  көріне  береді.  Ал  енді  домбырамен 

айтылатын  «Қазақтарды  шетелдік  қонақтарға 

таныстыру» шығармасын тыңдайық.



Үнтаспадан жырды тыңдату.

Сергіту сәті: «Санамақ»

1 дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

2 деген – Елім,

Далам, тауым, көлім.

3 дегенім – Үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім – Бақыт,

Бағалайтын уақыт.

6 деген – Ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 деген – Жалау,

Жүректегі алау.

8 деген – Сөзің,

Серт беретін кезің.

9 деген – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім – Отан,

Қорға соны, Ботам!

- Осы санамақтан нені байқадыңыздар? Иә, 

бұл  балаларға  арналған  өлең.  Қадыр  атамыз 

балаларға да арнап өлең, шығармалар жазған. 

(Кітаптар  көрмесінен  балалар  кітаптарын 

көрсету)

Өлеңдерін 

тыңдайық. 

(Балаларға 

ақынның  «Өмірдің  өзі  қызық-ақ»,  «Шығар», 

«Сағат»,  «Тамаша  таң»,  «О  туған  жер», 

«Анама», «Бота» өлеңдері тыңдалады.)

«Апам  үшін»  өлеңін  Аружан  мен 

Бибінұрдың орындауында тыңдайық.

-  Балаларға  арналған  өлеңдері  қандай 

тақырыпта болса да түсінікті, жеңіл сөздерімен 

шынайылықты, әдемілікті суреттейді.



тағыда 

күрделі 

санамақ 

түрін 

тыңдаңыздар.

1.  Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

Сенбесеңіз қараңыз,

Бір ғана бас, бір ауыз.

Кім байқады, кім сезді,

Мықты жандар бір сөзді.

Жалғап тұрған жұртыңды,

Бәрімізде бір кіндік.

2. Жаратқанның бергені:

Екі көзім бар менің,

Екі құлақ, қалқиып,

Айтқан сөзді ал құйып.

Жоқ ешкімнің ортағы,

Екі бүйрек бар тағы.

Жүгің болса кет үйіп,

Көтереді екі иық.

Жүру қандай оңай-ақ,

Бар болғаны – екі аяқ.

Екі қолың – қос қару,

Керек дұрыс басқару.

3. Күймесі бар 3 аттың,

Үш аяғы ошақтың.

Шідер деген кісенің,

Үш аяққа түседі.

Теңіз деген өлкенің,

Үш бұрышты желкені.

Жол бойында, ел білер,

Үш бұрышты белгілер.

Үш бұрышты тұмар да,

Тегін емес бұлар да.

Ер кезегі үш қайта,

Содан кейін күш қайтар.

4. Арбаларда жөн бөлек,

Оларда 4 дөңгелек.

Туралай тарт, бұлтарма,

Төрт тұяқ бар тұлпарда.

Төрт бұрышты орамал,

Төрт қабырға қоралар.

Бір жылда 4 маусым бар,

Бәрінде де саусыңдар.

Төрт түлік мал-дәулетің,

Оған ие – әулетің,

Бәрін шешіп тәмамдар.

(Осылайша 

балалар 


танымын 

арттырарлықтай әсерлі 10 санамақ оқылады.)

Ал енді, Қадыр атамыздың жазған кейбір 

нақыл  сөздерін  оқып,  түсінейік.  (Тақтадан 

оқытып, мағынасын айтқызу)

«Қарағым, түзде деме, үйде деме,

Үлкендер сөйлегенде кимелеме.»

«Беталды сөйлеп, сүйреңдеп,

Біреуді алдап үйренбе!» (Өтірікке, бейпіл, 

артық  сөйлеуге  әуестенбе,  халқымыздың 

«Өтірік өрге баспас» деген нақылымен астасып 

жатқандай)

«Жөн-жобаны білер текті,

Мазақтама  мүгедекті»  (Мүгедек,  қарт 

адамдарға күлме, «Күлме досқа, келер басқа» 

деген мақалға ұқсас.)

Қадыр Мырза Әлінің жазған жұмбақтарын 

оқып, шешуін табайық.

Қадыр атамыздың жазып, берген батасын 

тыңдайық.

Балам, озық өрен бол,

Қыз көзіндей терең бол.

Мінеді ме? Құлақ сал.

Мақтады ма? Керең бол!

Әділдікке жуық бол,

Әлжуаздау туыпты ол.

Күншуақтай жылы бол,

Көк сүңгідей суық бол!

Кенен ойға ұзын бол,

Қызыл тілге қысқа бол!

Өз ұлыңнан төмен бол,

Өз әкеңнен биік бол!

Әумин!

- Қорыта келе айтарым, балалар әдебиетінің 



көрнекті  өкілі  Қадыр  Мырза  Әлі  жазған 

шығармаларындағы  басты  міндеттердің  бірі 

–  адамдықтың  асыл  қасиеттерін  санамызға 

ұялатып,  жаны  таза  адам  тәрбиелеу  болып 

табылады.  Сондықтан  да  Қадыр  атаның 

өлеңдерін, нақылдарын, әңгімелерін күнделікті 

оқиық.

Моншақ Жанұзақова,

Батурин ЖББОМ бастауыш 

сынып мұғалімі,

Зеленов ауданы

Жерлес ақындар шығармаларын оқыту

Қ

а д ы р д

ы ң   қ а д

і рл і 

ж ы рл а

р ы

о

т

ғ

ы

з


«менің құқықтарым»

В  каждой  душе  слово  живет,  светится, 

как  звезда  в  небе,  и,  как  звезда  гаснет,  когда 

оно,  закончив  свой  жизненный  путь,  слетит 

с  наших  губ.  Тогда  сила  этого  слова,  как  свет 

погасшей звезды, летит к человеку на его путях 

в пространстве и времени.  Человека нет, а слово 

его остается и летит из поколения в поколения, 

как свет угасшей звезды во вселенной.  

Писать о Кожахметовой  Кларе  Жантуриевне  

одновременно и легко, и сложно. Легко – потому,  

что это Имя,  знакомое каждому педагогу. Сложно, 

ибо  это  Личность,  многогранная,  масштабная, 

величие  которой  нельзя  не  измерить  и  не 

определить. Сказать, что это известный ученый-

исследователь,  внесший  неоценимый  вклад  в 

науку, значит, не сказать ничего…

Она  одна  из  тех  уникальных  педагогов, 

которые  совмещают  в  себе  огромный 

преподавательский  опыт,  громадный  объем 

знаний  и  по-настоящему  творческое,  душевное 

отношение к самому процессу обучения.

Про таких людей говорят, что они работают, 

отдавая делу всего себя.

Исключительное  трудолюбие,  бесконечная 

преданность  своему  делу,  творческий  поиск, 

искренняя  любовь  к    людям  -  все  это  присуще 

Кожахметовой  Кларе Жантуриевне.

Клара Жантуриевна  родилась 11 марта 1951 

года  в  поселке  Ащесай  Чингирлауского  района 

Западно-Казахстанской  области.  В  1974  году 

окончила  Уральский  педагогический  институт 

им.  А.С.Пушкина,  естественно-географический 

факультет,  по  специальности  «Учитель  химии 

и  биологии».  Трудовую  деятельность  начинала 

учительницей сельской школы. Она - настоящий  

самородок, доказавший всей своей жизнью, что 

в судьбе ученого есть ценности, которые выше и 

важнее почестей и славы.

Она  прошла    нелегкий  жизненный 

путь, 

развивая 



свой 

талант, 


обладая 

необыкновенной 

работоспособностью, 

жаждой  знания,  непрерывным  стремлением  к 

самосовершенствованию.  Она  была  прекрасно 

образованна  и  начитанна.  Любила  и  ценила 

поэзию.  Но  главной  ее  привязанностью  были 

люди.


  С 1983–2003 гг. работала в Республиканском 

институте 

повышения 

квалификации 

руководящих  и  научно-педагогических  кадров 

системы  образования  (РИПКСО)  методистом, 

заведующей 

лабораторией 

этнопедагогики 

и    кафедрой  педагогики.  В  1985-1988  гг.  – 

аспирантура,  в  1994-1996  гг.  –  докторантура 

КазНПУ  им.  Абая.  В  2002-2004  гг.  работала  на 

кафедре педагогики КазНУ им. Аль-Фараби.

С  2003-2005  гг.  –  директор  Научно-

исследовательского 

института 

проблем 

воспитания  Казахской  Академии  Образования 

им. Ы.Алтынсарина. В 2005 – 2010 гг. работала 

проректором  по  науке  и  международным 

связям  Казахского  государственного  женского 

педагогического    университета.  В  2010-2011 

гг.–  стипендиат    международной  программы 

Президента  Республики  Казахстан  «Болашақ». 

С  2011  года    –  профессор  кафедры  общей  и 

этнической  педагогики  и  директор  Центра 

этнопедагогики 

и 

этнопсихологии 



им. 

Т.Тажибаева.

К.Ж.Кожахметова  известна  в  научных 

педагогических кругах Казахстана и зарубежья 

как  ведущий  ученый  в  области  этнической 

педагогики, 

разработавший 

теоретико-

методологические  основы  этнопедагогики 

и  обосновавший  ее  место  в  системе  наук  о 

человеке,  как  основатель  нового  направления  – 

сравнительной  этнопедагогики,  исследователь 

проблем  национальной  школы  и  вопросов 

этнического,  поликультурного  и  духовно-

нравственного  воспитания  молодежи.  В  сферу 

ее  научных  интересов  входят  и  проблемы 

формирования  интеллектуального  потенциала 

нации, что сегодня весьма актуально.

Активно  сотрудничала    с  лабораторией 

этнопедагогики  РАО  (Москва),  Центром 

«Русская  школа»  (Санкт-Петербург),  Научно-

исследовательским  институтом  этнопедагогики 

имени  Г.Н.  Волкова  (Чебоксары),  лабораторией 

этнопедагогики Калмыкии (Элиста) и Татарстана 

(Казань).

Часто  выступала    с  докладами  на  респуб-

ликанских  и  международных  конференциях 

по  актуальным  проблемам  этнопедагогики  и 

воспитания  в  разных  странах  мира:  Германии 

(г.  Диллинген),  Финляндии  (г.  Хельсинки  и  г. 

Тампере),  Вьетнаме  (г.  Ханой),  Южной  Корее 

(г.  Сеул),  Турции  (г.Стамбул,  г.  Анкара),  а 

также  в  странах  СНГ.  Осуществляла  научное 

руководство  школами-гимназиями  №  123  и  № 

153  г.  Алматы,  оказывая  научно-методическую 

помощь  классным  руководителям.  С  2012  года 

-  модератор  электронного  «Офиса  классного 

руководителя»,  созданного  при  Национальном 

центре информатизации  г. Алматы.

К.Ж.Кожахметова  учредила  в  2004  году 

республиканский  научно-методический  журнал 

«Этнопедагогика».

  Она  воспитала  целую  плеяду  педагогов, 

под  ее  руководством  защищено  4  докторских, 

21 кандидатская и 5 магистерских  диссертаций. 

Опубликовано около 200 научных трудов, из них: 

4 монографии, 3 учебника, 6 учебных пособий, 2 

книги,  более 180 статей.

Лауреат  премии  им.  Ы.  Алтынсарина. 

Своим  наставником  и  Педагогом  с  большой 

буквы  считает  профессора  Волкова,  с  которым  

всегда 


поддерживала 

профессиональные 

и 

дружеские 



отношения 

всю 


жизнь.                                                                                                                                           

Став  стипендиатом  международной  программы 

Президента  Республики  Казахстан  «  Болашақ», 

она  проходит  интересную  научную  стажировку 

в  Москве,  в  Российской  Академии  образования 

по специальности «Педагогическая диагностика, 

оценка и управление качеством образования».

 С 2005 года она издает журнал «Білім беру 

жүйесіндегі  этнопедагогика;  Этнопедагогика  в 

системе образования».

Ее  выступления  в  Германии  (по  проблемам 

повышения квалификации учителей); Финляндии 

(по  вопросам  вальдорфской  педагогики); 

Вьетнаме  и  Тайланде  (тендерное  образование); 

Южной Корее (по проблемам  высшего женского 

образования  на  базе  университета  «Ихва»); 

Турции, Монголии (система образования страны 

и изучение опыта обучения на родном языке детей 

казахской диаспоры); в Эстонии и Кыргызстане, 

Туркменистане,  Таджикистане,  Узбекистане, 

Молдове,  России  (по  вопросам  образования 

национальных  меньшинств  и  этнопедагогике) 

всегда  вызывают  живой  интерес  и  бурную 

полемику. 

Профессор 

Кожахметова 

является 

обладателем  гранта  международного  Фонда 

«Сорос-  Казахстан»  по  проекту  «Особенности 

поликультурного  образования  учащихся  в 

условиях 

многоэтнического 

Казахстана» 

(2000-2001  г.г.),  гранта  международного  Фонда 

«ЮНИСЕФ» по группы риска» (2003- 2005 г.г.), 

гранта  республиканского  конкурса  проектов 

МОН  РК  по  прикладному  проекту  ««Научно- 

методическое  обеспечение  учебного  процесса 

педагогического  вуза  в  условиях  кредитной 

технологии  обучения»  (2006-2008  г.г.)  и 

фундаментальному  проекту  «Научные  основы 

структуризации и построения методологического 

знания  в  педагогике  как  фактора  развития 

интеллектуального  потенциала  нации»  (2009- 

2011 г.г.).

В  жизни  Клары  Жантуриевны,  красивой 

женщины и красивого человека, каждая  ступень- 

преодолена, каждый замысел- осуществлен.  Но 

каждый год она  ставила перед собой  все новые и  

новые грандиозные планы .  

Она состоялась как настоящая мама, ласковая 

бабушка  ,прекрасная  супруга  и  замечательная 

сестра.  Она  воспитала  прекрасных  2    детей,  7 

внуков.


Наступает  весна.      Март  -  первый  месяц 

весны, красивый месяц, веселая капель,  звон кие 

мартовские  ручьи.

 11 марта- день ее рождения  мы,  родные и 

близкие,  встретим  уже без нее.

Клара Жантуриевна умерла  14 декабря 2014 

года  в  г .Алматы....

Страницы  истории,  в  которых  присутствует 

гениальный  ученый,  замечательный  человек, 

патриот  и  гражданин    Кожахметова  Клара 

Жантуриевна  –  самые  яркие  страницы.  Можно 

только  преклонить  голову  перед  неустанным 

трудом  настоящего  ученого,  чьи  прекрасные  

труды  и  человеческие  качества  достойны 

неподдельного уважения.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет