Куляш Жидебаева,
младшая сестра, методист заочного
отделения Уральского педагогического
колледжа имени Ж.Досмухамедова
4
Жайық ұстазы
26 ақпан, 2015ж.
Ата Заңымыздың мерейтойына арналды
Мақсаты: Оқушылардың құқық туралы
түсініктерін қалыптастыру. Құқықтық білімдерін
жетілдіру. Сөйлеу мәдениетін, адамгершілік
қасиеттерін дамыту. Заңды құрметтеуге, қоғамдық
ережелерді орындауға тәрбиелеу.
Білімділігі: Оқушылардың білім деңгейлерін
шыңдау, заңға бағынып өсуге тәрбиелеу. Отанға
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
тәрбиелік: Оқушыларға адам құқықтары
жайлы декларацияның кейбір баптары туралы
түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс
арқылы ұғындыру.
Дамытушылық:
оқушыларды
топтық
жұмысқа дағдыландыру, ой-өрістерін кеңейту.
тәрбие сағатының әдісі: аралас
Көрнекілік: Сөздер жазылған плакат, баптар,
мантия және өзге киімдер. Слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиешінің кіріспе
сөзі.
2. Психологиялық дайындық. Сұрақ – жауап
- Біз қай елдің азаматымыз?
- Қазақстан Республикасы қаңдай мемлекет ?
1. Ендеше, көк байрағымыз желбіресін.
Ән. «Көк тудың желбірегені».
Жүргізуші сөзі: Әр адам өзі өмір сүрген ортада
қоғамның бір мүшесі болып саналады.Әр елдің өз
адамдарына арналған Ата Заңы-Конституциясы
болады. Қазақстан Республикасының Конститу-
циясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ол 98
баптан және бөлімдерден тұрады.
1 бөлім. Жалпы ережелер
2 бөлім. Адам және азамат
3 бөлім. Президент
4 бөлім. Парламент
5 бөлім.Үкімет
6 бөлім. Конституциялық кеңес
7 бөлім. Соттар мен сот төрелігі
8 бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару
9 бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Оқушы: Конституция-ерікті елдің құқы,
Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектеген
Конституция – алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын ,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас, бай далам да .
Сансыз ұлтың өкілі бір орда да,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын , білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Конституциям бекіткен мұны маған.
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Жүргізуші: Өте ертеде, жер бетінде адам
пайда болған. Онымен қоса, басты мәселелер де
туды. Адамдар нені істей алады,нені істеулеріне
болмайды?
Бұл сұрақтарға айқын жауап бермеген
жағдайда өмірі бас-аяғы жоқ шатасқан былыққа
айналып отырды. Ақыр соңында адамдар мәселені
шешіп, жалпыға бірдей декларация дүниеге келді .
Ал оны сақтау, орындау үшін ең болмағанда, негізгі
баптарын білу керек.
Заң. Халықтың ақ тілегі,
Ізгіліктің бастауы,
Ата Заң бұл киелі.
Еліміздің бас заңы.
Түзілген өн бойында.
Әділдіктің ақ жолы!
- Енді заңдағы баптарға сөз береміз.
2 бап. Қазақстан Республикасы – президент-
тік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Шықты тарап ой данадан,
Бері карады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған.
Елімнің бар президенті.
Ол – Нұрсұлтан Назарбаев!
13 бап. Әркімнің білікті заң көмегін алуға
құқығы бар.
Әділ заң еңбек желісін,
Бағалар ерлер жеңісін.
Адамның еркін айқындап,
Қызмет етер ел үшін.
14 бап. Заң алдында жұрттың бәрі тең.
Бұл заңда жеңіс данқымыз,
Салтанат құрған салтымыз.
Сүйеніш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз.
75 бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Шыр етіп жерге түскенде,
Жұтқаным ауа, таза леп.
Жер-Ана сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет.
І көрініс: «Ұялы телефонда жаңа ойын!»
(Екі ұл бала ұялы телефонда ойнап отырады.)
1-бала –Серік сен ойнамайсың?
- Неге?
1-бала- Сенің киімің жыртық. Мамаң біздің
мектепте еден жуады. Әкең арба айдайды. Сен
кедейсің.
1-бала. Ал менің әкем - бастық . Ал мамам –
«крупный бизнесмен». Біз үлкен коттежде тұрамыз.
Біздің үйде не керек, бәрі бар.
2-бала. Ал менің әкем де – бастық. мамам да
- бастық . Үлкен үйіміз бар. Ал сенде ештеңе жоқ.
(Серікті ұрады, ол жылайды.)
«Заң» кіріп келеді.
- Тоқтат! 5-бап. Басқаны қинауға , оған қатал
қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқы
жоқ.
ІІ Көрініс: «Жұмбақ хат»
(Екі бала әңгіме айтып келеді)
1-бала. Сен білесің бе? Кеше Асқар Майраға
хат жазды ғой. Соған қарағанда жақсы көреді-ау
деймін.
2-бала. Шын ба? Не деп жазды екен? Не деп
жазғанын білгім келіп тұрғанын қарашы. Не істесек
екен? (Екеуі ойланып ерсілі – қарсылы жүреді)
1-бала. Мен таптым! Оның үйіне барайық.
Үйінде ешкім жоқ. Әке-шешесі жұмыста. Тек
әжесі бар.
2-бала. - Үйіне қалай кіреміз? Әжесі бар ғой.
Ұстап алса, өлтіреді ғой.
1-бала. - Ой, саспа! Әжесінің құлағы
естімейді.
2-бала. Онда жүр кеттік. (екеуі кетіп қалып,
қуанып қайтып келеді, колдарында хат.) Екеуі
хатты оқып сықылықтап келіп күледі.
«Заң». Тоқтат! 12 бап . Біреудің атына кір
келтіруге , жеке басының тіршілігіне араласуға,
рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға
ешкімнің құқы жоқ.
«Заң» ортада тұрады, төрт бала екі-екіден
жанына тұрып заң баптарын оқиды.
19 бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін
пайдалануға құқы бар.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл!
Өз тіліңді құрметте!
24 бап. Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқы бар.
Еңбексіз адам гүлдемес,
Білімсіз адам түк емес.
Еңбекпен адам ұштасса,
Тынығарсың бір белес.
27 бап. Балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы.
Тәртіпті егер болсаң сен,
Жақсы көрер ұстазың.
Ата-анаң мен мектебің,
Өнеге болар ұстамың.
29
бап.
Қазақстан
Республикасының
азаматтарының денсаулығын сақтауға құқы бар.
Ата заңым!
Шаттығымды қорғайды,
Пәктігімді қолдайды.
Ар атынан айтқан соң,
Денсаулықты ойлайды.
30 бап. Азаматтардың тегін орта білім алуына,
жоғары білім алуына құқығы бар.
Кітапты алып қолыңа,
Біліммен енді достастың.
Жаз бойы күнде ойнаған,
Алаңмен бүгін қоштастың.
Ынтымақ, достық, тыныштық.
Туыстық бізге тым ыстық
Бейбіт өмір белгісі-
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Тәрбиеші сөзі: «Балам бол, басқа бол- бәріңе
заң біреу- ақ» Жүсіп Баласағұн сөзіне тоқталу.
(Нақыл сөзді талқылау)
1-жүргізуші: 1990 жылы БҰҰ «Балалар құқығы
туралы конвенция» қабылдады. Келісімнің негізгі
мақсаты –бала мүддесін қорғау. Бала өмір суруге,
білім алуға, демалуға, бос уақытын пайдалануға,
мәдәни өмірге араласуға құқылы.Бастауыш
мектепте ақысыз білім алуға құқылы.
Бейнефильм «Менің құқықтарым».
Оқушы: «Жасымайтын жастық жігер» өлең
жолдары.
Қорытынды: Тәрбиеші сөзі: Бүгінгі сынып
сағатынан не үйрендік, не игердік?
(Пошташы келеді)
- Пошташы: М.Өтемісұлы атындағы облыстық
сауықтыру мектеп- интернаты ма?
- Иә,
- Пошташы: Ендеше, мына сауқатты алыңыз,
мына жерге қол қойыңыз.
- Жақсы. Тәрбиеші: - Оқушылар мына сауқатта
«құқық әлемі» біздің бүгінгі сынып сағатынан нені
үйренгенімізді тексермек. Қане, көрелік!
(Сауқатты
ашып,
ішіндегі
хатты
оқып,көрермендерге сұрақтар қойылады. Дұрыс
жауапқа сыйлықтар беріледі.)
Хат мәні. Сәлематсыздар ма! Құрметті
М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру
мектеп-интернатының оқушылары! Мен сіздерге
«Құқық әлемінен» сәлем жолдап отырмын. Бүгінгі
«Менің құқықтарым» атты сынып сағатынан көп
мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймын. Сендер
құқықтарын мен бірге міндеттерді орындауға
тиістісіңдер!
Құрметпен: «Құқық әлемі»
Білімдерінді тексеру бағытында: « Ой жалғау»
(мақал- мәтелді аяқтау керек.)
1) Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2) Ұрлық түбі -.......... (қорлық)
3) Ақырын жүріп ..(анық бас)
4) Әдепті бала .. (арлы бала)
5) Асыл тастан ... (өнер жастан)
6) Тәрбие .. (отбасынан басталады)
7) Қолыңмен істегеніңді - ..(мойныңмен көтер)
8) Еңбек түбі-.... (зейнет,береке)
9) Өтіріктің құйрығы -........ (бір-ақ тұтам)
«Ой елегінен өткіз»
1) Оқушы неге құқылы ?
2) Оқушы неге міндетті?
3) Құқық дегеніміз не?
Қорытынды: тәрбиеші сөзі:
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген
заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,
жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны
дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне
адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Сондықтан құқықтық сауаттылық – заман талабы.
«Атамекен» әні хормен орындалады.
Ұлболсын Сұлтанова,
М.Өтемісұлы атындағы облыстық
сауықтыру мектеп-интернатының
тәрбиешісі
Неугасимый свет души
педагога-ученого
память о замечательном человеке
5
Жайық ұстазы
26 ақпан, 2015 ж.
Ө н е г е е т е р ө з е к т і ш а р а
Аңқаты орта мектебіндегі
түлектермен кездесу
- Мектеп, мектеп – ашық-жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің,
- деген жыр жолдарымен басталған Аңқаты
орта мектебіндегі түлектермен кездесу кешінің
көпшіліктің жүрегін жылытып, өзінің ыстық
табын қалдырғаны анық. Бұл өзі – жыл сайын
өткізіліп жүрген, дәстүрге айналған іс-шара.
Биылғы ақпан айының 7-сі күні өздері оқыған
білім қара шаңырағына осы мектепті 1975,
1985, 1995 және 2005 жылы бітірген түлектер
көптеп жиналды.
Жан-жақтан
мәре-сәре
жиналысып,
бірін-бірі көріп, шұрқыраса амандасқан
кластастар, оларды оқытқан ұстаздары, мектеп
басшылығы мен бүгінгі мұғалімдер, әсіресе
мектепті биыл бітіретін түлектер – бәрі де аса
бір қуанышты жағдайда бас қосып, төменгі
қабатта орналасқан түлектер туралы ескі
фотосуреттер көрмесін, өздері бір кездері доп
теуіп, асыр салып ойнаған спорт залын, талай
тақпақ оқып, ән шырқаған акт залын, сабақ
тыңдаған дәрісханаларды аралап, сүйікті білім
ордасымен сағына қауышты. Әр жылдың
түлектері өздері оқыған кабинеттеріне
барып, парталарына отырды, бір-бірімен,
мұғалімдерімен сұхбаттасты.
Міне, дәл оқушы кездеріндегідей ұзын
дәлізге линейкаға жиналдық. Ол үшін
әуелі қоңырау соғылып, бір кездегі пионер
жиындарының бұлжымас атрибуты – керней
тартылды. Ұзын дәлізді толтырған әр жыл
түлектері сап түзеп, іс-шараны жүргізуші
мектеп оқушыларын ықыласпен тыңдап,
солардың берген бағытына бағынуда.
Әуелі әрине қастерлі Әнұран орындалды,
алақанымыз жүрек тұсымызда, салтанатты
жағдай әсері лүп-лүп соққан жүрегімізді
еріксіз тыңдатқандай. Бүгінгі күнге жете
алмаған, арамыздан өткен ұстаздарымыз бен
мектеп түлектерін де 1 минут үнсіздікпен еске
алдық.
Бұл кездесу – өмірден өз орындарын тауып,
әр түрлі мамандық иеленген, ел өміріне елеулі
үлес қосып жүрген аға-апалары мен ересек
өмірге енді қадам басқалы отырған биылғы
жас түлектердің дидарласу, ҰБТ сынағы
алдындағы ой түю, ақыл тоқтату мақсатындағы
жауапты іс-шара екендігіне баса мән беріп,
мектептің бұрынғы түлектеріне қош келдіңіз
айтқан Аңқаты орта мектебінің директоры
(өзі де осы мектептің түлегі) Ғаббасов Нұрлан
Ерсайынұлы білім ордасының қазіргі жай-
күйі, оқушылары туралы баяндады.
Теректі ауданының Аңқаты жалпы орта
білім беретін мектебінің қазіргі ғимараты
1967 жылы кірпіштен салынған, екі қабатты.
Мектепте акт залы, спорт залы, шеберхана,
компьютер кабинеті (компьютер саны – 8,
интернет жылдамдығы 256 бит (секунд),
мультимедия кабинеті, барлығы 24 сынып
бөлмесі бар.
Осы 1967 жылдан бері мектеп 46 рет
түлектерін шығарып салды.
Бүгінде педагогикалық ұжымда 38
мұғалім (2-еуі жоғары санатты, 10-ы бірінші
санатты, 14-і екінші санатты, 12-сінің санаты
жоқ), 3 тәрбиеші, 1 психолог, 1 лаборант, 1
ЭВМ инженері, 1 кітапханашы, 1 іс жүргізуші
– барлығы 46 қызметкер жұмыс жасайды.
Жоғары білімді мұғалімдер саны – 36, арнаулы
орта білімдісі – 2.
Мектепте қазіргі таңда 199 оқушы, соның
27-сі мектепалды даярлық тобында оқиды.
Мектепті жалпы шамамен 3500 түлек
аяқтаған, Черекаев Василий, Зайнуллина
Айгуль деген екі түлек алтын белгі иегерлері.
Енді бір керемет сәт – әр жылғы түлектердің
мектеп басшысына баянат тапсыруы. Мәселен,
«Біз, Аңқаты орта мектебінің 1975 жылғы
10«а» класс түлектері, «Түлектермен кездесу
кешіне» арналған салтанатты лездемеде сап
түзеп тұрмыз. Мектепті 32 түлек аяқтадық.
Бүгінгі күні 17 түлек қатысып отырмыз», - деп
әр баянат тапсырушы есеп береді.
Иә, ол кезде әр класта 25-30 оқушыдан
кем оқымайтын. Сонда орыс-қазақ класын
қосқанда бір жылда мектепті 50-60 бала
бітіруші еді. Ал, биыл небарлығы 10 оқушы
ғана осы мектепті бітіреді екен. Бұдан ауылдағы
демографиялық жағдайдың қаншалықты
төмендеп кеткендігі анық байқалады. Әрине,
бұл – көп ауылдың басындағы факт. Бірақ осы
балалардың «аз да болса саз» дегендей тірлік
жасап, түлектермен кездесуді өздері жүргізіп,
музыкант, хореограф апа-ағаларымен, ата-ана,
ұстаздарымен бірге керемет сәтті өткізуі үлкен
дайындық пен өнерге баулыған тәрбиенің
көрінісіндей жып-жылы әсерін қалдырды.
Әдеби музыкалық монтаждары, «Испан биі»,
«Мы танцуем буги-буги», т.б. билері мен
әндері биылғы түлектердің ұйымшылдықтары
мен білім-білігінен, өмірге талпынысынан
хабар бергендей сүйсіндік, білім сынағынан
сүрінбей өтіп, қалаған білім ордасына студент
болуларына ақ тілек арнадық...
Жас түлектеріміз:
Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқымыз танып жатыр.
Аңқатыдан түлектер қанат қомдап,
Қанаттарын қияға қағып жатыр, - деп
аға-апаларының да өнер көрсетуін өтінгендей
болды. Әр жылғы түлектер де қарап қалмады,
солардың бір қатары – 2005 жылғы түлек,
республикалық «Атамекен» ән байқауының
жүлдегері, әнші, спортшы өнерпаз баламыз
Расим Жұмағалиев аңқатылық жерлес ағасы,
танымал айтыскер ақын, осы мектеп түлегі
Ерікқали Ахметовтың сазгер Е.Ақбасовпен
бірігіп жазған «Аңқаты – ару өлкем», т.б.
әндерін нақышына келтіре орындаса, 1985
жылғы мектеп түлегі Александр Келехсаев
гитарамен бард әндерін қалықтатып,
көрерменін разы қылды. Ал, мектеп түлектері
әрі осы мектепте еңбек ететін Ерхат Жақашев,
Айгүл Ахметова құлақ құрышын қандыра ән
шырқаса, тағы бір Айгүл Ахметова балаларды
мың бұралған билерге баули алғандығымен,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Арайлым Шамбилова осы тағылымы
мол шараны шебер ұйымдастыруымен ел
ықыласына ие болды.
Біз болсақ, 1975 жылғы түлектер атынан:
Кластастарға
Мен бүгін сіздерге арнау арнамадым,
Достыққа керегі не жарнаманың.
Жастықтың жаңғырығын аңсап келдік,
Сағындық кластастар салған әнін.
Сағындық мектебіміз, партамызды,
Тақтаға ілінетін картамызды.
Алғашқы сезім менен бала күнгі
Махаббат хихаятын ортақ ізгі.
Сағындық жаны жылы апайларды,
Үйреткен ізгілікке ағайларды.
Бүгінде ортамызда жоқ қой, тағзым,
Аттанған «Қамар» жаққа талайлары.
(Бастауышта оқытқан Танас А., Асқар Е.,
Сағира Н. т.б.) (Сағидолла Қ., Мерзуан И.,
Қажығали Ә., Уәсила О., Бәлия Б., Марат М.,
Сәкөн С., Ғайнөш Ғ. ағайлар мен апайлар, т.б.)
– бір минөт еске алайық! –
Оқытқан, тәрбиелеп, ұстаздарым,
Ұғындық Сіз арқылы қыс-жаз барын.
Үйретіп дүниенің жұмбақтарын,
Өбектеп сездірмеген ызғар, қарын.
Сол кездегі Мектеп директоры: Төлеген
Нығметов.
Класс жетекшіміз: Күләш С., Амангелді
Ж., Пән мұғалімдері: Кәкима Х., Мағрипа
А., Марфуға Х., Жұпар Ә., Гүлжиян Қ.,
Хамидолла Н., Мердан, Ердан И. ағайлар мен
апайлар, т.б.)
Қырық жыл алмасыпты біз кеткелі,
Тірліктің желмаясы жүрдек тегі...
Қырық рет соғылып қоңыраулар,
Түлектердің жайнаған нұр-көктемі.
Қарсы алды Аңқатыдай асыл ауыл,
Ұл-қызың бір өзіңе ғашық ауыл.
Зейнетке жақындап та қалыппыз-ау,
Аңғармайтын, уақыт-ай, «ашық ауыз».
Өз ортамыздан о дүниеге озып кеткен
кластастарымыз Абай А., Сайран Б., Серік Қ.,
т.б. азаматтар мәңгі есімізде!)
Қыс, көктем, жаз бенен күз өтіп жатыр,
Қырық жыл да байқатпай кетіп жатыр.
Алтын ұя – мектебім қаз қалпында,
Бәрімізге орын да жетіп жатыр. – деп,
шын жүректен шыққан сөзімізді арнадық.
Мектептің бүгінгі директоры Нұрлан
Ерсайынұлы, оның орынбасарлары Саяхат
Саматұлы, Арайлым Ғалымжанқызы, т.б.
ұжым ұстаздарына, биыл мектеп бітіретін
түлектерге қыстың суығына қарамастан,
осындай жып-жылы кеш ұйымдастырғандары
үшін алғыс айтамыз.
Ақмаржан Бақытқызы,
Орал-Аңқаты
мектептің акт залындағы кездесу кешін
жүргізуші - биылғы 11 сынып оқушылары
40 жылдан соңғы кездесуде ұстаздарымыз Күләш
сәрсенқызы мен Амангелді Қанапияұлы ортамызда
Биыл мектеп бітіретін түлектер
“сендер де біздей боласыңдар...”
40 жылдан соң өз класыңа келіп,
партаға отырғанда...
мектеп директоры кездесу кешін ашуда
6
Жайық ұстазы
26 ақпан, 2015 ж.
З
ал
жиһаЗдарын
орналастыру
тәртібі
А й н а л у д е н е л е р і
ОБлЫс КОллед
Ждерінде
Жаңа ақпараттық технологиялар
және техникалық сызу сабағы
Оқытудың
жаңа
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Қоғамдағы
білім
жүйесін
дамытуда
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және
пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде
осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын
даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы
ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты,
жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
Oсы мақсатта қойылған сұрақтарды шешу барысында
оқытушы мен оқушының негізгі құралдарын да ұмытуға
болмайды: тақта, бор, сызғыш, қарандаш, формат, дәптер
- бұлардың барлығы қазіргі таңда интерактивті тақтаның
элементі ретінде берілуде. Біздің колледжімізде қарапайым сызу
құралдарын жаңа ақпараттық интерактивті тақта құралдарымен
алмастырып сабақ өткізу мүмкіндіктері толығымен қамтамасыз
етілген. Oқыту процесінде жаңа ақпараттық технология элементі
мен мүмкіндіктерін қолдану білім алушылардың назарын аударып,
пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа сабақты игеруге
мол ықпал етеді. Көрнекі түрде бағдарламаны басқару, лездік
ескертпе қою, тақтада қолмен түзету, видеофайлдарға жазып,
оларды оқушылар үй тапсырмасы ретінде үйге ала алады. Oқыту
процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оқыту
процесінің сапасын артырып қана қоймай, соған дейін болмаған
мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Білім
беруді
жаңа
ақпараттық
технологиялармен
жабдықтаудың өзектілігі мына факторлармен түсіндіріледі:
- оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-
әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде
пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу;
- оқушылардың коммуникациялық техниканың құралдарын
пайдалану дағдысын қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін, экспериментальды
іскерлігін дамыту;
- компьютерді жекелеген пәндерді оқыту құралы ретінде
пайдалана отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін
жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату.
Қазіргі кездегі танымдық қажетсіну – ол жаңа ақпаратты
қажетсіну дейміз. Ендеше, компьютерлік, ақпараттық техника
мен технологиялар ақпараттандыру мен жаһандану кезеңінде
оқушылардың танымдық әрекеттерінің артуына, білім
мазмұнындағы негізгі компонент оқу пәнін тереңірек меңгеруге
себін тигізеді. Ұстаз үшін нәтижеге жету - шәкіртінің білімді
болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін
қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа
әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағыны өте жоғары. Ақпараттық
ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі
түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық
мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын,
онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім
болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін
үйрету, бағыт-бағдар беруші – оқытушылармыз. Oқушылардың
жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.
Oсы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену үшін
ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |