Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41

Список использованной литературы:
1. Тард Г. Общественное мнение и толпа. Пер. с франц. М., 1902. С.62-63.
2. Интернет  газета. «Назарбаев  поручил  разработать  патриотический  акт “Мəнгілік  ел».
Электронный портал:https://zonakz.net.

187
3. Нуртазина  Р.А. Республика  Казахстан: СМИ  и  политика. Учебное  пособие. 2 издание -
Алматы: «Бастау», 2014. - С.270.
4. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу  Казахстана «Построим будущее вместе!»
28.01.2011.http://www.akorda.kz/ru//
5. Выступление  Президента  РК   на XVI сессии  Ассамблеи  народов  Казахстана
http://www.nomad.su/
ҚАЗАҚСТАН - ДОСТЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ
Самұратова Г.
Қызылорда медицина колледжі, Қызылорда қ.
Ғылыми жет. Умбетова С.
Қазақстанда 130-ден  астам  ұлт  өкілдері  тұрады. Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев
айтқандай  "Қазақстан-ортақ  мекен", " ортақ –діннің  тоғысқан  жері" болып  табылады. Біз
бір-біріміздің  салт-дəстүрімізді, яғни  ұлттық  киімдерімізді, ұлттық  тағамдарымызды,
ұлттық  ойындарымызды  қатты  қадір  тұтамыз. Соның  арқасында  бір-бірімізге оң  жағы
болмаса, теріс  əсері   тиген  жоқ.  Соның  арқасында  еліміздің  мəдениетіміз  дамып
қоймай, сауда-саттық, қол  өнеріміз  дамыды,яғни  "көзіміз-ашық", "көкірегіміз-ояу  болды".
Бір    шаңырақ    астында    тұрған    отбасы    секілді    бір    елде    тату  –тəтті      тұрамыз.  Əсіресе
бұрын  біз  Кеңес  Одағының  құрамында  болған  Ресей,   Қырғыстан, Түркіменстан,
Өзбекстан,  т.б.    осы    ұлт    өкілдерімен    тату  –тəтті      тұрдық.    Біз    тəуелсіздігімізді
алғанымызбен    оларға    бəрібір    бүйрегіміз    бұрып    тұрады.  Сонау    тоқырау    жылдарында,
ашаршылық  кездерінде, қалай аман  қалудың, қалай  еңбек  етудің жолдарын  мəселен  орыс
халқы  балық    аулауды    үйретсе,  өзбек    халқы    дəнді  -  дақылдарды,  көкөністерді    өсіруді
үйретті. Сонымен  қатар, "Қазақстан"  жерінде  көптеген  ұлт  өкілдкері  айдауда  болды.Олар
қазақтың  мəдениетін  шығармаға  түсіріп,  яғни   кітап   жазып, əлемге  паш  етті.  Біздің
арғы  хандарымыз, сұлтанымыз  басқа  ұлт  өкілдерімен  достық – қатынасты  орнатуды  жөн
көрген.  Мəселен, Қасым  хан, Абылай  хан, Əбілқайыр  хан  Ресей  патшасымен, Қытай
мемлекетімен    дипломатиялық    қарым  –қатынасты    орнатты.  Осы    ұлы    тұлғаларымыздың
арқасында  достығымыз  əлі  кунге  жалғасып  келеді.  Абай  Құнанбаев, Шоқан  Уалиханов
орыс  халқымен  тату  тұрған. Көптеген  Ресейдің  ұлы  жазушылармен  дос  болған  жəне
орыс  тілін  білуді  жөн  көрген. Əсіресе  1930 жылдары  Қазақстанға  өзге  ұлттарды  қоныс
аудару  кеңінен  жүргізілді. Өлке  аумағына  халық  көптеп, келе  бастады. Қысқаша
айтқанда  0,5  млн.  арнайы қоныс  аударушылар  келді.  Сол  кездерден  бастап, басқа  ұлт
өкілдері  Қазақстан  жерінде  тұрақтай  бастады. Əсіресе  талайды  қансыратқан   Ұлы  Отан
соғысы жылдарында  башқұрт, өзбек,  орыс, т.б. деп  бөлінсінбей  бір ауыздан  біріктік [1,
569-б. ]
Осы  татулықтың  арқасында  достығымыз  ажырамады  жəне  Жеңіске  жеттік. Біздің
ортақ  мейрамымызда  бар, ол  "Наурыз" мейрамы, оны  барша  түркі-тілдес  халықтар
тойлайды. Осы  ұлттық  мейрам  күні  барша  ұлт  өкілдері, біздің  асымыздан  дəм  татады.
Ол –татулықтың  нышаны. Қазақстан  тəуелсіздігін  танып, əлем  алдында  мойындаған
туыстас  Түркия    мемлекеті  жəне    Румыния  болды.  Бүгінде    Қазақстанды    əлемнің    барлық
мемлекеті  танып, көптеген  елдермен   елшілік  дипломатиялық  қатынас  орнаттық.
Еліміздің   бірнеше  халықаралық   ұйымдардың  мүшесі  екендігін, əсіресе  олардың  ішінде
əлемдегі  ең  беделді  ұйымдардың  бірі-БҰҰ  мүшелігін  мақтанышпен  айта  аламыз.Қазіргі
таңда  біз  əлемнің  145-мемлекетімен  сауда  байланысын  жасаймыз. Қазақстан   Батыс  пен
Шығыстың  мəдениетін, тарихын, дінін  үйлестірген  мемлекетпіз. Əлем  халықтарын
құрайтын  3000-дай  этностар  ішінде  қазақтар  70-орын  алады, түркі-тілдес  халықтардың
ішінде  4-орын  алады [2, 3-б. ].
  Ең  басым  ұлт-өкілдері: татарлар, қырғыздар, қар ақалпақтар, өзбектер  тұрады. Олар
қазақ    ұлты  сияқты  Отанымыздың    гүлденіп,  көркеюіне    күш    салуда.  Қазақстан

188
Республикасының  Ата  заңында  дініне, тіліне, шыққан  тегіне  қарамастан  Қазақстанда
мекен  еткен  барлық  ұлтттардың  тең  екендігі  жазылған. Біздің  Отанымызда  басқа  ұлт
өкілдеріне   кемдік  немесе  артықшылық  көрсетілмейді. Қазақ  жеріне  мекен  ететін  аз
этнос  өкілдеріне  мемлекет  тарапыннан  зор  қолдау  көрсетіп  отырады,жастарына  жоғары
оқу  орындарына  түсуге,ересектеріне  жұмыс   істеуге  барлық  мүмкіндіктер  берілген. Айта
кететін    бір    мəселе    Қазақстанда    ұлт    жəне    мемлекет    құрушы    этнос    біреу,  осы    қазақ
этносы. Жер  бетінде   этнос  көп,олардың   ішінде  мемлекет   құрғаны  тек  200-дей  ғана.
Алыста    тұратын    өз    туысқандарымен    араласып,  қарым-қатынас      жасауға    мүмкіндік
берген.  2007  жылы  Парламент  сайлауы  кезінде  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы
депутат  орнына  арнайы  орындар   берілді. Ассамблея  делегаттарына  33 диаспорының
атынан  мүдделерін  білдіру, əрбір  этностың  жəне  Қазақстан  халқының  болашағын  ойлау
сияқты  орасан  зор  тарихи  жауапкершілік  жүкеліп  отыр. Қазақстан  халықтары
Ассамблеясының  сессиялары  еліміздегі  қоғамдық  саяси  үдерістерге  талдау  жасап,
кеңесіп  отырады. 33 ұлт  диаспорасының  320 өкілінің  басын  қосқан   Ассамблея  бүгінгі
күні    елдің    саяси    өміріне    араласа    алады.  Еліміздің    əрбір    азаматы    ата-мекеніміздегі
бейбітшілік  сақтауға  жауапты  екенін  айқын  білдіреді.  Тəуелсіздік, еркіндік, бірлік  пен
келісім –Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  осы  қағиданы  берік  ұстанған  əлемдегі  ешқандай
елде  теңдесі  жоқ  ұйым.  Ал  биылғы  жыл  Елбасының  жарлығымен  "Қазақстан  халқы
Ассамблеясының" жылы  болып  жарияланғаны  белгілі. Ассамблея   жылы  Конституцияның
20-жылдығы,  Қазақ    хандығының    550  жылдығы,    Ұлы    Жеңістің      70-жылдығы    сияқты
маңызды  оқиғаларға  толы. Бұл  жыл- ортақ  тарих  пен  тағдыр  мəңгілікке  біріктірген
халқымыздың   бірлігін   паш   ететін   жыл.  Өткен   жылы   мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан
Назарбаевтың  Жарғысымен  2015 жылы – Қазақстан  халқы  "Ассамблеяның  жылы"-деп
жарияланған    еді.  Осыған    орай,  арнайы      ұлттық    жоспар    қаблданды.  Қазіргі    кезде
еліміздің  барлық  өңірінде, елордамыз  Астанада   осы  жылға  байланысты  ұлттар
арасындағы  достықты, бірлікті  паш  ететін  мейрам. [3, 5-б. ]
Ассамблеяның  негізгі  символы "Тайқазан" болып  табылады. Тайқазан  қиын  қыстау
күнде  елдің  басын  біріктіруге   себеп  болған  мұра. Халқымызда  "Ынтымақты  елдің
ырысы    мол"  деген  дана    сөз    бар.  Бүгінде    біз    келісім    мен    бірліктің,  татулық    пен
ынтымақтың  арқасында  əлем  мойындайтын  елге  айналдық. Демек,бұл  біз  үшін  ерекше
мерейтой. Қазақстан  халқы  Ассамблея   жылы  аясында  Еуропа  елдерінде  халқыаралық
шаралар  ұйымдастырылды. Мəселен, таяуда  халықаралық  жоба  өз  жұмысын  бастады.
Ассамблеясы  еліміздегі  тұрақтылық  пен  келісімге  сына,сызат  түсіруге  жəне  адамдардың
тілі  мен  дініне, ұлты  мен  əлеуметтік  саясатына  қарай  кемсітуге  тоқтатылып  Қазақстан
халқы  Ассамблеясы  бейбітшілік  пен  келісімнің  іргетасы  осыдан  20 жыл  бұрын  1995
жылы 1  наурызында  біздің  қоғамдағы  бейбітшілік  пен  келісімді  сақтауға  арналған
бірегей    институт  -Қазақстан    халқы    Ассамблеясын    құру    туралы  жарлыққа    қол    қойды.
"Ассамблея   жылы"  дегеніміз  бұл-ең  алдымен  бірліктің  жылы, Қазақстан  Президенті
Нұрсұлтан    Əбішұлы  салған    қоғамдық    келісім    моделінің    жылы.  Қазақстан    халқы
Ассамблеясы  моделін  біз  Біріккен  Ұлттар  Ұйымында 2008  жылы  таныстырған
болатынбыз.Тəуелсіздік, еркіндік, бірлік, бейбітшілік  пен  келісім- Қазақстан  халқы
Ассамблеясы  осы  қағиданы  берік  ұстанған, əлемдегі  ешқандай  елде  теңдесі  жоқ  ұйым.
Ал  биылғы  жыл  Елбасының  жарлығымен  осынау  татулықтың  тірегі айналған  Қазақстан
халқы  Ассамблеясының  жылы  болып  жарияланды. Қазақстан - бұл  тұтас  жер, тіртұтас
халық, ортақ  болашақ! Сондықтан, Ассамблея  жылының  басты  идеясы - "Менің   елім -
Мəңгілік    Ел!"            Егемендік,  бірлік    жəне    келісім    рухы    болашаққа    деген    Сенімімізді
арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз-тағдыры  ортақ,бірлігі  жарасқан  біртұтас  елміз!
Біздің Қазақстандық  жол -бейбітшілік,келісім  жəне  даму  жолы!  Ассамблея  қызметінің
арқасында  Қазақстанда  этностық  немесе  діни  ерекшелігіне   қарамастан  əрбір  азаматтың
Конститутуциясымен  азаматтық  құқыұтары  мен  еркіндігі  толығымен  қолданылатын
этносаралық  келісімнің  айрықша  үлгісі  қалыптасты. Елбасы  еліміздегі  тіл  мəселесəне
ерекше  көңіл  бөліп  келеді.  Этносаралық   қатынастар  жүйесіне  мемлекеттік  тіл  ел

189
бірлігін    қалыптастырудың    маңызды    факторлары    болып    танылған.Сондықтан    да
Ассамблея  қызметінде  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын  кеңейту  маңызды  орынға  ие.
Ассамблея  қызметі  этносаралық  қатынастар  мəселелерін  тиімді  шешіп келе  жатқан  ел
ретінде  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  беделінің  өсуіне   ықпал  етуде. Бүгінде
Н.Назарбаевтың  этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісім  үлгісі  əлем   назарын
аударып  отыр. Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  заң  деңгейінде  бекітті. Этносаралық
қатынастар  субьектілерінің  жұмысының  елімізде  жүргізіліп  келе  жатқан  саяси  бағытпен
үндес  жаңа  жүйесін  қалыптастырады. Ассамблеяның  мақсаты  қазақ  халқының  азаматтық
жəне  бəсекеге  қабілетті  Ұлтты  қалыптастыру  процесінде  Қазақстан  Республикасында
этносаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  болып  саналады. Бейбітшілік  пен  тыныштық  əр
үйдің  баға  жетпес  байлығы  болып  саналады. Бүгінгі  уақытқа  дейінгі Қазақстан  халқы
Ассамблеясының   атқарған  жұмысының  басты  нəтижесі  де  осы.Ассамблея-тұрақтылық
пен  қоғамдық  келісімнің  сенімді,берік  іргетасы. Ассамблея  тарихы-ел  тарихы,халық
тарихы.Олай болса,жетістікке  толы  биылғы  жыл  Ассамблея  жыл болмақ. [4, 6-б. ]
  Ұлт   тағдырын   ұрпақ   шешетіні   айқын.  Бірі-қазақтың   қызын   алып,мың   жылдық
куйеу  бала  атанса,бірі-қазақы  отбасыға  салиқалы  келін  атанып,қазақы  шаңырақтың
түтінің  түтетіп  отыр."Отбасы-шағын  мемлекет"-демекші  адам  бойындағы  жақсы
қасиеттер  отбасында  қалыптасады  емес  пе?осы  орайда,тұраұтылық  пен  халқымыздың
тыныштығын    кузетіп,елге    қорған    болып    жүрген    өзге  ұлтты    апа-ағаларымызды
балаларына  əдет  ғұрыпымызды,қазақ  дінімізді  рухани  құндылықтарымызды  бойларына
сіңіріп  отырып,тəрбие  беріп  жатыр  деген  сенімдеміз. Өйткені, ұлтты   қазақ  болмаса,да
сөзі    қазақ,  жжұрегі    қазақ    бауырларымыздан    нағыз    ұлтжанды,қазақ    елінің    болашақ
қорғаушылары  мен  батырлары  өніп  шығ  атыны  айқын. Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев
"Дамудың  сыры-бірлікте"ата-бабамыздан  мирас  болып,қалған  ауыз  біршілігіміз,өзара
түсіністігіміз  қазір де  жалғасын  тауып  келе  жатыр. Халықта "Туған - ана емес,тəрбиелеп
өсірген- ана" демекші  кез  келген  ұлттың  өкілі,Қазақ  елін  "туған  жерім"деп
санайтындарына  сенімдіміз.135-ұлттың  басын  біріктірген  "Мəңгілік  еліміз" ғұмырлы,
тəуелсіздігіміз  тұғырлы, бірлігіміз  баянды  болсын. Қазақстанда  820  этномəдени  бірлестік
жұмыс  істесе, Ассамблея  мен  этномəдени  бірлестіктердің  активті  67  мыңнан  астам
адамды  қамтиды. Ассамблеяның  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оның  еліміздің  жоғары  заң
шығару  органында - Парламентте  этностық  топтар  мүдделерінің  келілді  өкілдік  етуін
қамтамасыз  етуі  болып  табылады. Жалпы  алғанда  негізіннен  Ассамблея  жұмысының
арқасында  біздің  елімізде  этносаралық  жəне  конфессияралық  келісімнің  бірегей  модемі,
əрбір  азамат  этникалық  жəне  діни  ерекшелігіне  қарамастан  Конститутцияда  кепілдік
берілген  азаматтық  құқықтары  мен  бостандықтарын  толық  пайдалана  алатындай  ерекше
сенім  ынтымақ, өзара  түсіністік  ақуалы  қалыптасты. Республикада  Қазақстанның  барлық
этностардың  мəдениетін  тілін, дəстүрін  дамыту  үшін  қажетті  жағдайдың  барі  жасалған.
Ассамблея  қызметі  Қазақстаннның  этносаралық  қатынастар  мəселелерін  тиімді  шешетін
ел  ретіндегі  халықаралық  беделін  арттыруға ықпал  етеді:
1.Этнос аралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен жəне азаматтық қоғам
институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
2.Халық  бірлігін  нығайту,Қазақстандық  қоғамның  негізін  салушы  қоғамдық  келісімді
қолдау жəне дамыту.
3.Ассамблеяның  мақсаты  мен  міндеттерді  қол  жеткізу  үшін  этномəдени  біріктіруді
қамтамасыз ету.
4.Қазақстан  халқының  ұлттық  мəдениетін, тілдері  мен  дəстүрлерін  өркендету  болып
табылады.
Қорытындылай  келсем, осыдан 20 жыл  бұрын  қабылданған  Қазақстан  халқы
Ассамблеясы  біздің  ауызбіршілігімізді  мықтап, бірлігі  жарасқан  елге  айналдырды. 131-ден
астам  ұлт  пен  ұлыстардың  басын  біріктіріп, бір  шаңырақтың  астында  өмір  сыйлаған
Елбасымызға  мың  алғыс. Бастысы, өзге  мемлекеттердегідей  ұлтаралық  келіспеушіліктер
жоқ, лайым ешқашан болмасын. Татулық, бірлік, келісім деген ең асыл қазынамыз бар. Осы

190
қазынамызды ешқашан жоғалтпай, ұлтаралық қарым-қатынасымыз арта берсін дегім келеді.
Ассамблея  жылында  барлығымыз  белсенділік  танытып  тарих  беттерінде  қалатын  басты
оқиғаларды  ерекше  əрі  мазмұнды  етіп, атап  өтуге  ат  салысайық. Мықты да, тұғырлы  ел
болып,  үлкен  "Достық  мекенінде"  ұлттық    салт-  дəстүрді    дəріптеп,    мемлекеттік    тілді
үйретіп, тарихымызбен  таныстыруды  жалғастырайық.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Əлеуметтану жəне саясаттану бойынша / Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
2.Ана тілі газеті //2015 жыл.  № 6. 3-бет.
3. Егемен Қазақстан газеті //2015 жыл.  №37 5-бет.
4. Егемен Қазақстан газеті //2015 жыл.  №38 6-бет.
САН ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН АССАМБЛЕЯ
Серікова Б.Т.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
 аға оқытушысы,  Қаратау қ.
Қазақстанның  саяси  жүйесінде  маңызды  тұтқа  болып  табылатын  Ассамблея  бүгінгі
таңда  барлық  этностардың  мүддесін  ортақ  қазақстандық  мүддеге  айналдыруды, ұлттық
ерекшеліктеріне  қарамастан  барлық  азаматтардың  құқығы  мен  еркіндігін  сақтауды
қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақстанда тұратын
барлық  ұлттар  мен  этностар  қалыптастырған  ел  бірлігі  мен  тұрақтылықты  сақтауға
бағытталған  қазіргі  мол  тəжірибе  этносаралық  проблемаларды  шешудің  əлемдік
тəжірибесіне енуде.
Бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол
біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі.
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  биылғы  жылды «Қазақстан  халқы  Ассамблеясының
жылы» деп жариялауына байланысты «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» бастамасына үн қосу
мақсатында  жиналған  еліміздің  болашағы, жасампаз  жастар, əр  түрлі  ЖОО-да  білім  алып
жатқан  тегі – бөлек, теңдігі – бір, түрлі  этнос өкілдері  басқосуда  қазақстандық  патриотизм
моделін  нығайту, ұлтаралық татулық пен достық қатынас, этносаралық толеранттылық  пен
қоғамдық келісім тақырыбында сөз қозғады. Бұл – табалдырығымыздан аттаған жаңа жыл ел
бірлігінің, бейбітшілік  пен  келісімнің, татулықтың  жылы  деген  сөз. Тарихқа  көз  жүгіртер
болсақ, тағдыр  тауқыметімен  қаншама  ұлыс  өкілдері  қасиетті  Қазақ  жерін  пана  тұтқаны
белгілі. Сындарлы  кезеңдерді  бастан  өткерген  қазақ  халқы  өз  атамекенінде  көпұлтты
мемлекетке  айналды. Қашанда  татулық  пен  ынтымақты  ту  еткен  еліміз  үшін  өзге  ұлт
өкілдерімен  достық  қарым-қатынаста  болып, біртұтастықта  өмір  сүру  маңызды. Ұлт
Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  халықты  ұлтына  бөліп-жармай, біртұтас  Қазақстан
қоғамын  қалыптастыруды  мақсат  тұтып, 1992 жылы  алғаш  рет  Ассамблея  құру  туралы
идеясын  қалың  көпшілікке  жариялады. Идея  ірі  мақсатқа  ұласып, 1995 жылдың 1
наурызында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құрылды. Ұлтаралық  татулық  пен
тұрақтылықтың  феномені – Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы. Бұл  ешбір  елде  болмаған
ерекше, саяси маңызы зор  құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам  республикалық,
өңірлік, облыстық, қалалық  ұлттық-мəдени  бірлестіктері 500-ге  жуық  кіші  ассамблея
мүшелерінің  бастарын  біріктіріп,  біздің  ортақ  үйіміз  –  Қазақстанда  шынайы  достықты
қамтамасыз  етіп  келеді. Бүгінде  əрбір  ұлтқа  салт-дəстүрлерін  жаңғыртуға, мəдениеті  мен
əдебиетін  дамытуға, тілінің  жетілуіне  қамқорлық  көрсетілуде. Осының  бəрі  Елбасының
қоғамдағы  азаматтық  ынтымақтастық  пен  ішкі  саяси  тұрақтылықты  сақтау  стратегиясын

191
дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында
мүмкін болуда.
Биыл  ұлтаралық  татулық  пен  қатынасты, біртұтас  қоғам  құру  мен  түсіністікті  басты
шарты еткен Ассамблеяға – 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы əлем
үшін  үлгі  болып, жеке  дара «қазақстандық  бренд» ретінде  танылды. Əрқашанда  бірлік  пен
татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың,
ынтымаққа  барамын» деген  əйгілі  сөзін  қалдырған. Сондықтан  Елбасы  айтқандай, «біздің
туымыз – бірлік» болуы  керек. Тəуелсіз  Қазақстанның  аспаны  мəңгі  бейбіт  болсын.
Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!»
– деп атап өтті.
Бұл  жыл  мемлекеттік  деңгейде  маңызы  зор  мерейтойларға  толы. Елбасы  Нұрсұлтан
Назарбаев  өз  Жолдауында «2015 жыл – ұлттық  тарихымызды  ұлықтау  жəне  бүгінгі
биіктерімізді  бағалау  тұрғысынан  мерейлі  белестер  жылы. Қазақ  хандығының 550
жылдығын, Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы
Жеңістің 70 жылдығын  атап  өтеміз. Осынау  тарихи  белестер  Жаңа  Қазақстандық
Патриотизмді  ұрпақ  жадына  сіңіруде  айрықша  рөлге  ие», – деп  ерекше  атап  көрсетті. Бұл
жыл Жаңа қазақстандық патриотизм моделін нығайтатын, ұрпақ тəрбиесінде ерекше рөлге ие
болатын  жыл  болмақ. Мемлекеттің  бір  бөлшегі, біртұтас  қоғамды  құруға  атсалысатын,
болашақтың  алтын  кілтін  иеленетін  саналы  ұрпақ  тəрбиелеуге  ауқымды  үлес  қосып  келе
жатқан ұстаздар ұстаханасы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де бұл
маңызды  шаралардың  ешқайсысынан  да  қалыс  қалмайды. Мемлекеттік  тыныс-тіршілігі,
қайнаған өмірінің кішкентай көрінісі біздің киелі шаңырағымызда өтіп жатыр. Арман  қуып
əсем  Алматыға  аяқ  басқан  қаракөздер  Арулар  ордасына  табан  тіреп, сапалы  білім  алып,
білікті  маман  болып  шығып  жатқандарына, міне – 70 жылдан  асты. Қазақтың  ғана  емес,
қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тəжік, күрд, орыс, украин, кəріс секілді 480-нен
аса өзге ұлт өкілдері білім алып жатқан тілегі бір білім ордалары бар.
Бұл  бірегей  институт  еліміздегі  барлық  этнос  өкілдерін  ортақ  мақсатқа  ұйыстыра
отырып, республикадағы  тұрақтылықты  сақтау  мен  ел  дамуының  мақсатына  айтулы  үлес
қосып келеді.
Ассамблея  қызметінің  арқасында  Қазақстанда  этностық  немесе  діни  ерекшелігіне
қарамастан  əрбір  азаматтың  Конституциямен  кепілдік  берілген  азаматтық  құқықтары  мен
еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің айрықша
үлгісі  қалыптасты. Қазақстанның  көпэтностық  бай  кеңістігінде  сенім, келісім  мен  өзара
түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде  Қазақстанда 820 этномəдени  бірлестік  жұмыс  істейді. Ассамблея  мен
этномəдени  бірлестіктердің  активі 67 мыңнан  астам  адамды  қамтиды. Елбасының
тапсырмасы  бойынша  аймақтық  əкімдіктердің  жанынан  ақылдастық-кеңестік  орган  ретінде
құрылған  Қоғамдық  келісім  кеңестері  Ассамблеяның  Елбасы  айқындап  берген
жалпыхалықтық институт  мəртебесін  айшықтай  түседі. Себебі, ауыл, аудандардағы əртүрлі
ұйымдардың  басын  бір  арнаға  тоғыстыратын, қоғамда  туындайтын  негізгі  сауалдардың
барлығымен  айналысатын  осы  кеңестер. Бүгінде  еліміздің  барлық  аймақтарында  түрлі
деңгейдегі 1035 қоғамдық  келісім  кеңесі  табысты  жұмыс  істеуде. Ассамблеяның  жанынан
құрылған  Отбасында  толеранттық  тəрбие  беру  жөніндегі  Аналар  кеңесі  еліміздің  ең  басты
құндылықтары – татулық пен тұрақтылықты ұрпақ жадына сіңірудің тиімді тетігі ретінде өз
жұмысын  бастады. Қазақ  жəне  орыс  театрларын  қоспағанда  елімізде  тағы  төрт  ұлттық –
өзбек, ұйғыр, корей  жəне  неміс  театрлары  жұмыс  істейді. Əр  жыл  сайын  Қазақстан
этностарының  тілдерінде  бірнеше  ондаған  жаңа  кітаптар  жарық  көреді. Жыл  сайынға
халықтық  мерекелер  Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан  халқының  бірлігі  мерекесі, масленица,
сабантой  дəстүрге  айналды. Егер  мемлекеттің  қалыптасу  кезеңінде  басты  міндет
этносаралық  төзімділік  пен  қоғамдық  келісім  негізінде  қоғамды  ұйыстыру  болса, ел
дамуының  жаңа  кезеңінде, стратегиялық  басымдық  ретінде, қоғамның  барлық  азаматтары
мойындаған  ортақ  құндылықтар  мен  қағидаттар  жүйесіне  негізделген  Ұлт  Бірлігіне  жету

192
болып  табылады. Сондықтан 2010 жылы  сəуірде  азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттік
институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі
Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына
сəйкес, бірігу  қажеттігін  түсінуіне  негіз. Бұл – бізді  қандай  күш  біріктіреді  жəне  біртұтас
етеді - соны түсінудің тəсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел  Президенті  еліміздегі  тіл  мəселесіне  ерекше  көңіл  бөліп  келеді. Этносаралық
қатынастар  жүйесінде  мемлекеттік  тіл  ел  бірлігін  қалыптастырудың  маңызды  факторы
болып  танылған. Сондықтан  да  Ассамблея  қызметінде  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын
кеңейту маңызды орынға ие.
Ассамблея  қызметі этносаралық қатынастар мəселелерін тиімді шешіп келе жатқан  ел
ретінде  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  беделінің  өсуіне  ықпал  етуде. Бүгінде
Н.Назарбаевтың  этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісім  үлгісі  əлем  назарын
аударып отыр.
Қазақстандық  үлгі  Біріккен  ұлттар  ұйымында, ЕҚЫҰ-ға  қатысушы  елдерде,
Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте  өткен  халықаралық  форумдарда
таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
БҰҰ-ның  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мун  елімізге  сапары  барысында  Қазақстан  халқы
Ассамблеясының  қызметімен  танысып  Ассамблея  принципі  БҰҰ-ның  жұмыс  принципімен
толық сəйкес келеді деп атап өтті.
Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар
ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне
айналды. Қазақстандағы  қоғамдық  келісім  үлгісіне  қызығушылық  танытушы  мемлекеттер
мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
Бүгінгі  таңда  Елбасының  қойып отырған  негізгі  мақсаты  да  –  ел  бірлігі.  Ол  бірліктің
тұтқасы да, ұйытқысы да, келешегі де жастар деп үміт артып отыр, сол сенімді ақтайтындай
елдің  мықты  қайраткері, елін  сүйген, жерін  сүйген  азаматтары  болыңдар. Ел  бірлігін  пəк
қардай  асқақтата  біліңдер, елдің  ынтымағына, татулығына  ұйытқы  болыңдар! Тілді  білген
адам  ғана, сол  ұлтты  құрметтейді, салтына, дəстүріне  бойлайды. Тіл  жанашыры  сонымен
қатар, құшағына  барлық  ұлтты  сыйдырып, бірлік  пен  келісімде  өмір  сүруіміз  Елбасының
сарабдал  да, салиқалы  саясатының  арқасында  деп  атап  өтіп, бүгінгі  қоғамда  алатын
Ассамблеяның рөлін сөзге тиек етуге болады.
Ассамблея дүниеге келген 20 жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы
қазақстандық  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісім  үлгісінің  əлемдік  қауымдастық
алдында  беделді  ұйымға  айналып, ел  қоғамының  құрамдас  бөлігіне  айналғанын  көрсетті.
Қазіргі таңда бүкіл əлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да өз салқынын тигізіп
отыр. Мемлекетте  қоғамдық-саяси  тұрақтылық  болмай, экономикалық  салада  жетістік
болмайды  деген  қағиданы  тарих  əлдеқашан  дəлелдеген. Сондықтан  Қазақстан  халқының
бірлігін  бұдан  əрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың  басым бағытына  айналып отыр.
Қазақстанның  экономикалық  дамуы, этносаралық  қатынастардың  əлемдік  қауымдастық
тарапынан мойындалуы, ең алдымен, қазақ ұлтының еншісінде екендігі анық.
Қазақ  халқы  қашанда  бірлік  пен  татулық  мəселесіне  ерекше  мəн  беріп, оны  тірліктің
тұтқасы, өмірдің  өзегі  ретінде  бағзы  заманнан  бағалап  келген. «Бірлік  бар  жерде - тірлік
бар», «Береке  басы - бірлікте», «Ырыс  алды - ынтымақ» деген  сияқты  көптеген  мақал-
мəтелдер  соның  айғағы. Болашақтың  бірліксіз  болмайтынын  болжай  білген  бабаларымыз
бала тəрбиесінде  де осы  қағиданы басты  бағыт  етіп  ұстаған. Ол  атадан  балаға  мұра  болып,
əлі  де  жалғасын  тауып  келеді. Бірлік  пен  татулық  тəлімінің  қазіргі  көпұлтты  Қазақстан
жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге
ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес.
Ассамблея  жылы  қатардағы  көп  мерейтойлардың  бірі  емес. Бұл – Елбасы  айтқандай,
той тойлайтын емес, ой ойлайтын жыл. Себебі, елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық
пен татулықты сақтап, дамытудың бірегей  тетігіне  айналған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы
еліміздің  өшпес  құндылығы  –  Тəуелсіздікке  тірек  болған  Ел  бірлігінің  ең  басты  тұтқасы.

193
Еліміз  Қазақстандағы  түрлі  мəртебесі  бар, сан  алуан  қоғамдық  немесе  мемлекеттік
институттардың  мерейтойларын  мемлекеттік  деңгейде  атап  өтпейді. Дегенмен,
Ассамблеяның  орны  ерекше. Қоғамды  біртұтас  ағзаға  баласақ, оған  қан  жүгіртетін  алуан
түрлі  қантамырлар  іспетті  барлық  салаларды  біріктіретін, бəрінің  жолын  бір  арнаға
тоғыстырып, бір  ағысқа  бағыттайтын  бір  жүрек  бар. Ол  жүректің  аты – Ел  бірлігі. Бірлік
болмаса, бейбітшілік  пен  келісім  болмаса  өлшеусіз  термен, қыруар  қажыр-қайратпен
жасалып  жатқан  елімізді  өркендету  жолындағы  еңбектің  бəрі  де  бекер. Яғни, ресми  түрде
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылы деп  жарияланған 2015 жыл  Ассамблея институтының
мерейтойы емес, құнды қазынамыз – Ел бірлігі жылы, бейбітшілік пен келісімнің Назарбаев
моделінің жылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет