ЭТНОСАЯСАТ ПƏНІ ЖАСТАРДЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ
ТАТУЛЫҚҚА ТƏРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ
Қалиев Н.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Ғабдуллина Б.А.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өткізіліп отырған осы ғылыми-теориялық
конференцияда талқыланатын, белгілі бір шешімге келетін мəселе – жастарды этносаралық
татулыққа, мəдениетке, осы саладағы қазіргі заманғы теориялық жəне практикалық
мəселелерді игеруге оқыту, тəрбиелеу. Қазіргі заманғы күрт өзгеріп отырған саяси
процестер, қауіп-қатерлер қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты ең алдымен бұл
244
мəселеде өмірілік тəжрибесі аз, саяси иммунитеті əлсіз жастар арасында үнемі жетілдіруді,
нығайтуды қажет етеді. Əлемде қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулыққа жарықшақ
түсіргісі келетін саяси күштер баршылық. Одан бізде сабақ алып, сындарлы қорытындылар
жасауға тиіспіз.
Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» саяси стратегиясында еліміздің бұл бағыттағы
басты, түбегейлі ұстанымдарды қарапайым жəне түсінікті түрде былай нақтылаған: «Біз
қоғамдық келісімді сақтауға жəне нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам
ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып,
тату-тəтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы
шарт» [1,69].
Міне, осы күрделі міндеттерді жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі –
Қазақстанның кейбір оқу орындарында, оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде де əзірше «саясаттану» мамандығы бакалавариаттарының оқу жоспарына
енгізіліп, оқытыла бастаған «Этносаясат» пəні. Бұл пəн, біздің пікірімізше, барлық оқу
орындарында, əсіресе гуманитарлық жəне педагогикалық мамандықтар бойынша оқытылуы
керек. Кейін, мүмкіндігінше, барлық мамандықтар бойынша енгізуді ойластырған жөн, бұны
ҚХА Білім жəне ғылым министрлігі алдына қойып, нақты шешетін уақыт жетті.
Этносаралық қарым-қатынастың мəдениетін қалыптастыру – аса маңызды жалпымемлекеттік
проблема. Ал əуел баста «этносаясаттану» деп айдарланып, бүгінде «этносаясат» аталған
пəннің мазмұны мен құрылымы туралы мəселеге келсек, пəндік тұрғыдан оған барлық
қоғамдық ілімдерден жақын тұрғаны, əрине, саясаттану пəні. Саясаттануды саясат, қоғам
мен мемлекеттің саяси өмірінің, саяси жүйе мен оның институттарының құрылымы, қызмет
жасау заңдылықтары жəне функциялары, əлеуметтік қауымдастықтардың мүдделерінің
саяси өмірдегі көрінісі мен билікте жүзеге асу мəселелері, саяси, мəдениет туралы ілім деп
түюге болады. Осы тұрғыдан, яғни, сөздің кең мағынасында – этносаясат ілімі саясатттану
теориясының құрамдас бөлігі, немесе оның қоғамдық қатынастардың жеке бір саласындағы
теориялық жəне практикалық нақты түрленіп, көрінуі, шығармашылық қолданысы болып
табылады. Сондықтан этносаясаттың пəні мен объектісі саясаттану ілімінен теориялық-
əдістемелік тұрғыдан түбегейлі, іргелі айырмашылықта болмайды.
Этносаясат пəнінінің қоғам туралы пəндер жүйесіндегі орнын табу оңай проблема емес
екендігін бірден ескерткіміз келеді. Өйткені, этноқатынастар мəселелерін этнология,
этносоциология, этнопсихология, əлеуметтік антропология жəне басқада пəндер (тарих,
философия, құқықтану, экономика) қарастырып, оқытады. Сондықтан этносаясат
пəнаралық сипатта, оны оқыту мен игерудің ең бір күрделі жері де оның осындай
табиғатында жатыр. Оның осы пəндік ерекшелігін ресейлік əлеметтанушы ғалым З.В.
Сикевич былай деп дөп көрсетеді: «Жекеленген этноəлеуметтік ғылымдардың
зерттеушілік «алаңдары» («поле») түйісіп, кейде сəйкес келуі табиғи нəрсе жəне сондықтан
да кез келген этникалық құбылыстарды зерттеу пəнаралық сипатқа ие. Сонда олардың
айырмашылығы неде жəне ол болуы да керек ғой? Ол, сірə, этносаясатшылардың ең
алдымен этникалықтың саясатпен қайда жəне қалай түйісетіндігін, этникалықтың
саясатануының формалары мен салдары қандай егендігін басты мақсат етіп, түбегейлі
қарастыруында жатыр»[2,13].
Этносаясат саясат жəне саяси практиканың саяси-этникалық, этносаралық нақты
мəселелерімен қабаттасқан, тоғысқан, қоғамдық қатынастардың этносаралық саласына
қатысты құбылыстар мен қажеттіктердің арнайы жəне пəндік ерекше саласын қамтып,
талдайды.
Яғни этносаясат – этностар мен этникалық топтардың мемлекеттің ісіне, сондай-ақ өз
кезегінде мемлекеттің этностар істеріне араласуы, олардың тұрақты жəне үдемелі дамуына
жағдай жасау, олардың мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етудің нақты мəселелерін
қарастырады. Сонымен, этносаясат саясаттанудың шығармашылық сипатынан жəне
қоғамдық өткір қажеттерінен туған өскелең нақтылы пəндік саласы ретінде белгілі бір
елдегі халықтың құрамына енетін этностар мен этникалық топтардың мүдделері мен
245
құқықтарының мемлекеттік саясатта жүзеге асуын, этностардың аймақтық жəне мемлекеттік
деңгейдегі саяси үдерістердегі рөлін, əлеуметтің этникалық бағдарын, сан-салалы
қажеттіктерін, этникалық ұйымдар мен қозғалыстардың, саяси партиялардың, жеке
саясаткерлердің қызметтерін талдайды.
Демек, этносаясаттың пəніне мемлекеттің этносаясатын қалыптастырудың негіздері
мен көздерін, оны қозғаушы нақты себептер жəне заңдылықтарды, оларды жүзеге асырудың
нақты жолдары мен құралдары, этностардың өзара қатынастарының сипатын, мазмұнын,
сапасын, этноқозғалыстардың идеологиясы мен іс-əрекеттерін, халықтың этносаяси
ұстанымдары мен бағдарларын жəне олардың іс жүзіндегі көріністерін, осы салалардағы
болуы мүмкін қатерлер мен шиіленістердің алдын алу немесе еңсеру жолдарын көрсету,
оқытып, үйрету жатады.
Этносаясаттың пəн ретіндегі негізгі функционалдық міндеті этносаралық
қатынастардың, этностар тіршілігі, ұлттық мемлекеттің сан-салалы теориялық мəселелерінің
бүкіл аспектісін толық, түбегейлі қамтумен бірге, болашақ маманның елдегі этносаралық
қатынастардың табиғаты мен мəнінен ғылыми мағлұмат алып, оны түсіну, өзінің дұрыс
азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал ету. Этносаясат – практикалық сипаттағы пəн.
Сондықтан оның негізгі міндетіне елдегі этносаралық қатынасқа талдау жасау, мемлекетпен
оның тиісті уəкілетті органдарының осы саладағы саясатының тиімділігін талдау,
этносаралық қатынастардағы шиеленісті мəселелердің табиғатын ашып, оның негізгі
көздерін ашу, мемлекеттің басты даму стратегиясы төңірегіне этникалық жұмылдырудың
ресурстарын анықтап, этносаралық саяси жəне рухани мəдениетті жетілдірудің жолдарын
көрсету болып табылады. Əрине, бұл айтылғандырмен пəннің міндеттері мен қызметі
аяқталмайды. Өйткені, құрамы көпэтносты елдерде этносаралық қатынастар үнемі жаңа
проблемалар мен үдерістерді алға тартып отырады. Ол табиғи да заңды. Этностар санасының
оянуы, олардың өзіндік ерекшелігін сақтауға үнемі ұмтылысы, оның үстіне əлемдік
жаһандану үдерісі туғызып отырған соны, тың да қайшылықты құбылыстар мен үрдістер
этнос өміріне де жан-жақтан қысым жасап, салмақ түсіруде. Оның үстіне бұл салалардағы
көптеген мəселелер этнос өкілдерінің кей ретте өз мүдделері мен жағдайын тараздап,
саралауда субьективтік бағалаулар мен сезімдерге бой алдыру, осыдан туатын көптеген
құбылыстар мен қиындықтар бұл саладағы ахуалға, қоғамдық сана-сезімге қосымша салмақ
түсіретінін де ескеру керек.
Демек көп этносты қауымдастықтар тудыратын осынау өзекті мəселелерге дұрыс
ғылыми жауап табу жəне оны шағармашылықпен игеру – этносаясат пəнін оқытушы
маманның да, оны оқып, үйренуші студенттің алдына да өзара тығыз байланыстағы аса
жауапты, аса маңызды шығармашылық талаптар мен міндеттер қояды. Көпэтносты
қауымдастықтарда өмір сүріп, келешекте мейлі қай салада қызмет істейтін болса да
болашақ маман осы саяси ортаның татулық пен бірлікке қызмет ететін ережелері
талаптарын мұқият сақтап, орындауды бойына əуеліден, ішкі қажеттілік ретінде сіңіруге
ұмтылысы – өркениеттілік пен зияткерлік сананың өрелі жемісі. Уақыттың талабы,
жаһандаудың қысымы мен тегуіріні осындай. Бұл қалыптасқан
Қазақстан мемлекетінің
де түбегейлі мүдделеріне сəйкес келеді. Өйткені, мемлекет ең алдымен ішкі тыныштық пен
келісім жағдайында ғана тұрақты да үдемелі дами алады. Этносаясаттың міндеті осы
саладағы шиленіске соқтыруы мүмкін факторларды анықтап, олардың алдын алу жəне
оларды реттеу жолдарын ұсыну болып табылады. Осы қоғамдық қажеттілік саясаттану жəне
басқа да ғылым салаларында қарастырылатын этносаралық қатынастардың дəстүрлі
тақырыптарын едəуір кеңейтті.
Энтосаясат пəнінің ауқымы мен талдайтын, қарастыратын мəселелер тізбесі өте кең.
Оны бір сөйлеммен қамтып, сипаттау мүмкін емес. Этносаясат ғылымы мен пəнінің
Ресейдегі беделді мамандары В.А. Тишков пен Ю.П. Шабаев «этносаясат – саясатта
этникалық фактордың көрінуі, этникалық топтардың мемлекеттің ісіне қатысуы жəне
сондай-ақ, өз кезегінде, этникалық қауымдастықтардың ісіндегі саясат пен мемлекеттің
246
рөлі, көпэтносты мемлекетті басқару, этносаралық келісімді қаттамасыз ету, этносаралық
шиеленістерді еңсеру»[3, 10] деп түйеді.
Осы жəне басқадай талдаулар мен зерттеулерге сүйене отырып, біз э тносаясаттың
пəніне, ең алдымен, мынадай, əр саладағы, этносаралық күрделі қатынастар мен
құбылыстарды жатқызуға болады деп есептейміз:
- этностар өмір сүріп отырған əлеуметтік орта, ондағы саяси, əлеуметтік-экономикалық
жағдай жəне жеке этнос өмір сүріп отырған аумақтағы немесе нақты ұжымдық ортадағы
саяси ахуал;
- этникалық топтардың қоғамдық жəне мемлекеттік істерге қатысы мен саяси
белсенділігі, мемлекеттік кадр саясатындағы этностар мүдделері;
- этностардың өз тілдерін, мəдениетін, салт-дəстүрлерін сақтауға, дамытуға мүмкіндігі
жəне оған мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық деңгейлері мен бағыттары мəселесі;
- елдегі ішкі жəне сыртқы көші-қон мəселесінің этникалық құрамдасы жəне оның
себептері;
- отбасындағы ішкі қатынастардың этностық мазмұн-қырлары мен ерекшеліктері;
- елдегі тіл құрылысындағы жағдай, мемлекеттік тілдің қолданысы деңгейі жəне əр
түрлі этностар тілдеріне мемлекеттік-қоғамдық қамқорлық мəселелері;
- этникалық
мүдделер
жəне
этникалық
байланыстар, бағдарлар,
толеранттылық,эносаралық қайшылықтар мен келіспеушілік, этноұлтшылдық, этноэгоизм
проблемалары жəне оларды шешудің жолдары;
- этносаралық мəдени байланыстар, діннің мəдени байланыстар мен этносаралық
татулыққа əсері.
Этносаралық қатынастардың теориясы мен практикасы саласындағы мəселер бойынша
ТМД елдеріне танымал ғалым, саясаткер Р.Г. Абдулатиповтың этносаясаттың пəніне берген
мына анықтамасы да бұл пəннің күрделілігі мен қамтитын құбылыстарының ауқымдығын
көрсетеді: «Этносаясаттанудың пəні — əлеуметтік-саяси институттар жүйелеріндегі
этникалық, этноұлттық, этникоаралық, этномəдени қатынастардың генезисі, этникалық
факторлардың саяси билікке, идеяларға, саяси-құқықтық нормаларға, билік қатынастарына,
саяси мекемелердің, партиялардың қозғалыстардың этноұлттық қатынастар саласындағы
қызметіне əсері»[4, 25]
Этносаясат іс жүзінде қоғамдағы барлық маңызды деген əлеуметтік-саяси
қатынастардың этностық мазмұнын, оның ерекшеліктер мен этносаралық қатынасқа ықпалы
мəселелерін саясаттану ғылымының талаптары мен жетістіктерін тұрғысынан тұтастай
қарастырады. Бұл мəселерді зерттеуде этносаясат кешенді əдісті қолданады, яғни этнос
тіршілігінің макро орталығын – елдегі саяси-əлеуметтік жəне экономикалық жағдайларды
ғана емес, соныман бірге мезо- жəне микроортадағы этникалық топтардың жағдайы мен
мүдделері мəселелерін зерттейді. Мысалы, Қазақстан жағдайында бұған жекеленген
облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы, ауылдар мен еңбек ұжымдарындағы этникалық
топтардың мүдделері мен сұраныстары жатады.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша этносаясат жас пəн болғандықтан оның пəні мен
объектісі саясаттанудан бүтіндей, түбегейлі айырмашылықта бола алмайды оның басты
өзіндік ерекшелігі – ол саясат пен этникалықтың түйісер тұстарын қарайтын саясаттанудың
бір саласы болып табалады.
Сонда қандай үдерістер мен құбылыстар этносаясаттың пəндік – проблемалық
кеңістігін құрайды?
Біріншіден, этностар мен этникалық топтар жөнінен мемлекеттік саясат: мемлекеттік
құрылыс саласын қоса қамтитын этникалық топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
олардың мемлекеттік органдардағы өкілділігін қамтамасыз ету, этностардың өзара
қатынастарын реттеу, саяси шешімдер қабылдарда этностар мүдделері мен ерекшеліктерін
еске алу.
247
Екіншіден, этностар мен этникалық топтардың саясатқа қатысуының түрлері мен
нысандары: этносаяси қозғалыстар мен шиеленістер, этносаяси институттар мен жекеленген
саясаткерлер қызметі, этнократияның қалыптасуы мен функциясы.
Үшіншіден, этносаяси сана мен сан-сезімді, этноұлтшылдық идеология мен саяси
мəдениетті, ксенофобияны қамтитын идеялы-саяси саладағы үдерістер.
Төртіншіден, азшылықтың мүддесін қорғау жөнінен дипломатиялық, гуманитарлық
миссияларды жəне əскери əдістерді қоса қамтитын этникалық саясаттың халықаралық
өлшемдері. Мысалы, аумақтық жəне халықаралық қауіпсіздікке əсер етуі мүмкін этникалық
ұлтшылдық, жаһандық үдерістердің этностардың саясаттануына ықпалы, трансұлттық
этникалық қауымдастықтардың қалыптасуы мəселелері.
Қазіргі қоғамның қажеттіктері мен талаптарына байланысты жəне соларға сай жауап
беру үшін этносаясат пəні қоғамдық ғылымдардың бүкіл жүйесімен көп салалы жəне терең
байланыста. Солардың ішінен ең тығыз байланыстылары саясаттану, əлеуметтік психология,
этнология, саяси əлеметтану, құқықтану, экономика жəне тарих ғылымдары. Бірақ бұл
тізіммен этносаясаттың ғылым аралық байланыстары шектелмейді.
Этносаясаттың заңдылықтары, функциялары мен негізгі категориялары.
Этносаясат пен этносаралық қарым-қатынастар саласындағы этнобілімнің мынадай екі
деңгейі болады: теориялық жəне практикалық. Теориялық этносаясат этностар тіршілігінің
жалпы саяси-əлеуметтік мəселелерін қарастырса, қолданбалы этносаясат этностар өмірінің
нақты мəселелерін талдаумен айналысады. Қолданбалы этносаясатқа этнос өкілдерінің
мемлекетке жəне оның саяси, əлеуметтік, экономикалық саясатына көзқарасын, қолдауы
деңгейін зерттеудің саяси технологиялары жатады. Этносаясаттың аса маңызды міндетіне
этностар мен олардың өзара қатынастарының негізгі заңдылықтары мен дамуы үрдістерін,
олардың функциялары мен даму ерекшеліктерін анықтау, талдау енеді. Этностар өмірінің,
əсіресе, олардың көпэтносты қоғамдардағы саяси, əлеуметтік-экономикалық, рухани-мəдени
өмірінің жай-күйі мен даму заңдылықтарын білу – қашанда аса маңызды теориялық-
практикалық қажеттіліктер қатарына тұрады. Ол, əсіресе, көпэтносты қоғам жағдайында
өмір сүріп, еңбек ететін əр болашақ маман үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Ал
оларды білу саяси басқарушылар үшін айрықша сипат алады: олар этностар өмірін
басқарудың заңдылықтарын білу арқылы дұрыс ұсыныстар береді жəне қажетті саяси
шешімдерді өз уақытында қабылдайды, оларды өмірде нəтижелі жүзеге асырады, тууы
мүмкін этношиеленістердің алдын алады.
Бүгінде
зерттеушілер
энтосаяси
заңдылықтарды олардың қызмет жасау салалары мен көрінуі деңгейлеріне байланысты үш
топқа бөледі.
Бірінші топқа этносаясаттың қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланыстары
мен өзара қимыл бірлігін білдіретін салалар жатады. Бұған этносаясаттың қоғамның саяси
жүйесі институттары қызметіне, əлеуметтік жəне экономикалық құрылымдарға объективті
тəуелділігі, сондай-ақ этносаясаттың өз кезегінде қоғамдағы саяси үдерістерге,
экономикалық, əлеуметтік, рухани-мəдени салаға ықпалына қатысты заңдылықтары, əсіресе,
рухани-этикалық жатады.
Екінші топқа этносаясаттың өзінің мазмұнын құрайтын құрылымдық элементтер,
оның мəнді жəне тұрақты байланыстары мен даму үдерістерін білдіретін заңдылықтар
жатады. Бұған этностардың саяси санасы, этностық саяси мəдениет, этностар мүдделері,
этностық сəйкестілік (идентичность), этностық менталитет жəне тағы басқалары енеді .
Үшінші топқа этносаясаттың тұрақты байланыстары мен даму үдерістерінің жеке,
нақты қырларын қамтитын заңдылықтар жатады. Заңдылықтардың бұл тобына мыналарды
жатқызуға болады: этнос жəне мемлекеттің тіл саясаты, этнос жəне мемлекеттің
миграциялық саясаты, этнос жəне дінаралық қатынастар, этнос жəне қоғамдағы этносаралық
келісім мен татулық проблемалары жəне тағы басқалары.
Əрине, бұлай топтаудың өзі де негізінен шартты, өзгермелі екендігін, қатаң ережелері
жоқтығын есте ұстау əр кез қажет болады. Өйткені, саясат пен этносаясаттың
заңдылықтары табиғат заңдылықтарындай өз объектісімен тікелей, себеп пен салдардың
248
қатаң формуласы қатынастары түрінде қызмет жасамайды. Бұнда бəрінде бір ізді, бір
тұрпатты детерминация болмайды. Саясатта белгісіз, болжауға, алдын ала бағалауға қиын
құбылыстар мен оқиғалар тізбесі, екінші дəрежелі факторлардың араласуы жиі кездеседі.
Осыдан барып, этносаясаттың да тарихи жағдайлардан, этностардың əлеуметтік
белсенділігінен, мінез-құлқындағы ұстаным-əдеттерге тəуелділігі саяси заңдылықтар
сипатына, оларды анықтау мен түсіндірудің əдістеріне əсер етері сөсіз.
Этносаясат теориясы да басқа қоғамдық ғылымдар сияқты белгілі бір функцияларды
орындайды. «Функция» түсінігі (латынның funktio деген сөзінен шыққан) кез келген саяси
немесе əлеуметтік құрылымның қызметі, оны орындауы, міндеттерінің ауқымы дегенді
білдіреді. Этносаясаттың функциялары қоғамдық өмірдің көптеген салаларында жүзеге
асырылатын болғандықтан, олар белгілі бір мөлшерде жіктеуді қажет етеді. Бұл жерде
мынаны есте ұстаған жөн. Этносаясат теориясы біршама жас ілім жəне оның көптеген
заңдылықтары мен категориялары, түсініктері əлі де қалыптасу, сұрыпталу, зерттелу,
талдану үрдісінде болғандықтан оның функциялары да белгілі бір жағдайда шартты, даму,
қалыптасу, түзілу үстінде деп есептеуге болады. Этносаясат теориясының бүгінгі
жетістіктері деңгейіне сүйене отырып оның мынадай негізгі функцияларын атауға болады:
танымдық, идеологиялық, болжамдық, интеграциялық, саяси əлеуметтендіру [5,]. Əрине, бір
мақаланың шеңберінде этносаясат пəнінің күрделі методологиялық мəселерін толық қамту
мүмкін емес. Ол еліміздегі жоғарғы мектептегі қоғамтанушы мамандарының ұжымдық
ізденістерін де қажет етеді. Этносаясат пəні мазмұны, құрылымы жəне қамтитын қоғамдық
процестердің ауқымы жағынан, егер оны оқыту мен меңгертуді дұрыс жолға қоя білсек
Қазақстанның түбегейлі стратегиялық мақсаттарын қамтамасыз етуге яғни қоғамдық келісім
мен татулықты нығайтуға септігін тигізері – даусыз мəселе.
Президент Н. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында былай
деп, баса көрсетті: «Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты
себебі – бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі
табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық
азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі
ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық
құндылықты біз əрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз».
Ал осы жалпыұлттық құндылықты жас ұрпақтың, болашақ маманның бойына сіңірудің
пəрменді де нақты тетіктерінің бірі – шығарамашылықпен, сапалы оқытылатын, дəл солай
игерілетін этносаясат пəні болады деп, ойымызды түйіндейміз.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. Астана, 2012.
2. Сикевич З.В. Социология и психология национальных отношений: учебное пособие. СПб.,
1999. С.10
3. Тишков В.А. Шабаев Ю.П. Этнополитология: политические функции этничности: учебник
для вузов. М., 2011. С.13
4. Абдулатипов Р.Г. Этнополитология: Учеб. пособие. –СПб., 2004.
5. Шабаев Ю.П., Садохин А.П. Этнополитология. Учеб. пособие. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.
6. Назарбаев Н. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол. Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
249
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРНЫ
Назарова А.А.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы, қ. Қызылорда
«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс
тепті. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір,
арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің
тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді əр уақытта. Осылай
елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге
сыйып отыр» [1, 1б.].
Елімізде 130-дан аса этнос өкілдері бір ұлттық мүдде, ортақ Отан, бір мақсат жолында
өмір кешуде. Көп этносты қоғамда ел бірлігін қалыптастыру жəне нығайту мемлекеттің
қауіпсіздігі мен тəуелсіздігін қамтамасыз етудің, оның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси
дамуындағы стратегиялық басымдықтарды іске асырудың негізгі шарты болып қала береді.
Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне
əлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты. Елдің экономикалық өсуі, əлеуметтік
ілгерілеуі жəне демократиялық дамуы тек қоғамның топтасуы мен бірлігін сақтағанда ғана
мүмкін болады. Полиэтносты жəне поликонфессиялы құрылымы бар мемлекетті нығайту
этностардың қазақ халқының айналасына топтасуы негізінде қалыптасқан біртұтас
азаматтық қауымдастығынсыз мүмкін емес. Əр этнос өзінің дəстүрлерін, тілін, мəдениетін
сақтай жəне дамыта отырып, «бір ел - бір тағдыр» қағидатымен бірігуі керек.
Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың ана тілін, мəдениетін, дəстүрін сақтауға, ары
қарай өркендетуге толықтай мүмкіндік берілген жəне барлық этностардың Ата Заң негізінде
білім алып, еңбек етіп, əр түрлі салаларда табыстарға қол жеткізу үшін жағдай жасалған.
Қазіргі жағдайда ұлтаралық келісім моделінің формуласы Қазақстан Республикасының
Конституциясындағы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы
қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып…» [2, 3б.], - деп басталатын жолдардан айқын
көрініс тапқан.
Осылайша, еліміздің Негізгі Заңы бойынша Республика азаматтарының полиэтникалық
қоғамдағы бірлігінің мызғымас ұстанымы қаланды. Онда азаматтық жəне этникалық
ұстанымдар бір біріне қайшы келмейді, керісінше өзара байланыста болып, бірін бірі
толықтырып тұрады.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлтымен қоса, елімізде мекендейтін барлық
этнос өкілдеріне билік тарапынан көңіл бөліне бастады. Осы мақсатта 1995 жылы
Қазақстанда ұлттық саясатты жүзеге асыратын, республикалық жəне өңірлік, жергілікті
ұлттық-мəдени орталықтардың жұмысын біріктіретін қоғамдық институт– Қазақстан халқы
Ассамблеясы құрылды. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің бірегей
ұстанымы болып отыр. Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың
басын біріктіруге негіз болған Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Үлгісі бүкіл əлемге бейбітшілік
пен ынтымақтастықтың жаршысы ретінде танылуда.
Сонымен
қатар
Елбасымыз: «Ассамблеяның
бүкіл
инфрақұрылымы
қазақстандықтардың, ең алдымен, біздің жастарымыздың бойында ортақ үйіміздегі
бейбітшілік пен келісімге деген жоғары жауапкершілік сезімін тəрбиелеу үшін жұмыс
істеуге тиіс. Бұл жүйе əрбір қазақстандықтың - оның саналы өмір сүруінің бірінші күнінен
бастап өмірінің барлық жақтарына бойлап енуі керек» [3, 1б.], - деп осы органның басым
бағыттарының бірін атап көрсетті.
Əлем тарапынан мойындалған этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық моделін
барлық аудиторияларда, барлық факультеттерде, түрлі мамандықтарда оқитын студенттерге
насихаттау, осы бағыттағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан – 2050: Мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
250
стратегиялық даму бағдарламасына сəйкес ұлтаралық келісімді сақтау мақсатында жеке
адамдардың, топтардың, əлеуметтік жұртшылықтың арасындағы мəдени, діни, нəсілдік жəне
басқа айырмашылықтардың заңдылығын мойындайтын, басқа адамдардың түр-түсіндегі,
бет-əлпетіндегі, мінез-құлқындағы, жан-дүниесіндегі айырмашылықтарға төзімділікпен
қарайтын, ұлттық ынтымақтастық пен қоғамдық келісімді ту ететін жаңа буын жас ұрпақ
тəрбиелеуді қолға алып отыр.
ҚР президенті Н.Ə. Назарбаев ұрпақ тəрбиелеу мəселесін үнемі жіті назарында ұстап: «
20 жыл ішінде біз Тəуелсіздік жағдайында өсіп шыққан қазақстандықтардың алғашқы
буынын тəрбиеледік. Оларды елдің жəне халықтың игілігіне орасан күш-жігермен жұмыс
істейтін патриоттар, белсенді жəне толерантты азаматтар етіп тəрбиеледік... Біз Отанның
толерантты патриоттарының болашақ буынын тəрбиелеу үшін одан əрі жұмыс жүргізетін
боламыз. Бұл біздің ортақ міндетіміз... Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты
мағынасына айналуға тиіс» дей келе, бізге «Бір сауал қоймақпын. Халық Ассамблеясы
балаларға мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын қабылдауға қатыса ма? -
Жоқ!...Ассамблея мамандары мектептердің тарих бойынша оқулықтарына толеранттылық,
оларда қазақстандық этностар достығының көп қырлы тарихының көрініс табуы тұрғысында
сараптама жасай ма? - Тағы да жоқ!
Бұл ұсақ-түйек емес! «Еркіндік тек заңдарға ғана тəуелді болудан тұрады», деп
Вольтердің өзі айтып кеткен. Яғни, заңдарда олардың бəрі де жазылған. Егер біреулер
ұмытар болса, оған жан бітіру керек» [3, 1б.] , - деп болашақта жүрер жолымызды айқын
анықтап берді.
Осыған орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2014-
2015 оқу жылының қарсаңында Қазақстан-2050 Стратегиясының «Жаңа қазақстандық
патриотизм - біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-ші
басымдығына сəйкес жəне университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі негізінде Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ ректорының 2014 жылдың 7 маусымындағы №951-а бұйрығымен «Қазақстан
халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды. Кафедраны ашудағы басты мақсат - қазақ
халқының тарихы мен мəдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі
туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мəдениеттерді,
тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін дамыту болып табылады.
Кафедра оқытушылары «Əлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар»,
«Қазақстандағы этностардың тарихы мен мəдениеті», «Əлеуметтік этнография жəне
демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пəндерінен дəрістер береді. Типтік
оқу бағдарламалары жоқ пəндерден арнайы оқу бағдарламалары жасалынған.
Университеттің барлық мамандықтары бойынша факультеттерінің оқу жоспарларына
«Қазақстандағы этностардың тарихы мен мəдениеті» қосымша пəн ретінде ғылыми-
қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін енгізілді. Бұл курс бакалавриат студенттерінің
орта мектептерде «Қазақстан тарихы», «Жалпы тарих», «Мəдениеттану» пəндерінің
логикалық жалғасы жəне жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында қосымша оқу
түрі ретінде оқытылады. Сондай-ақ, басқа да міндетті пəндермен қатар студенттердің негізгі
білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы этностардың тарихы мен мəдениетін оқыту үлкен қиындықтар мен
күрделі мəселелерден тұрады. Ол ең алдымен, ғылыми жете зерттелген типтік
бағдарламаның, мықты оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығына байланысты.
Біз осы пəннің бағдарламасының негізіне «Қазақстан – 2050: Мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» стратегиялық даму бағдарламасы жəне Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 18 сəуірдегі № 552 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының
(2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының қағидаттарын басшылыққа алдық.
Оқу бағдарламасының мақсаты білім алушыларға Қазақстандағы этностардың
этникалық тарихы мен халықтардың қоныстануын, этностардың ерекше нышандары – тілін,
материалдық жəне рухани мəдениетін, əдет – ғұрыптарын, салт – дəстүрлерін, діни
сенімдерін, əлем халықтарының өзіне тəн отбасылық жəне неке құру салттарын, тұрғын үй
251
жайлары, ұлттық киімдерін, т.б. таныстыру, білім беру. Аталған жайлар этностардың
ерекшеліктерін білдіреді жəне олардың қорғауды қажет ететін, сонымен қоса көршілес
халықтармен бірге құнды пайдалануға тұратын мəдени мұраларын көрсетеді.
Пəннің мақсаты білім алушыларға Қазақстанда тұрып жатқан этностардың этногенезін,
олардың қазақ жеріне қоныстану тарихын түсіндіру, этномəдени қалыптасу ерекшеліктерін,
этнографиясы мен рухани мəдениеттерін жан-жақты оқытып, білім беру жəне сол арқылы
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.
Пəннің міндеттеріне Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен
мəдениеті, қазақтардың Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, этностық
мəдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін дамыту, конфессияаралық
ынтымақты насихаттау, елдегі саяси тұрақтылықтың маңызын терең түсіндіру негізінде
студент жастарды толеранттылыққа тəрбиелеу жатады.
Осы пəнді меңгеру нəтижесінде білім алушыларда:
- Қазақстандағы этностарының жəне халықаралық мəдениеттің тарихын дамуы процесі
мен ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстанда тұратын жəне заманауи этностарының этникалық дəстүрлі формасы
жөнінде түсінік болу;
-Мəдениеттің саналуандығымен Қазақстандағы қоғамдағы толеранттылық мəселесі;
- Жалпы қоғамдық, еуропалық жəне əлем мəдениетімен Қазақстан халқының мəдени
интеграциясы туралы мінездеме жөнінде түсінік болу;
- Мəдениетті қалыптастырып, даму деңгейін жəне шығармашылық жұмысқа деген
қызығушылығын арттыру;
- Жеке өмірге қатысты зерттеу сұрақтарын ұйымдастыру білу дағдыларын
қалыптастыру көзделеді.
Түйіндей келе, Ұлт Көшбасшысының мына сөздерінің біздің келешек жас ұрпақты
тəрбиелеу қызметімізде бағдаршам болары анық екенін айтқым келеді.
«10 жылдан кейін мектептеріміздің түлектері қазақ тілінде 100 пайыз сөйлейтін болуы
тиіс.
Барлық азаматтардың қазақ тілін білуі - əшейін бір ұран емес, бұл - олар еліміздің
тарихын, ерте дəуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының тарихын, мəдениетін,
дəстүрін білетін болады деген сөз. Бұл барлық қазақстандықтардың бұрынғыдан да
жақындасуына жетелеп, біздің арамыздағы сенімді күн сайын, жыл сайын нығайта түсетін
болады.
Ассамблея жұмысының мақсаты, міне, осында. Ұлы Абай былай деген еді: «Басқа
халықтың тілі мен мəдениетін білу адамды сол халықпен тең етеді». Бұл жерде əңгіме тек
қазақ тілі туралы ғана емес, жалпы тілдер туралы. Тілді білсең, сол халықпен тең боласың.
Қандай терең сөздер! Яғни, бұл барлығы араласқан, бүкіл əлем бір-бірімен қатынасқа түскен
бүгінгі жаһандық дүниеде қажеттілік болса, ол біз үшін жəне біздің балаларымыз үшін де
ашық.
Біз сондай-ақ барлық этностық топтардың мəдениетін, дəстүрлерін, салттарын, тілдерін
сақтап дамыту бойынша, біздің бай ортақ тарихи-мəдени мұрамызды сақтау бойынша
жұмыстарды жалғастыруға тиіспіз.
Бұл ел ішіндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, оның өркендеуі мəңгілік болуы
үшін қажет» [3, 2 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |