Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет61/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
56 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ 
ЖҮМЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ 
 
Боранбаева Ақтолқын Раисбековна 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті , 
Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасы, 
Доцент м.а, философия докторы ( Phd) 
Майлиева Жансая Сәбитқызы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті , 
Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасы, 
Магистрант 
Шымкент/Қазақстан 
 
Аңдатпа.
Мақалада оқушылардың танымдық саласын дамыту мен өзектендіру 
ұғымдары қарастырылады. Бастауыш сыныптың танымдық қызығушылық жөнініде 
озық ойлы пікірлер, ойын технологиясы, әртүрлі тәжірибелер қамтылған. Мақалада 
дидактикалық материалдармен жұмыс жасау маңыздылығы мен өзектілігі жайлы 
айтылған.Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуының жоғары деңгейіне және 
танымдық ойлау қабілетін дамуты маңыздылығы ерекше екенін атап көрсетеді. 
Кілт сөздер. 
 Технология,таным,белсенділік,ойын,дидактика 
 
Кіріспе.
Бастауыш мектеп – ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты 
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің 
алғашқы сатысы .Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды 
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. 
Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, 
білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті 
жағдайлар жасау екендігі айтылған.
 
Біздің мемлекетіміздің, мектебіміздің, тәрбиешілеріміздің және ата-аналарымыздың 
алдында әрбір оқушыны тек саналы қоғам мүшесі, тек дені сау және мықты адам етіп 
өсіру ғана емес, сондай-ақ міндетті түрде бастаған ісіне шығармашылықпен қарайтын, 
терең ойлайтын азамат етіп өсіру мәселесі тұр. Егер адам шығармашылықпен ойласа, 
егер айналадан өз-өзін жетілдіру мүмкіндіктерін көре білсе ғана белсенді өмірлік 
ұстанымы қалыптасады. 
Оқу үрдісінде оқушылар бар білімді дайын күйінде алмастан, мұғалімнің бағыт-
бағдар беруі арқылы оның басым бөлігін өз бетімен іздену тапсырмалары, танымдық 
қызметті белсенді ететін түрлі әдіс-тәсілдер, проблемалық ситуациялар арқылы алуы 
шарт.Сондықтан қоғам дамуының қазіргі кезеңінде мектепте оқу процесіне жаңа 
технологиялар енгізілуде. 
Технология
(грек тілінен аударғанда techne - өнер, шеберлік, логия – ғылым) – бұл 
шикізаттар мен материалдарды алу, өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет