Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет69/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95
 
 
 
Іс-әрекет
Оқу әрекеті 
Еңбек әрекеті 
Ойын әрекеті


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
62 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. Ойындарды пайдалану әдістемесінің құрылымы
 
Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген 
қызығушылық барынша өсе түсуде
. Г.А.Кулагина
зерттеу үдерісінде ойындағы таным 
дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын 
анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі 
дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, 
байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны 
мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік 
жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік 
береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, 
осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. 
(К.А.Родкин)
. Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі 
болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға 
қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді 
айтуға болады: 
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты 
психикалық үрдістерді жандандырады. (
Г.А.Ляпина, М.В.Стронин
және т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан 
терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына 
мүмкіндік береді. (
Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина
); 
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне 
қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен 
пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (
Ю.П.Азаров, О.С.Кель, В.Н.Терский
); 
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып 
табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
(
А.А.Баранов, В.И.Иванова
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет