Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет63/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95
Танымдық белсенділік
– оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының
құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын 
іздестіруде, өзінде жұмыс орындауда жүзге асады. 
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. 
өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне 
мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, 
ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал, 
оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағы беріп, басқарып отыру – мұғалімнің міндеті. 
Ахмет Байтұрсынов
оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе 
арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық – 
кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала 
үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Оқушылардың оқу үрдісіне кірісу деңгейі мен танымдық белсенділігінің байқалуы – 
нөлдік көрсеткіштен ең жоғарыға дейін өзгеретін динамикалық көрсеткіш. Белсенділігі 
әртүрлі деңгейдегі оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін 
талдап әрі олармен өзара оқу әрекетін ұйымдастыру стратегиясын анықтап көрелік. 
Оқытушының тактикалық әрекеті оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін күнделікті шешуге 
бағыттаса, стратегиясы оқу үрдісін оңтайландыруға бағытталады. 
Олардың белсенділік деңгейлері: 


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
58 
1.Нөлдік деңгейдегі белсенділік.
Бұл деңгейдегі оқушылар белсенділігі өте төмен
оқу жұмысына әрең кіріседі, жоғары бағалары жоқ, әуел баста оқуға ынтасы жоқ 
оқушылар.
Олар тез арада жұмысқа кірісе алмайды, алайда өз белсенділігін бірте-бірте көтеруге 
қабілетті. 
Оқытушы бір қызметтен екінші түріне тез ауысуды қажет ететін тапсырмаларды 
ұсынбауы керек, олардан тез арада жауап беруді талап етпеу керек, жауап беріп жатқан 
кезде ойын бөлуге, тосыннан сұрақ қоюға болмайды. 
Оқытушы олармен жақсы қарым-қатынаста болуы қажет. Бұл тактикалық кезең, ал 
стратегиялық жағынан қарасақ, оқытушы әртүрлі педагогикалық әрекеттер жасау арқылы 
оқушыларды нөлдік белсенділіктен жағдаяттық деңгейге көшіруі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет