Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана



Pdf көрінісі
бет71/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
1.
Ойын-саяхаттар
. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, 
қарапайым жұмбақ арқылы беріледі
2.
Ойын-тапсырмалар.
Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік 
тапсырмалар құрайды.
3.
Ойын-болжамдар.
Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» 
деген сұрақтарға негізделеді. 
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен 
ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
64 
4.
Ойын-жұмбақтар.
Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының 
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және 
сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына 
әсер етеді. 
5.
Ойын-әңгімелер.
Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және 
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын 
мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды 
эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік 
туғызады. 
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: 
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар. 
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар. 
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар. 
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар. 
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. 
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге 
болады: 
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар. 
2. Жаттығу ойындары. 
3. Шығармашылық ойындар. 
4. Драмалық ойындар. 
5. Әдеби-музыкалық ойындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет