Зерттеу нәтижелері: мұғалімдермен сұхбат
«Балалардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға
ата
-
аналар қалай әсер етеді?»
Респонденттердің жалпы пікірі (68%) ата
-
аналардың баланың
тұлға ретінде дамуына, оның сыртқы ортаға бейімделуі және қоғаммен
қарым
-
қатынас орнату үшін қажетті дағдылары мен білімінің
қалыптасуына
өте күшті әсер ете алатындығына келіп тіреліп отыр.
-
Ата
-
аналардың мектепке қарағанда оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыруға тигізетін әсері
өте зор. Мектепте балалар,
негізінен, академиялық білім алады, ал өмірлік дағдылар тек үйде ғана берілмек
(Сынып жетекшісі).
-
Адам әрекет үстінде қалыптасады. Отбасында балалар мен ересектердің
біріккен әрекет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндіктері мол. Бұл қатарға
үйдегі
жұмыстарды, ойындарды және басқа да жағдайларды қосуға болады
(Директордың ОТЖ
жөніндегі орынбасары).
-
Жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстары нәтижелерінің бірі
балалардың дамуына 40% мөлшерінде отбасы ықпал ететін болса, 30%
-
бұқаралық ақпарат құралдары
, 20% -
мектеп, 10%
-
аула немесе қоршаған
ортасы әсер етеді екен. Сол себепті, ең алдымен, балалардың функционалдық
сауаттылығына ата
-
аналардың әсер ететіндігін естен шығармаған дұрыс
(Психолог).
Сондай
-
ақ, сұхбат барысында қосымша «Ата
-
аналардың қайсысы
балалардың функционалдық
сауаттылығына қатты әсер ете алады?» деген
сұрақ
қойылды.
Барлық
отбасыларында
жағдайдың әр түрлі болатындығына қарамастан,
респонденттердің басым бөлігі аналарды баланың
табысты
әлеуметтенуіне
қажетті
білім
және
дағдыларды
қалыптастыруда анағұрлым белсенді деп таныды (74%).
-
Баланың бойында табыстылық пен қажетті дағдылардың қалыптасуына
аналар көп әсер етеді. Олар ата
-
аналар жиналысына жиі барады және әр түрлі
мектеп
-
ішілік іс
-
шараларға да белсене қатысады. Ал, әкелері отбасын асырау
үшін
көп жұмыс істейді, сол себепті олар өз балаларына аз көңіл бөліп қалып
жатады (Мектеп директоры).
Бұл ретте сұхбат барысында аналардың балаларына көп уақыт
және көңіл бөлетіндігіне қарамастан, әкелердің балаға анағұрлым күшті
әсер
ететіндігі де айтылды.
-
Аналардың бос уақыттары көп, олар мектепте жиі болады, мұғалімдермен
сөйлеседі, өз баласының үлгерімін қадағалайды. Дегенмен, бәрібір де әкесінің өз
34
баласына әсері өте күшті, себебі олардың өз балаларының алдындағы беделі өте
жоғары (Директордың
ОТЖ жөніндегі орынбасары).
Сұхбатқа қатысушылардың
келесі бір бөлігі (негізінен, ауыл
мектептерінің өкілдері) баланың функционалдық сауаттылығының
қалыптасуына
ата
-
аналардың екеуі де айтарлықтай әсер етеді деген
пікірлерін білдірді.
-
Бұрын мектепке тек аналары ғана келетін. Ал, қазір әкелер де
мектептегі шараларға, жиналыстарға белсенді қатыса бастады (Мектеп
директоры).
-
«Балалардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуына
қандай
отбасылық факторлар әсер етеді?»
Респонденттер берген жауаптардың нәтижелері бойынша
,
өте
жиі
аталып өтілген факторлар қатарына «білімділік, ата
-
ананың кәсіби
қызметі
және отбасының әлеуметтік жағдайы» секілді факторлар
(37%),
сонымен қатар
«мейірімді қатынастар
,
қолайлы
отбасы жағдайы»
деген
факторлар аталып өтілді
(31%).
Маңызды отбасылық факторлардың басқа
тобына
«ата
-
ана
жауапкершілігі, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі талап»
(25%),
«уақытты бірге өткізу
,
мәдени орындарға бару
,
отбасылық оқулар»
(25%), «балаларға назар аудару
,
қамқорлық
таныту және моральдық
тұрғыда мадақтау»
(23%)
жатқызылды
.
-
Бала –
ата
-
анасының айнасы. Егер ата
-
ана баласының сабағына
күнделікті көңіл бөлетін болса, бос уақытын баласымен бірге өткізуге
дағдыланса, әр түрлі тақырыптарда әңгіме айтатын болса, онда баланың ойлау
қабілетінің
дамуына оң
әсерін
тигізетін болады (Директордың ОТЖ жөніндегі
орынбасары).
-
Балаларымен бірге кітап оқып, оқыған шығарманы өзара талқылап,
балаларымен бірге мұражайға барып жүретін интеллектуалды дамыған
отбасыларында балалардың сөйлеу қабілеті, жазу сауаттылығы, қарым
-
қатынас
жағдайлары жақсы дамыған болады (Бастауыш сыныптар мұғалімі).
-
Ата
-
аналардың
балалардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудағы
маңызы зор. Бұл олардың өз балаларының оқудағы
табыстары мен сәтсіздіктеріне назар аударуына, үйдегі ортақ істерге
жұмылдыруға: атап айтқанда, ұйқы және демалыс режімі, салауатты
тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, техникалық құралдарға қолжетімділікті
қамтамасыз
ету, көңіл көтеру
шараларын ұйымдастыру мәселелеріне
байланысты көзқарасына байланысты көрініс тауып отыр.
Респонденттердің бір бөлігі «отбасылық дәстүрлер»
(17%)
және
«ата
-
анасының нақты мысалы» (9%)
секілді факторларды көрсеткен.
Кейбір мұғалімдер балаларды үй шаруасына байланысты
жұмыстарға тарту, отбасылық бюджетті талқылау ісіне қатыстыру, әр
түрлі
тұрмыстық
жағдайларды
шеше
білуге
дағдыландыру
әрекеттерінің
де балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға
әсер
ететіндігі туралы пікірлерін білдірді.
35
-
Ауылды жерде тұрып жатқандықтан, балалар кішкентай кезінен бастап
еңбекпен айналысады: жеміс
-
жидек өсіреді, үй жануарларын күтеді. Осыған орай,
олардың бойында сабақтағы белсенділік те дамиды (Бастауыш сыныптар
мұғалімі).
-
Ата
-
ана баланың бойындағы интеграцияланған мектеп сабақтарымен
жұмыс істей алу біліктілігін дамытуы, оларды отбасындағы экономикалық
қажеттіліктерді есептеуге, тұрмыстық мәселелерді шешуге, сондай
-
ақ үй
еңбегін рационалды және дұрыс ұйымдастыра білуге үйретуі тиіс (Мектеп
директоры).
«Баланы тәрбиелеу тәсілдерінің бірлігі», «ата
-
ана
-
бала», «ата
-
ана
-
мектеп» өзара қарым
-
қатынастары секілді жауаптар біршама
сирек берілді.
«Баланың біліміне бақылау жасап, араласуға ата
-
аналарға қандай
факторлар кедергі келтіреді
?
Ата
-
аналарға
балаларының
мектептегі
өміріне
белсенді
араласуға кедергі келтіретін себептерге қатысты, респонденттер
бірнеше негізгі мәселені атап көрсетті.
Респонденттердің бірқатар бөлігі респонденттердің жұмыстан
қолы
босамайтындығын атап өткен
(62%).
-
Ата
-
анасының қолының босамауы және балаға тиісінше бақылау жүргізбеуі
салдарынан балалардың қосалқы факторларға қолжетімділігіне шек қойылмаған:
интернет, телевизор, компьютер, ұялы
телефон және т.б.
(
Директордың ТЖ
орынбасары
).
-
Көптеген ата
-
аналардың материалдық мәселелерді шешумен қолдары
тимейді. Олар үнемі ақшаны қайдан алсам, отбасын қалай асырасам
деген оймен
жүреді. Олардың баламен бірге отыратын және олармен сөйлесетін уақыттары
жоқ (Директор).
-
Ата
-
аналар таңертеңнен кешке дейін жұмыста… Олар «сабағыңды
оқыдың ба?» деген сауалмен ғана шектеледі. Бұл жеткіліксіз ... (Сынып
жетекшісі).
Көптеген мұғалімдер мен психологтар кейбір ата
-
аналардың
«баланы тәрбиелеу мәселесінде сауатсыз
,
яғни олар баланың бойында
не жоғары не төмен өзіндік бағалау көрсеткішін қалыптастырып
жібереді»
екендігін атап көрсетті. Бұған қоса, кейбір отбасыларында
«балаға бақылаудың жоқтығы, немесе керісінше, мөлшерден тыс
бақылау, қамқорлық таныту» кездеседі. Кейбір респонденттердің
пікірінше, келесі бір мәселе «ата
-
анасының баласына өте жоғары талап
қоюы
болып табылады».
-
Өкінішке
орай, ата
-
аналар ең үлкен байлық –
бала тәрбиесі арқылы көрініс
табатын байлық екендігін түсіне бермейді. Ата
-
аналардың пікірінше, бала
бәрінен жақсы киінуі, тамағы тоқ болуы қажет, қалтасында ұсақ
-
түйек ақша
жүруі қажет, гаджеттері, соңғы үлгідегі ұялы телефоны болуы. Сонда ғана олар
өздерін
жақсы ата
-
анамыз деп есептейді. Бұл, әрине, дұрыс емес (Мектеп
директорының орынбасары).
36
-
«Кейбір ата
-
аналар өз балаларын басқалардың баласымен салыстырады.
Сондай
-
ақ, жақсы баға үшін балаға материалдық сыйақы беретін отбасылар да
бар
...
(Психолог).
-
«Көптеген ата
-
аналар өз балаларын жазалайды, мысалы, жаман оқысаң –
жазда ешқайда бармайсың
(
Сынып жетекшісі
).
Респонденттердің бір бөлігі кейбір отбасыларда (көбіне қолайсыз)
ата
-
аналар «баланы тыңдағысы және түсінгісі келмейді», «мектеппен
бірлесе жұмыс істеуден бас тартады, өз міндеттерінің бәрін
мұғалімдерге жүктей салуға дайын тұрады».
-
Баланың сабаққа дайындығына тиісінше бақылау жасамайтын ата
-
аналар
бар: күнделік толтыру, оқу құралдарының болуы, портфелін жинап үйренуі және
т.б. (Сынып жетекшісі).
-
Ата
-
аналардың келесі бір бөлігі баланы тәрбиелеу ісінде жеткілікті
мөлшерде сауатты емес. Олардың позициясы: баланы мектепке бердік –
енді
өздерің
оқытып алыңдар (Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары
).
-
Ата
-
аналардың басты қателігі, олардың өз балаларына көңіл бөлмеуі
болып табылады (Директор).
Басқаша айтатын болсақ, мұндай отбасыларында қарым
-
қатынас,
өзара
түсіністік мәселелеріне байланысты қиындықтар туындап
жатады. Бұл фактор баланың үлгеріміне ғана теріс әсер етіп қоймай
,
оның өз құрдастарымен және мұғалімдермен қарым
-
қатынас жасауына
да әсерін тигізеді.
Бұған қоса, сұхбатқа қатысушылардың пікірінше, ата
-
аналардың
білім деңгейінің төмендігі де мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығының дамуына кері әсер етеді.
-
Біз ата
-
аналардың әлеуметтік
-
экономикалық мәртебесіне талдау жасаймыз
және педагогикалық кеңестерде талқыға саламыз. Біздің мектепте ата
-
аналардың 25%
-
на
жуығының жоғары білімі бар, 60%
-
ы
жалпы орта білімге ие.
Мектеп аудан орталығынан неғұрлым алысырақ орналасқан болса, ата
-
аналардың білімі де осы бойынша төмендей бермек. Біздің басты мәселеміз –
ата
-
аналармен түсіністік қалыптаспаған. Олар балалардан не талап етіліп
отырғандығын, ақылды, функционалды тұрғыда сауатты баланы қалай
тәрбиелеу қажет екендігін өздері де білмейді (Педагог).
«Баланың оқу үлгерімін жақсарту үшін ата
-
аналар не
істеуі
қажет?»
Сұхбат барысында мектеп әкімшілігі, педагогтар мен психологтар
тарапынан балалардың оқу үлгерімін арттырудың әр түрлі тәсілдері
аталып өтілді. Сонымен, респонденттердің
38%-
ының
пікірінше, ата
-
аналар «баланың үй тапсырмасын орындауын жүйелі түрде қадағалап
отыруы тиіс». Бұл ретте жай ғана бақылау аздық етеді, бірқатар өзіндік
жұмыс түрі мен жауапкершілікті де қалыптастыра білу қажет. Сондай
-
ақ, ата
-
аналар «балаға көмек және қолдау көрсетуі қажет». Бұл
мазмұндағы пікір сұхбатқа қатысушылардың
37%-
ның
тарапынан
айтылды
.
37
-
Балалардың оқу үлгерімін жақсарту үшін ата
-
аналар баланың оқу
әрекетіне
белсенді араласуы, баланың болашағы туралы әңгімелерді
ұйымдастыра
отырып, баланың білім алуға деген ынтасын оята білуі, баланы
оқу үрдісін саналы түрде игеруге жетелеуі тиіс (Мектеп директорының
орынбасары).
-
Біріншіден, отбасында жақсы қарым
-
қатынас орнауы қажет, отбасының
экономикалық жағдайы да өте маңызды. Сондай
-
ақ, ата
-
аналардың баланың
тілегіне байланысты да белгілі бір талаптары болуы тиіс. Бұған қоса, ата
-
аналар баланың уақытын дұрыс бөле алуы тиіс (Психолог).
-
Балаларға көп көңіл бөлу, оларды ең шағын деген жетістіктері үшін де
мадақтап отыру, оларға ұрса бермеу қажет (Сынып жетекшісі).
Көптеген сұхбатқа қатысушылар «отбасындағы біріккен әрекет
түрлерінің»
және
«қолайлы
отбасы
жағдайын»
туғызудың
маңыздылығын атап көрсетті.
-
Барлық отбасы мүшелерін (балаларды ғана емес) математикамен,
информатикамен, географиямен айналысатындай ету қажет... баламен бірге әр
түрлі үйірмелерге баруға, интернет
-
конкурстарға қатысуға болады (Мектеп
директоры).
-
Бала анасының құрсағында жатып
-
ақ белгілі мөлшерде тәрбие алып
үлгереді. Егер отбасында тұрақтылық пен жайлылық орнаған болса, бала да
дұрыс дамитын және жақсы оқитын болады. Ата
-
аналар баламен дұрыс қарым
-
қатынас жасай білуді үйренуі тиіс. Мысалы, баламен ой бөлісуге, оған көңіл білуге,
уақыт табуға, мектеппен байланыс жасауға және т.б. (Мектеп директоры).
Көптеген респонденттер сұхбат барысында ата
-
аналар мен
мұғалімдер тығыз байланыста жұмыс жүргізгенде ғана балаға жоғары
академиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге болады деген пікірге келді.
-
Менің ойымша, ата
-
аналар балаларының оқу үлгерімін қадағалап отыруы,
пән мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы қажет.
Мұндай байланыстың жоқтығы баланың тәрбиесіне кері әсер ететін болады
(Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары).
-
Ата
-
аналардың әдістері алуан түрлі, мысалы матемика пәні бойынша ғана
сәйкес келмейтін жағдайлар өте көп. Ата
-
ана өзінше түсіндіреді, мұғалім
басқаша түсіндіреді, сол себепті ата
-
аналарға жиі сабаққа қатысу қажет
(Мұғалім).
-
Өз
балаларына тәрбие беру ісінде ата
-
аналар көптеген кедергілерге
кездеседі: сәйкес білім, денсаулық, уақыттың тапшылығы, тілді білмеу. Өз
баласының үлгерімін жақсарту үшін ата
-
аналар сынып жетекшісімен, пән
мұғалімдерімен жиі сөйлесіп тұруы, сабақтарға қатысуы, баланың қай пәннен
қиналып
жүргенін білуі тиіс (Психолог).
Балалардың үлгерім деңгейін арттыру үшін қажетті келесі бір
маңызды фактор «ата
-
анасы беретін қосымша білім көздері» болып
табылады. Бұған қоса, «баланың салауатты өмір салтын ұстауына,
өздігінен
білім алуына» да жағдай жасалуы тиіс.
-
Ата
-
аналар, ең алдымен, өз баласының үйде сабақ оқуына жағдай туғызуы
қажет, оның әрбір сабаққа дайындығын бақылап отыруы және үй тапсырмасын
38
орындау барысын қадағалауы қажет. Материалдық тұрғыда емес, моральдық
тұрғыда марапаттап отырған жөн. Сабақ оқудан бос уақытында баланың
шығармашылық қабілетін дамытуға, алынған білім негізінде өзге де жақсы
қасиеттерін
дамытуға ықпал еткен дұрыс (Психолог).
-
Баланың компьютерде отыратын уақытын бақылау, күн тәртібінің
орындалуына талап қою қажет (Сынып жетекшісі).
Достарыңызбен бөлісу: |