Кәсіби қазақ тілі 8-тапсырма. Мәтіндегі шылау сөздердің түрлерін ажыра- тыңыз және мазмұндаңыз. Диктордың жұмысы жүргізушіге қарағанда қиынырақ. Себебі
диктор өз жанынан ештеңені қоспай, журналистің қолынан шыққан
дайын мәтінді оқиды. Сондықтан да оның есте сақтау қабілеті жоға-
ры болуы тиіс. Біздің кезімізде қазіргідей суфлер болған жоқ, қағаз-
дан оқыдық. Ол кезде цензура қатты болды, бір сөзді ауыстыруға
болмайтын. Кей кезде тіл маманы болғандықтан мәтіндегі кейбір
сөз тіркесі немесе сөйлемнің дұрыс құрылмағанын іштей сезіп оты-
расың, бірақ соның өзін көрерменге интонация арқылы түсінікті етіп
жеткізу диктордың міндеті. Дикторлық пен жүргізушіліктің арасы
– жер мен көктей. Олай дейтінім, олар дикторлар секілді дайын
мәтінді оқумен шектелмейді, кез келген мәтінді жеткізу барысында
өз жандарынан импровизация жасай алады. Қазіргі жүргізушілерді
«бақытты жандар» деп есептеймін. Барлығы өз қолдарында, қандай
сөз тіркесін қолданса да, қалай айтса да ерік өздерінде, «суфлер»
деген көмекшілері бар, көз алдарындағы экранға шыққан мәтінді
оқиды. Соның өзінде сол дайын мәтінді кейбіреулері дұрыс жеткізе
білмейді, бір сарында оқиды. Мәтіндегі екпін, буын, қаратпа сөй-
лем, одағай немесе сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне қойылатын ты-
ныс белгілерді ескермейді, қажет тұста дауыс ырғағымен құбылту
деген жетіспейді және де бет-әлпеттерінде ешқандай мән-мағына
жоқ. Теледидар технологиясының жаңа талаптары бойынша қазір
мәтінді жүргізушілер оқи бастады. Бәлкім, заман ағымына орай
бұл да қажет шығар, бірақ көгілдір экрандағы көп сауатсыздықтар
осыдан басталғандай болып көрінеді маған.
(Арай Сахариева).