Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет132/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
17-сабақ
«ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫ ГАЗЕТІ» 
Ташкент қаласында «Түркістан уалаяты газеті» шыққан. Га-
зеттің редакторы – орыс және шығыс тілдерінде еркін сөйлеген, 
генерал-губернатордың тілмашы болған, ізгі ниетті Шахмардан 
Мирасұлы Ибрагимов болды. 
  1870  жылдың  28  сәуірінен  бастап,  орыс  тілінде  шығатын 
«Туркестанские  ведомости»  газетіне  қосымша  ретінде  айына 
төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла баста-
ды. Газет 1870-1882 жылдар аралығында шығып тұрды.
«Түркістан  уалаяты  газетінің»  ресми  және  ресми  емес  деп 
аталған басты екі бөлімі болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің 
бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілді. Ресми 
емес бөлімде – қазақ тарихына, экономика жағдайына, салт-са-
наға,  ауыз  әдебиетіне  қатысты  мақалалар,  естеліктер,  хабар-
лар беріліп тұрған.  Онда  егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, 
ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, 
және  әйел  теңдігі  мәселелері  қаралды.  Тұңғыш  газет  өз  оқыр-
мандарына Шоқан,  Ыбырай, Абай  сияқты  көрнекті қайраткер-
лермен алғаш рет танысуларына мүмкіндік жасады.
Газет  «Ғылым  хабары»  деген  айдармен  ғылым  мен  техника 
жаңалықтарын  үзбей  хабарлап  тұрды.  Түркістан  өлкесі  таулы 
аймақтарда  (Алматы,  Ташкент,  Түркістан)  жер  сілкінгенін  де 
жазған.  Газетте  қар  мен  жаңбырдың  пайда  болу  сыры,  аспан 
әлемі  планеталары  туралы  түсініктер,  ғылыми  болжамдар  жа-
рияланды. Әлемдік даңқты саяхатшы Магеланның жердің шар 
тәрізді екенін дәлелдегені туралы ғылыми еңбегін қазақшаға ау-
дарып басты. 
Газет, негізінен, ресми түрде патша үкіметінің отарлау саяса-
тын жариялайтын басылым болды.


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет