Кәсіби қазақ тілі
1. Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время) – қимылдың,
іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда көп бұрын іске
асқандығын білдіреді.
Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.
Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
1) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің
жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің,
(ол) айт-қан.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен ашқан+мын (я
открыл)
Біз ашқан+быз
ІІ.
Сен ашқан+сың (ты
открыл)
Сіз ашқан+сыз (Вы
открыли)
Сендер ашқан-сың+дар
Сіздер ашқан+сыз+дар
ІІІ.
Ол ашқан (он открыл)
Олар ашқан
2) Бұрынғы өткен шақ –ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге не-
месе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е (еді) көмекші етістер тіркесуі
арқылы жасалады.
Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е (еді, екен)
көмекші етістігі ғана жіктеледі.
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен іш+іп+пін
(оказывается, я пил)
Біз іш+іп+піз
(оказывается, мы пили)
ІІ
Сен іш+іп+сің
(оказывается, ты пил)
Сіз іш+іп+сіз
(оказывается, Вы пили)
Сендер іш+іп+сің+дер
(оказывается, вы пили)
Сіздер іш+іп+сіз+дер
(оказывается, Вы пили)
ІІІ
Ол іш+іп+ті
(оказывается, он пил)
Олар іш+іп-ті
(оказывается, они пили)
154
Жағыпарова Майра
Болымсыздық формасы: Сіз іш+пе+п+сіз (оказывается, Вы не
пили).
Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі.
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен оқыған едім
(екенмін), оқып едім
Біз оқыған едік (екенбіз),
оқып едік
ІІ
Сен оқыған едің (екенсің),
оқып едің
Сіз оқыған едіңіз (екенсіз),
оқып едіңіз
Сендер оқыған едіңдер
(екенсіңдер), оқып едіңдер
Сіздер оқыған едіңіздер
(екенсіздер), оқып
едіңіздер
ІІІ
Ол оқыған еді (екен),
оқып еді
Олар оқыған еді (екен),
оқып еді
2. Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время) – сөй-
леп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды біл-
діреді.
Ауыспалы өткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақты есім-
шеге I, II жақтың жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Жақ
Жекеше
Көпше
І.
Мен ұш+атын+мын
(я тогда летал)
Біз ұш+атын+быз
(мы тогда летали)
ІІ. Сен ұш+атын+сың
(ты тогда летал)
Сіз ұш+атын+сыз
(Вы тогда тогда летали)
Сендер ұш+атын-сың+дар
(вы тогда летали)
Сіздер ұш+атын+сыз+дар
(Вы тогда летали)
ІІІ. Ол ұш+атын
(он летал)
Олар ұш+атын
(они тогда летали)
Болымсыздық формасы: Ол ұш+па+йтын (он тогда не летал).
155
Кәсіби қазақ тілі
4-тапсырма. Болымсыз етістікке айналдырыңыз және орыс
тіліне аударыңыз.
Мен
келдім
айттым
кеттім
Сен
келдің
айттың
кеттің
Сіз
келдіңіз
айттыңыз
кеттіңіз
Ол
келді
айтты
кетті
Біз
келдік
айттық
кеттік
Сендер
келдіңдер
айттыңдар
кеттіңдер
Сіздер
келдіңіздер
айттыңыздар
кеттіңіздер
Олар
келді
айтты
кетті
5-тапсырма. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын жалғаңыз.
І
Мен қатыс...
І
Біз қатыс...
ІІ
Сен қатыс...
Сіз қатыс...
ІІ
Сендер қатыс...
Сіздер қатыс...
ІІІ
Ол қатыс...
ІІІ
Олар қатыс...
6-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.
Мен қалада оқығанда, ауылдағы апамды сағынатынмын. Сон-
дықтан жиі хат жазатынмын. Анам маған азық-түлік жіберіп тұра-
тын. Әкем маған ақша салып тұратын. Ағам кейінгі кезде өз жоспа-
ры туралы жиі айтатын болды. Бұл күн тәртібінен түспейтін мәселе
болды.
7-тапсырма. Сөйлемнен өткен шақтың жұрнақтарын тауып,
жасалу жолын анықтаңыз.
1) Ол осы пікірді жиі айтатын еді.
2) Журналистер шығармашылықпен жұмыс істейтін, мақала жа-
затын.
3) Өзім білмейтін тақырыпқа тереңдемейтінмін.
4) Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтын.
5) Журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін
қарастыратын сала.
6) Ең көп тарайтын «Егемен Қазақстан» газеті.
7) Жалақының, қаламақының көлемін анықтаған кезде екінші
топтағы журналистерге басымдық берілетін.
156
Жағыпарова Майра
8) Өзекті мәселені назарға алыппыз.
9) Журналистер өз кәсібінің шеберлері болу үшін басқа маман-
дықтарды меңгеріп алған.
10) Олар журналистика төңірегінде пікірлескен еді.
11) Намазалы Омашев – қазақ журналистикасының дамуына
өлшеусіз зор үлес қосқан, еңбектері алыс-жақын шетелдіктердің
таңдайын қақтырған.
8-тапсырма. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқып, шақтарын
анықтаңыз.
– Балам, сен жаңа қандай мультфильм көрдің?
– Апа, мен «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген мульт-
фильмді көрдім.
– Ол саған ұнады ма?
– Әрине, бұл мультфильм маған өте ұнады. Кіп-кішкентай құс
бүкіл адамдар үшін жақсылық жасады.
– Көрдің бе, балам, демек, мультфильмдегі сияқты өмірде жақ-
сылық және жамандық, мейірімділік және қатігездік болады.
– Апа, менің мейірімді болғым келеді, адамдарға көп жақсылық
жасағым келеді.
– Әрине, сен әлі-ақ өсерсің, арманыңа жетерсің. Мультфильмде
саған тағы не ұнады?
– Апа, маған мультфильмнің музыкасы ұнады.
157
Достарыңызбен бөлісу: |