Жағыпарова Майра Шығу: тексеру, санау, киіну, көрсету, сүрту, кіру, тарау, көру.
Бастау: ойнау, бұзу, дайындау, емдеу, жинау, тапсыру.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, етістіктердің аналитикалық формасын жасаңыз. 1) Мен сіздің осы пікіріңізді ................... .
2) Біз үкімет басшыларының экономикалық саясатын ................ .
3) Біліктілігіңіз бен біліміңіз үшін ............... .
4) Ол сені жазып бітті деп ........... .
5) Мен дұрыс істеді деп .............. .
6) Мен бұл адамның ойын, пікірін ................... .
7) Ол поездан ............. .
8) Мәдина әсем әнді .............
Керекті сөздер:
жақтаймын / мақтаймын / қолдаймын / ойлап қалды / жақтаймыз
/ кешігіп қалды / шырқап қоя берді / ойлайсыз ба? /
7-тапсырма. Пікіріңізді білдіріңіз. Сіз журналист ретінде шетелдік танымал адаммен кездесіп, сұхбат алып отырсыз. Ол өз кезегінде Қазақстанның рәміздері, тарихи және көрікті жерлері туралы сұрайды. Сіздің беретін жауабыңыз қандай болмақ? 8-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз. Оқып шығу (прочитать), шаршап қалу (устать), күле беру (про-
должать смеяться), бере салу (отдать), ұйықтай жаздау (чуть не ус-
нуть), күте тұру (подождать), көшіп келу (переехать), жуып қою
(вымыть), ұмытып кету (забыть), төгіп алу (пролить), жөндеп беру
(починить), ішіп қою (выпить), құлап қалу (упасть).