Аралас құрмалас сөйлем (Сложно-смешанные предложения) Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай сөй-
лем болады. Олар бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байла-
нысады.
Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тия-
нақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңа-
ры болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейін-
гі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар
тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі
болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта
тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді.