204
Жағыпарова Майра
3-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, ондағы таныс емес сөздерді
сөздіктен көріп, мағынасымен таныс болыңыз.
Қазақ
радиосындағы сұхбат
Тілші: – Қайырлы таң, құрметті бауырлар! Бүгінгі біздің хаба-
рымыздың қонағы – Қазақстан-Британ техникалық универси-
тетінің бірінші курс студенті Хасенов Марат. Марат, біздің шаңы-
рағымызға қош келдіңіз!
Марат: – Сәлеметсіз бе? Рақмет.
Тілші: – Марат, сіздің туған жеріңіз?
Марат: – Менің туған жерім – Астана қаласы.
Тілші: – Орта мектепті Астана қаласында бітірдіңіз бе?
Марат: – Иә.
Тілші: – Қазақстан-Британ техникалық университеті еліміздегі
ең беделді, алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны ғой. Университет
осындай беделге қалай жетті екен?
Марат: – Иә, біздің университетімізге
өз біліміне сенгендер ғана
түседі. Білім сапасы ғана бедел алып береді деп ойлаймын.
Тілші: – Дұрыс екен. Марат, бүгінгі біздің сөз етпек болған
тақырыбымыз – жастардың туған жерге деген сағынышы туралы.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар туған жерлерін сағына
ма және сол сезімдерін айтып бөлісе ме?
Марат: – Әрине, сағынады. Әсіресе, бірінші курста қатты сағына-
тын сияқты. Өз үйінен бірінші рет алысқа ұзап шыққан жастар жаңа
ортаға бейімделіп кете алмайды. Содан кейін ата-ананың қамқор-
лығын, он бір жыл оқыған мектебіңді, ұстаздарыңды, достарыңды,
бәрін-бәрін сағынасың.
Тілші: – Жақсы! Өзің айтпақшы, жастардың туған жерге де-
ген сағынышы бірінші курста ғана басымырақ болады да, кейін
басылып қалатын сияқты. Университетті бітірген соң, өзімнің ау-
лыма, қалама барып қызмет жасаймын деген жастар аз. Шамасы
келсе, бәрінің шетелге барып қызмет жасағысы келеді. Көп ақша
тапқысы келеді. Туған жерге деген баяғы сезім балалықтың бір
естелігі сияқты көрінеді. Осыған сенің ойың қалай?
Марат: – Дұрыс айтасыз, бірақ өз басым ол сезімді басымнан
өткізген жоқпын. Сондықтан маған ой айту ертерек сияқты. Бірақ