Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет188/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   249
Жағыпарова Майра
А.П.Константинов  және 1931 жылы С.И.Катаев сигналды видео 
сурет ойлап тапты.  Теледидардың негізін 1933 ж. АҚШ-та тұра-
тын 11-сынып оқитын Ресей инженері В.К.Зворыкин ең алғаш ви-
деосигналды ойлап тапты. КСРО-дағы ең алғаш  теледидар «КВН-
49» 1949 жылы ойлап табылды. 1947 жылы АҚШ-та 180 мыңға 
жуық теледидар болған. Ал 1953 жылы олардың саны 28 млн-ға 
жетті. Осылайша теледидар жасалған.


201
Кәсіби қазақ тілі
26-сабақ
РАДИО ЖӘНЕ РАДИО ТІЛІ
Радио дегеніміз – бұл көңіл-күй құбылысы. Көңіл-күй – ұстап 
көруге болмайтын дүние, ол материалдық игіліктерден де маңыз-
дырақ. Радио дыбыс арқылы аса ауқымды аудиторияға әсер ету-
дің орасан зор мүмкіндіктерін ашады. Тіл, музыка, шу, монтаж 
– радионың түсіндіру құралдары.
 Дауыс үндестігі, сөйлеу ырғағы, логикалық және эмоциялық 
екпін түсіру, сөйлеу қарқыны – бұның бәрі де оқырманмен әң-
гімелесу  тәсілдері  болып  табылады.  Осының  ішінде  ең  басты 
рөлді «сөз» атқарады. Өйткені, ол негізгі ақпаратты жеткізу құра-
лы, қалғаны оны толықтырып, әсерлендіріп тұрады. Жүргізуші 
әрқашан белгілі бір әңгімелесушімен сөйлесуге бейімделгендік-
тен, сол адамның тілінде сөйлеуі тиіс. Сондықтан радионың тілі 
кітаптың немесе газеттің тіліне қарағанда өзгеше. 
Радио тілі – ауызекі тіл. Ауызекі тіл – жанды тіл. Радио тілі – 
қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, әуезді болуы керек. 
Радиода  дыбыс  айрықша  рөл  атқарады.  Сондықтан  сөйле-
генде дауысты жоғарылату мен төмендетудің, екпіннің және үн 
ырғағының радио тілінде орны үлкен. 
Ауызша  сөзді  радиосөзге  айналдыра  білу  де  өнер.  Ол  үшін 
қазақ тіліндегі фонетиканың, морфологияның, лексиканың, син-
таксистің  заңдылықтарынан  хабардар  болу  керек.  Сонда  ғана 
радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады. Ауызша 
сөзді жетілдіре отырып, өңдеп, көркемдеп, мағыналы түрде қол-
дана білу – радиосөзді жасайтын жол. 
Қанатты сөздер де радиосөзге ерекше әсер етіп, тыңдарман-
ды қызықтырады. 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет