Кәсіби қазақ тілі (Бейсеннің үйленетін кезінде жасаған қағидасы.) Отбасының 7 қағидасы:
1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күн-
нен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені
құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғамын. Он бес
жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының
тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан
соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін
«сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала
да әкесін құрметтейтінін түсінді;
2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің
ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айт-
қандай айтамын, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісі-
не ұрысқандай ұрысады;
3) Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргіз-
бейміз;
4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлай-
мыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен
соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;
5) Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы
адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы
басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт
санап отырамыз;
6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып:
«Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды.
Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің
қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған
біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;
7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған
күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола ал-
майды.