Жағыпарова Майра Көк сандыққа жіпсіз байлайтын Сейітханов (Cұхбаттан үзінді) Қазақ спорт журналистикасында өз қолтаңбасы бар спорт
шолушыларының бірі – Амангелді.
Оны білмейтін спорт жанкүйері жоқ
шығар. Амангелдіге тән қасиет – көк
сандыққа телмірген жанкүйерді
қоңыр дауысымен баурап алатыны.
Футболдан 1998 жылғы әлем чемпио-
натында, Атланта мен Сидней Олим-
пиадасында халықпен бірге қуанып,
Бекзат пен Ермаханның жеңісін кө-
гілдір экранның ар жағындағы дүйім жұртпен қосыла тойлағаны
әлі есімде.
А.Сейітханов: – Спорт журналистикасына келуімнің өзі
қызық. ҚазМУ-де оқып жүргенде ұстазым Бауыржан Омаров
«Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетіне шақырды. «Лениншіл
жастың» табалдырығын имене аттадым. Бауыржан аға газеттің
спорт бетіне жауапты Несіп Жүнісбаевтың алдына алып барды.
Несіп аға маған «Қайрат» футбол командасының қазіргі жай-
күйі туралы мақала жазуды тапсырды. Кейін Несіп аға «Спорт»
газетінің редакторына алып барды. Сөйтіп, журфактың екінші
курсында оқитын мен штаттық негізде жұмысқа қабылдандым.
«Спорт» газетіне келуімнің өзі тағдыр ұсынған бақыт сияқтана-
ды.
1994 жылы Қазақ теледидарының спорт бағдарламасы редак-
циясына жұмысқа ауыстым. Сол жерде «Тұғыр», «Құм-сағат»
секілді спорт бағдарламаларын аштым. Комментаторлығым өз
алдына, Орталық стадионнан тікелей репортаждар жүргіздім.
1998 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде қызмет атқарып ке-
лемін. Сол жылы Диас Омаров ағамыз екеумізге алғаш рет «Ха-
бар» арнасында Францияда өткен әлемдік доп додасынан тікелей
репортаж жүргізуге тура келді. Ол жақтың уақыты бізге сәйкес
келмегендіктен, түнімен репортаж жүргіземіз. Ал күндіз жаңа-
лықтарда қызмет атқарамын. Содан соң 2000 жылы Сиднейден
сыр шерттік. (Руслан Меделбек)