Жағыпарова Майра Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауда-
ны, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республи-
калық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен
бастаған. Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байла-
ныстырып, «Рахат», «Хабар», «31-арна», Президент телерадио-
кешенінде қызмет атқарған.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарна-
сының бас директоры болды. Қазіргі уақытта «Қазақстан» ұлт-
тық арнасының «Айтуға оңай» ток-шоуының тележүргізушісі.
(Интернеттен алынды) Отбасының қағидасын жеке басым үшін жазғанмын. Бұл
дүниеде ережесіз ешнәрсе жоқ. Қазір керемет махаббатпен қо-
сылып-ақ әрбір төртінші отбасы ажырасып жатыр. Себебі ор-
тақ мәміле, ортақ қағида жоқ. Қағидаларды жазуды 25 жасымда
бастадым. Оқуға кеш түскендіктен отбасын сәл кешігіңкіреп,
27 жасымда құрдым. «Диплом алмайынша үйленбеймін» деп
өзіме уәде берген едім.... Өмір көрген ағалар «Әр отбасының өз
конституция сы болуы керек. Олай болмайынша ерлі-зайыпты-
лар арасында сезім суып, көңіл қалады. Көңіл қалған соң шаңы-
рақ шайқалады» деген-ді. Сол сәттен бастап мен де отбасылық
бағдарламамды жасай бастадым.