Жағыпарова Майра
республикалық БАҚ материалдарынан ықшамдалып алынды. Оқу
құралының соңында мамандыққа қатысты глоссарий мен түсін-
дірме сөздік берілді. Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы
журналистика мамандығының ор ыс тілді студенттеріне арналған.
Автор.
5
Кәсіби қазақ тілі
І БӨЛІМ
1-сабақ
ЖАҺАНДАНУ
Жаһандану ұғымы XX ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та қолда-
ныла бастады. Алғашқыда «Шекарасыз әлем», «Біртұтас әлем»,
«Біртұтас экономика» деген атаулармен түсіндірілді. Жаһандану
(латын тілінде «globus» – шар) қазіргі әлемнің барлық салала-
рының өзара қатынастарын қамтиды. «Жаһандану» (орыс тілін-
де «глобализация», ағылшын тілінде «globalization») терминін
алғаш рет 1983 жылы американдық экономис Т.Левитт «Harward
Business Review» журналында ұсынған болатын. Терминді енгіз-
генге дейін жаһанданудың көптеген аспектілерін ХХ ғасырдың ор-
тасында Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер т.б. ғалымдар
зерттеген. Жаһандану дегеніміз халықаралық қатынастарды бір-
келкілендіру, яғни бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-тех-
никалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б. байланыстағы біртұтас
адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Бүгінде кез келген мем-
лекет оқшау өмір сүре алмайды. Олар әлемдік қауымдастықта
дамиды. Бұл – жаһанданудың нәтижесі.
Жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету.
Жаһандануда технология дамыды, модернизация құлаш жайды,
ақпараттық кеңістік кеңейді.
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
– “менталдық” немесе мәдени жаһандану;
– экономикалық жаһандану;
– аумақтық жаһандану;
– ақпараттық-коммуникациялық жаһандану;
– этникалық жаһандану.
|