Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет7/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
5-тапсырма.  Мәнерлеп  оқып,  мазмұнын  айтыңыз.  Төменде 
берілген сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңыз.
 
Отаншылдықты қалай түсінесіз?
Швецияда патриотизм деген сабақ бар. Оқушының алдына 
сіріңке қояды. «Сіріңке деген не?» дейді. Ал ол сіріңкенің Шве-
цияға не қатысы бар? Қатысы тікелей. Шырпыға күкірт жағудың
технологиясын ең бірінші жасаған – шведтер. Демек, «дүние-
жүзіне от жағуды үйреткен біз» дейді. Содан кейін сүт, айранды 
алады. Оның не қатысы бар? Сүт құйған пакетті жасаған тағы 
да шведтер. Біз күн сайын алпыс теңгеге сүт сатып аламыз. Ал 
миллионнан 0,6 тиыны Швецияға кетіп жатыр. Сіріңке мен сүт-
ті пайдаланбайтын адам жоқ. Таксидің есеп айырғышын ойлап 
тапқан шведтер. Міне, Швеция жас өркендеріне отаншылдық 
сезімді, отаншылдықты осындай жолмен сіңіртеді. «Е-е, ақыл-
мен  де  өмір  сүруге  болады  екен  ғой.  Қарапайым  нәрсемен  де 
бай болуға болады екен ғой» деп ойлайды әлгі бала. Германия 
мен Франция да солай. 
 (А.Жұмаділдаев. «Жас алаш», 22.01.2002).
Мәтінге сөздік:
тікелей қатысы – прямое отношение
от жағу – разжечь огонь
есеп айырғыш счетчик
ойлап тапқан – придумал, изобрел
жас өркендеріне – молодому поколению
сіңіреді – впитывают
отаншылдық сезім – чувство патриотизма
қарапайым нәрсе – простая вещь


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет