Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет20/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
3-сабақ
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ
Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды. 
Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру – бүгінгі 
күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, 
өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар 
қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүй-
енген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді мін-
деттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің 
алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педа-
гогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан, ойшыл 
әл-Фараби:  «Адам  деген  ардақты  атты  лайықты  алып  жүруден 
артық  бақыттылық  жоқ.  Әлемде  жаман  мен  жақсыны  адамның 
ақылы ғана ажыратады», – деген болатын.
Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. 
Білімді адам көп нәрсені біледі және сол арқылы басқа белгісіз 
нәрселерді өз бетінше аша алады. Ғұламалар болашақ жастардың 
білімді болуы олардың өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиет-
теріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін айтқан. 
Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтетін білікті жас маман-
дар  керек.  Сол  үшін  біз  түрлі  ғылымды  меңгеріп,  бәсекеге  қа-
білетті болуымыз керек.
Журналистика  мамандығы  журналистің  өте  білімді  болуын 
талап  етеді.  Сондықтан  болашақ  журналистер  көп  оқып,  көп 
білім алуы керек. Оның мақалалары әрі танымдық, әрі тәрбиелік 
болуы тиіс. 
(2008 ж. «Егемен Қазақстан» газеті бойынша).


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет