Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет19/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
Қоңыр қой. Дәптерді орнына қой.
Қисық адам. Қисық ағаш.
Адамның аяғы. Жұмыстың аяғы.
Ауыр тас. Ауыр жүк. Ауыр сөз.
Суық хабар. Суық су. Суық қару.
Өткір мінез. Өткір пышақ.
Терең ой. Терең құдық.
Бала бетін сабындап жуды. Кінәсін жуды.
Есіктің кілті. Жүректің кілті.
Су анасы – бұлақ. Мараттың анасы – Айна.
Домбырадан күй төкті. Ыдыстағы суды төкті.
8-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз және өз ойыңызды айтыңыз.
Не тәтті?
 Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып алдынан қарсы кез-
дескен бір баладан: 
– Дүниеде бәрінен не тәтті, балам? – деп сұрайды.
Сонда бала:
Бал тәтті, – деген екен.
– Ал, жұмсақта не жұмсақ?
– Мамық жұмсақ.
– Қаттыда не қатты?
– Тас қатты.
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала: «осы сұрақта-
рыңызға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз», – деп өтінеді.
– Ал айта ғой балам, не тәтті? – дейді Жиренше шешен. 
– Ананың сүті, – деп жауап беріпті бала. 
– Не жұмсақ?
– Ананың қолы.
– Ал енді, не қатты? – деп сұрағанда
– Атаның жүрегі, – деген екен.
 Шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.
 
(«Ел аузынан» кітабынан).


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет