Кәсіби қазақ тілі көрермендер көңілінен шықты. Идеясын өзі ұсынған «Қолтаң-
ба» бағдарламасы мен «Көршілер» ток-шоуы көрермендер кө-
зайымына айналды. Ол корпорацияға басшылық жасаған тұста
«Қазақстан дидары» атты электрондық газет шығарылды.
Алматы облысына қарасты Ақсу ауданының «Құрметті Аза-
маты», Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Мәртебелі
профессоры», Қазақстан Журналистер Одағының екі мәрте лау-
реаты. «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне
еңбегі сіңген қайраткер, ҚР «Құрметті журналисі». Танымал
журналист, көрнекті тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы тура-
лы әңгіме бола қалса, жұртшылық ең алдымен оның кезекті ха-
барын жүргізіп болғаннан кейін көрерменмен үнемі «Бай, қуат-
ты болайық!» деп қош айтысатын қанатты сөзін ауызға алады.