231
Кәсіби қазақ тілі
Иллюстрация – кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін
суреттер.
Имидждік ойналым (отбивка) – радионың атауын білдіретін
қысқа музыкалық ойналым.
Инвективті лексика – (латын тілінен
invectia oratio – балағат
сөздер) – әдеби және ауызша сөйлеу әдебіне жатпайтын белгілі бір
сөздер жиынтығы.
Каллиграфия – анық, әдемі жазу өнері.
Композиция – шығарманы байланыстыру, оның құрылымы,
жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайын-
дау.
Контекст – текстің мағына жағынан тиянақты бөлігі.
Комментарий – кітап немесе мәтін туралы қысқаша түсіндірме
беру.
Конспект – лекцияны, шығарманы, сөзді қысқаша мазмұндап
жазу.
Корректор – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде
кеткен қателерді беттеу (верстка жасау) кезінде беттерден жөндеп,
түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан
сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы ке-
рек.
Корректура – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған
кателерді жөндеу.
Корреспондент – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жер-
ден хабар жинап, беріп тұратын тілші қызметкері.
Достарыңызбен бөлісу: