Пост – блогқа жазу.
Редактор– мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллек-
тивінің басшысы. Газет, журналдардың саяси бағытына, идеясы
мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жа-
уап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйым-
дастыру жұмыстарын жүргізуші.
Редактор-эдиториалист – редакцияда отырып, тілшілер әкел-
ген материалды өңдеумен айналысады. Тілшілерді бақылайды.
Оларға тапсырма береді.
Редакциялық мақалалар редакторы – қызметі барлық
газетте бола бермейді. Әдетте редакциялық мақаланы бас ре-
дактор немесе оның басшылығымен екі-үш журналист дайындай-
ды.
Репортаж – қайсыбір оқиға туралы журналистің өзі қатысып,
көзімен көргенін жұртқа сол күнде айна-қатесіз жедел жеткізуі,
айтуы, көрсетуі. Оқырманның, не көрерменнің өзі болғандай әсер
беруі.