Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет48/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
арқылы орыс тіліне ауысқан да, соңына тілдік ерекшелікке сәйкес 
 жалғауы қосылып ярмарка түрінде қалыптасты. Орыс тілінен 
енген бұл сөз тілімізге енгенде фонетика заңдылығына сай «жәр-
меңке» болып өзгертілген.
Есте сақтаңыз!
Кірме 
сөздер
Кірме сөздердің қазақ тіліндегі баламасы
Пұл
ақша, қаржы (деньги, денежные средства)
Шайыр
суырып салма ақын (поэт-импровизатор)
Сарбаз
жасақшы,  қол,  әскер,  жауынгер  (дружинник, 
армия, воин)
Ғибрат
үлгі,  өнеге  (поучение,  поучительный  пример 
образец, пример)
Ғұлама
ғалым, оқымысты ( ученый)
Пешене
жазмыш, 
тағдыр 
(предопределение; 
рок; 
судьба;  участь  /по  народному  представлению, 
предначертанная богом на лбу человека/)
5-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.
жәшік 
(чайник)
кереует
(конфеты)
сөмке
(кровать)
бәтеңке
(тарелка)
шайнек
(машина)
тәрелке
(самовар)
сіріңке
(сумка)
самауыр
(ботинки)
кәмпит
(спички)
мәшине
(завод)
зауыт
(ящик)


49
Кәсіби қазақ тілі
6-тапсырма. Сәйкестендіріңіз және сөйлем құрастырыңыз.
Музыка саласы
актер
Медицина саласы
натюрморт
Баспа жұмысына
гипостаза
Ғылым саласы
рок-фестиваль 
Сурет өнеріне
кегль
Ботаника ғылымына тəн
профессор
Тұрмыстық зат
хирург 
Сусын
джакузи
Өнер саласы
коктейль 
7-тапсырма. Өлеңнен кірме сөздерді табыңыз.
 «Интернатта оқып жүр»
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы. 
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе, 
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бəрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз 
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы?
(Абай Құнанбаев).


50
Жағыпарова Майра
8-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыз, сөздіктің көмегімен ауда-
рыңыз.


51
Кәсіби қазақ тілі
7-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Журналистикасыз қазіргі қоғам өмірін көзге елестету мүм-
кін емес. Журналистика XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен 
жазбаша хабар алмасу құралы ретінде пайда болған. Ал, оның 
ауызша  түрде  хабар  жеткізу  түрлері  ерте  кезден  басталған. 
Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолда-
рынан өтті. 
Журналистика – барлық уақытта қоғам өміріне араласа ала-
ды  және  баға  берумен,  қорытындылар  жасаумен,  ұсыныстар 
айтумен  қоса,  ол  адамдарды  тәрбиелейді.  Журналистика  тек 
қана хабарларды берумен шектеліп қалмай, ол сонымен бірге 
насихаттық рөл де атқарады. Журналистика – халық мүддесі-
не қызмет ететін, соның қажеттіліктерін қарастыратын сала. 
Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байы-
туға,  себепкер  болады.  Журналистика  бұқаралық  ақпарат 
құралдары болып саналатын баспасөз, радио, телевидение, ин-
тернет арқылы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын 
қысқартып БАҚ деп те атайды. Баспасөз, радио, телевидение-
нің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа 
ұсына отырып, қоғамға жат әрекеттерден сақтандыру. 
Журналистика  –  баспасөз,  радио,  телевидение  сияқты  әр 
алуан мекемелердің басын құрайтын ерекше әлеуметтік инс-
титут  болып  табылады.  Ол  –  БАҚ  пайдаланатын  ақпаратты 
тарататын  және  олардың  түрлерін  қалыптастыратын  арна-
лардың біртұтас жиынтығы. БАҚ проблемаларын зерттейтін 
ғылым саласы да журналистикаға жатады.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет