Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет46/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   249
Жағыпарова Майра
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Фотограф пен фототілші
Фотограф  пен  фототілшінің  айырмашылығы  бар.  Фотограф 
белгілі бір құжатқа түсіреді, жарықтың бәрін алдын ала дайындап 
қояды. Біреулері орталық алаңдарда жүреді, бірі мекемелерде фото-
граф болып қызмет атқарады. Ал фототілші жаңағыдай белгілі бір 
шеңберге сыймайды. Ең бастысы, адамның қырағылығы, яғни бо-
лып жатқан оқиғаның жеткізілуін дәл табу арқылы жүзеге асады. 
Алдын ала дайындап қою жоқ. Демек, талант пен қабілет, ұшқыр 
қиял  керек.  Әрине,  техникалық  жағын  ескеру  міндетті.  Фототіл-
шілік – көзқарас пен пікірді сурет арқылы беретін журналистика-
ның бір саласы. Кез келген оқиға, күтпеген жағдайлардың көрінісі 
фототілшілердің еншісінде. 
...Біздің  елімізде  фотожурналистика  мамандығын  беретін  оқу 
орны  жоқ.  Қазіргі  фототілшілердің  барлығы  –  бұл  салаға  қы-
зығушылықпен келіп, тәжірибе жинап, өздігінен саланың қыр-сы-
рын меңгергендер. 
  ...Бұрын  фотожурналистер  өздерiнiң  фотосуреттерiн  орталық 
мұрағатқа тапсыратын. Оны қажеттi уақытта пайдаланып отыруға 
мүмкiндiк болатын. Қазiр ол жүйе жоқ. Бүгінгі тарихты болашақта 
іздеу де қиынға соғуы да мүмкін.
(blogtime.kz сайтынан алынды. 24 мамыр, 2014 ж.)
 
4-тапсырма.  Сіз  газетке  журналист  болып  жақында
орналастыңыз. Сізге бөлім басшысы төмендегі салаларды ұсын-
ды.
 
Саяси журналистика.
 
Халықаралық журналистика.
 
Музыкалық журналистика.
 
Спорттық журналистика.
 
Мультимедиалық жуналистика.
 
Азаматтық журналистика.
 
Экономикалық журналистика.
 
Діни журналистика.
Сіз қайсы 
саланы 
таңдайсыз? 
Себебін 
түсіндіріңіз?


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет