Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет81/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
Кім? Осы сұраққа жауап беру үшін бірінші орынға тұлғаны 
қоямыз. Көбінде бұл танымал адам – мемлекет басшысы, белгілі 
саяси қайраткер. Мысалы: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профес-
сорлар мен студенттерге оқыған дәрісі зор мәнге ие болды».
Не?  Бұл  лид  –  оқиғаның  маңызды  екеніне  назар  аударуға 
арналады. Мұнда объектілер бірінші орында тұрады. Мысалы: 
«Семей полигонының жабылғанына да 20 жыл өтті».
Қашан? Журналистикада бұл лид ең көп қолданылатындар-
дың бірі. Материалды «бүгін» немесе, мысалы, «18 қазанда» деп 
бастайды. Осындай лид ақпараттың жеделдігін көрсетіп тұрады. 
Мысалы:  «Бүгін  Алматыда  «IT-213  –  Microsoft  инновациялық 
жобалары» 2-ші форумы басталды».
Қайда? Бұл лид оқиғаның орнына назар аудартады. Мыса-
лы:  «Қазығұрт  ауданындағы  Жіңішке  ауылының  тұрғындары 
төрдегі  теледидар  экранына  қадалып,  дыбысына  құлақтарын 
тосады». 
Неге? Лидтің осы түрі оқиғаның себептерін ашып тұрғандай 
болады. Мысалы: «Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолда-
уымен ашылған сайттардың мақсаты – қазақ тілді интернет 
журналистиканы дамыту мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат 
құралдары арасындағы бәсекені арттыру».
Қалай?  Мысалы:  «Қарағанды  облыстық  тілдерді  дамыту 
басқармасында құжаттардың басым бөлігі тек орыс тілінде 
жүргізіліп келген. Ал қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұ-
мыстарына  бюджеттен  бөлінген  қаражат  мақсатсыз  жұм-
салған дейді тексеріс жүргізген прокурорлар».
Қарап отырсаңыз, лид қазақ тілінің қолдану жағдайын көр-
сетіп тұр.
(Марк Григорян. 
«Пособие по журналистике»).


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет