Кәсіби қазақ тілі
4-тапсырма. «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбын то-
лықтырыңыз. Сөздікті пайдаланып, орыс тіліне аударыңыз.
1-керемет: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған.
Көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына
әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме
орналасқан.
2-керемет: Тайқазан.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі бағалы ескерткіш-
тердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна
су сыяды.
88
Жағыпарова Майра
3-керемет: Айша бибі мазары.
Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан
белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан
салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
4-керемет:
Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.
Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетаны-
мын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
|