Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет98/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
Сөзжасам  өмірде  пайда  болған  жаңа  ұғымдарды  атау  қажет-
тігін  өтеу  үшін  қызмет  етеді.  Жаңа  аталымдар  (номинациялар) 
сөзжасамдық  түрлі  тәсілдер  арқылы  жасалатыны  белгілі  болды. 
Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжа-
самдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі 
дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, 
жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобы-
зшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы 
негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жа-
салуына қатысып тұр. Осы туындылардағы негіз сөз жаңа мағына-
ның жасалуына арқау болған. Ал осы туынды түбірлердегі -шы, -ші
  жұрнағы  оларға  мамандық  мәнін  қосқан.  Осының  нәтижесінде 
әнші – ән айтатын адам, жұмысшы – жұмыс істейтін адам, малшы 
 мал бағатын адам, суретші – сурет салатын адам, жыршы – жыр 
айтатын адам, биші – би билейтін адам, орманшы – орманды бақы-
лайтын адам, балықшы – балық аулайтын адам, саяхатшы – саяхат 
жасайтын адам, сыбызғышы – сыбызғы тартатын адам, қобызшы – 
қобыз тартатын адам дегенді білдірген. Алғаш осы ұғымды білдіру-
ден туған бұл сөздер кейін мамандық мәніне ие болған. Бұл туынды 
түбірлердегі -шы/-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз 
сөздер ненің маманы екенін білдірген.
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйе-
сі  бар,  ол,  әрине,  ұзақ  уақыттағы  дамудың  нәтижесі.  Тіліміздің 
сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері 
дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге 
жеткен.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай 
қолданылып,  әбден  орныққан,  қалыптасқан  сөзжасамның  негізгі 
үш тәсілі бар. Олар: 1) синтетикалық тәсіл; 2) аналитикалық тәсіл; 
3) лексика-семантикалық тәсіл.
4-тапсырма.  Түбір  сөздерге  -шы,  -ші,  -ды,  -ді,  -лы,  -лі  жұр-
нақтарының тиістісін қосып, туынды сөз жасаңыз және қата-
рын толықтырыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. 
Үлгі:  жыр  (негізгі  түбір),  жыр+шы  (туынды  түбір),  жыр
+шы+лық (туынды сөз).


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет