Кәсіби қазақ тілі Сізге сене ме, əлде сенбей ме? Бұл – журналист үшін ерек-
ше маңызды мəселе. Адамдар алғашқы сəтте бірінші кездескен
кісіні жылы қабақпен қарсы алатындығы белгілі. Əрі қарай сізге
деген көзқарасының қалыптасуы нені айтып, нені ұсына алатын-
дығыңызға байланысты. Дəл осы тұста журналистің имиджі көз-
деген мақсатына жету-жетпеуін айқындайды. Оған журналистік
дарыны мен сыртқы бейнесінің оң əсері арқылы қол жеткізеді.
Сізді журналист ретінде қабылдағанда, қабылдаушы адам
жүздесудің алғашқы сəтінде-ақ кəсіби шеберлігіңіз бен өкілетті-
гіңізге, беделіңіз бен түр-сипатыңызға назар салады. Бұл жағдай-
лар жақсы бағаланса, сізге деген сенім мен ықылас жоғарылап,
сұхбат сəтті жалғаспақ.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері оқырман –
читатель
көрермен –
зритель
қошемет –
почесть; почтение
танымал –
известный
бəсеке –
соперничество; конкуренция
мақала –
статья
заңды құбылыс –
закономерное явление
сұраныс –
спрос
қоғамдағы тұрмыс –
общественная жизнь
халықтың хал-ахуалы –
здесь: жизнь народа
нақты –
точный, конкретный, реальный
боямасыз баяндау –
излагать правдива, без
приукрашивания
дербес бейне –
здесь: личный имидж
бедел –
авторитет
деректі көздерден жинау үшін – чтобы собирать из достоверных
источников
əңгімелесу жағдаяттары –
ситуация для интервью
көрнекті маманы –
видный специалист