121
Кәсіби қазақ тілі
Әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.
Жекеше түрі
І жақ
ІІ жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
-м, -ым, -ім
-ң, -ың, -ің
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ
ІІ жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
-мыз, -міз, -ымыз, -іміз
-тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз,
-леріңіз
-сы, -сі, -ы, -і
Сөздердің тәуелденуі
оңаша тәуелдену және
ортақ тәуелдену
болып екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын біл-
діретін тәуелдену
оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқан-
да, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын біл-
діретін тәуелдену
ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқан-
да, заттың көпше түрде тәуелденуі.
Мысалы:
Оңаша
тəуелдену:
Менің
компьютер-ім, қалам-
ым.
Сенің компьютер-
ің. қалам
-ың.
Сіздің
компьютер-іңіз, қалам
-ыңыз.
Оның компьютер
-і, қалам-
ы.
Ортақ
тəуелдену:
Біздің компьютер-
іміз, қалам-
ымыз.
Сендердің компьютер-
лерің, қалам-
дарың.
Сіздердің компьютер-
леріңіз, қалам-
дарыңыз.
Олардың компьютер-
і, қалам-
ы.
122
Жағыпарова Майра
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын
жіктелу дейді. Жіктік
жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан
жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тия-
нақтап тұрады. Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сон-
дай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез
келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай
екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.
Есім сөздің жіктелуі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен тілші
мін
Біз тілші
міз
ІІ
ІІ
Сен тілші
сің
Сіз тілші
сіз
Сендер тілші
сіңдер
Сіздер тілші
сіздер
ІІІ
Ол тілші
Олар тілші
лер
Етістіктің жіктелуі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен жаза
мын
Біз жаза
мыз
ІІ
Сен жаза
сың
Сіз жаза
сыз
Сендер жаза
сыңдар
Сіздер жаза
сыздар
ІІІ
Ол жаза
ды
Олар жаза
ды
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын
септелу дейді. Зат
есім жекеше және көпше түрде септеледі.
Септік
атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:
А. Кім? Не?
–
І. Кімнің? Ненің?
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Б. Кімге? Неге?
Қайда?
-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не
Т. Кімді? Нені?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Ж. Кімде? Неде?
Қайда?
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Ш. Кімнен? Неден?
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
К. Кіммен? Немен?
-мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен