Кәсіби қазақ тілі 4. Қандай жағдайда бейнесюжеттің құны түсіп қалады?
5. Шығарма дегеніміз не?
6. Телетуындының қандай өзіндік құрылымдары бар?
2-тапсырма. Сөздікті пайдалана отырып, орыс тіліне ауда- рыңыз. Қазақ радиосы
Қазақ радиосында диктор болып Әнуар Байжанбаев және ақиық
ақын Мұқағали сынды халқымыздың алыптары қызмет еткен.
Олардың аттары атақты Левитандай аңызға айналды. Олар қазақ
радиосында төл тіліміздің қуатын тыңдаушысына жеткізіп, диктор
мамандығының абыройын асқақтатты.
Қазақ радиосының ұлттың үнін, ділін, тілін, өнерін, тарихи жол-
дарын болашаққа жеткізудегі қызметі жазса таусылмайтын том-
том кітап болары сөзсіз.
Қазақ радиосының «Алтын қорында» ұрпақтан ұрпаққа мирас
болар мол мұра: жыр, терме, дастан, қисса, дәстүрлі ән, күй- лердің дыбыстық жазбалары сақтаулы.
Қазақ радиосының хабарлары – халқымыздың тарихының куәсі.
Олардың танымдық, тәрбиелік мәні де аса жоғары.
Қазақ радиосы – әдебиет, мәдениет, өнер әлемі.
3-тапсырма. Орыс тіліне аударып, пікіріңізді қосыңыз. Журналист пен бизнесмен арасындағы диалог:
– Табысқа жетудегі құпияңыз қандай?
– Екі сөз.
– Ол қандай сөздер?
– Дұрыс шешімдер.
– Дұрыс шешім қабылдау үшін не керек?
– Ол бір-ақ сөз.
– Қандай?
– Тәжірибе.
– Тәжірибені қалай жинағансыз?
– Екі сөз.
– Ол қандай екі сөз?
– Бұрыс шешімде.