Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет169/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды;
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді;
Сусыздан  сусын  ішірді,  –  деп  өз  заманындағы  өнерлі  елдерді 
жастарға үлгі етіп жырлайды. Ал бүгінде ше? 


179
Кәсіби қазақ тілі
23-сабақ
ТЕЛЕВИЗИЯ МӘТІНІ
Телевизияға  арналып  жазылатын  мәтіннің  өзіндік  құрылы-
мы, ерекшелігі, арнайы формасы болады. Жалпы, телевизия бей-
нелік  қозғалыстардан,  дыбыс-дауыстардан  тұратын  жиынтық 
(синтез) өнер болғанымен, іс бәрібір алдымен қағаз бетіне мәтін 
жазудан  басталады.  Бірақ  телевизия  туындысының  тілі  мен 
стилінде мерзімді баспасөз жазбасынан айтарлықтай өзгешелік 
бар. Сондықтан газет-журналға тән кейбір ұзын сонар әңгімеден, 
күрделі сөйлемдерден бойды аулақ салу телемәтінге қойылатын 
негізгі талап болмақ. 
Тележурналистің парызы: қарапайым әрі түсінікті, нақты әрі 
анық жазу, сөз атауларын қысқартпау, тырнақша мен сілтемені 
өз мәтінінде аз қолдану, үтір мен нүктелерге мән беру, адамдар-
дың  аты-жөндерін  толықтай  дұрыс  атау,  есімдіктерді  жөнімен 
қолдану,  мейлінше  көрермендерге  тікелей  назар  аудару,  қазақ 
тілінің құнарлы нәрін толық пайдалана білу. 
Телевизияға  арналып  жазылатын  туындының  басты  ерек-
шелігі  –  сөз  бен  бейнесюжет  бір-бірін  толықтырады  және  сол 
арқылы  екеуі  тұтасып  кетеді.  Мұндайда  көпсөзділіктің  сал-
дарынан  тамаша  бейнесюжеттің  құны  түсіп  қалатындығын  да 
ұмытпауға тиіспіз. Айталық, телетуындының құрылымын лай-
ықты ету үшін мына мысалға назар аударайық. Тележурналист 
немесе хабар кейіпкері «батыс өңірде ауа райы аптап ыстық» деп 
эфирде айтты делік. Осы сәтте көлеңке жерге жатып алып, тілін 
салақтата  ентіккен  итті  «ірі  планда»  (үлкейтіп  түсіру  арқылы) 
көрсеткен дұрыс. Сонда ғана бейне мен мәтін үйлесім таппақ.
Сәулетті құрылыс салу үшін оның тағаны мен едені, төбесі 
мен  қабырғалары  қандай  маңызды  болса,  телетуындының  да 
өзіндік құрылымдары бар. 


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет