Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет175/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
9-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Тәуелсіздік
Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі Жерің де.
Өзіңдікі өзің еткен Бақ  
Тəуелсіздік төрінде.
Асқар Тау да сенікі,
Бақша, бау да сенікі.
Қалтқысыз Дос пенен
Қатал Жау да сенікі.
Өзіңдікі Туың да,
От пен Ауа, Суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!.. 
 (Иран-Ғайып)


186
Жағыпарова Майра
24-сабақ
ТЕЛЕВИЗИЯДАҒЫ 
БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРУ ТӘСІЛДЕРІ
Телевизия – журналистика, көркем әдебиет, бейнелеу, музы-
ка,  ақпарат,  театр  т.б.  салалардың  синтездік  өнімі.  Белгілі  бір 
көрініс жасау үшін оның жанрына қарай жоғарыда аталған са-
лалардың  мүмкіндіктері  түгел  қолданылады.  Алайда  олардың 
әрқайсысының  өзіндік  ерекшеліктері  сақталады.  Сондай-ақ 
олардың қолданылу заңдылықтары бар.
Телевизияда  бейнелік  көрініссіз  сөзбен  жеткізетін  ең  негізгі 
жағдайлар мыналар:
– бейнебаян арқылы көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда;
–  оқиғаны  сол  адамның  өзінің  сөзі  арқылы  бергенде  ғана 
сенім тудырарлықтай болса;
– даулы мәселеге жеке адамның көзқарасы міндетті түрде қа-
жет етілсе.
Телевизия туындыларының көркемдік сапасын арттыруда те-
леоператорлық, телережиссуралық және монтаждау өнерлерінің 
де алар орны айырықша. Жекелеген бейнелерді лайықты әрі кәсі-
би жоғары деңгейде түсірудің өзі камераны дұрыс орналастыру-
дан, сурет нысаны мен камера екеуінің арасындағы қашықтықты 
дәл сәйкестіруден, түсіру нүктені нақты белгілеуден басталатын 
күрделі өнер. Көрермен назарын эфирге аудару үшін бейнебаян-
ды жандандырып, мазмұнын тереңдету үшін жекелеген бейнеден 
басқа панорамалық, ракурстық, «наезд», «отьезд» тәсілдері пай-
даланылады.
Панорамалық  бейне  дегеніміз  бір  нүктеден  немесе  белгілі
бір нысаннан келесі жағына барып бітетін үзіліссіз қозғалысқа 
негізделген  бейне  көріністің  түрі.  Панораманы  ішінара  жоға-
ры-төмен, көлбеу және айналма деп бөледі. Ал, «наезд» дегенге 
келсек, ол – түсірілетін нысанға жақындап баратын қозғалысқа 
негізделген бейне. Олай болса, «отьезд» нүктеден немесе нысан-
нан шегінуді білдіретін қозғалыс.


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет