Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет35/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
5-сабақ
ЖУРНАЛИСТИКА ТЕРМИНІ
«Журналистика» термині алғаш рет Францияда пайда болған. 
Ал Ресейде бұл термин бастапқы кезде «журналдар жиынтығы» 
деген мағынаны білдірсе, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бар-
лық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. 
Қазақ тіліне «журналистика» термині орыс тілі арқылы еніп, 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап белсенді қолданысқа 
ие болды. (Қазақ журналистикасы). 
ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  фотография 
мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және 
киножурналистика дүниеге келді. (Фотография, Деректі кино). 
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістік-
теріне байланысты радиожурналистика (Радиохабар), 40-жылда-
рынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (Теле-
журналистика). 
ХХ ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаң-
дығы жағынан журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда 
басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – интернет жүйесі 
пайда болды (Интернет). Олар журналистиканың жеке саласы бо-
лып қалыптасты.
Ертеде  ақпараттар  ауызша  жеткізілген.  Кейін  Мысырда 
(Ежелгі  Египетте)  жаңалықтар  жазылған  папирустар  қолда-
нылса, ал Ежелгі Римнің қоғамдық орталықтарында хабарлама 
ілінетін  арнаулы  тақталар  қолданылған.  Неміс  өнертапқышы 
И.Гутенбергтің  (1394/99–1468)  баспа  машинасын  ойлап  табуы 
(1445)  қазіргі  заманғы  түсініктегі  журналистиканың  пайда
болуына ықпал етті. 
Алғашқы  газеттер  Германияда  1609  жылы,  Ұлыбританияда 
1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады.


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет