Кәсіби қазақ тілі Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен
айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің
басында еріннің қатысуымен айтылатын о, ө, ұ, ү ерін дауыстыла-
ры келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап
айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы: құрылым – (айтуда)құрұлым; ұйым – (айтуда)ұйұм, бүкіләлемдік – (айтуда)
бүкүләлемдік. ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е → ө-ге, і → ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұларды ескермейміз, ал
айтқанда үндес етіп айту керек.
Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да
кездеседі. Олар:
1. Кірме сөздер
мен терминдер
кітап (книга), мұғалім (учитель), қазір (сейчас), әуежай (аэропорт), бірақ (только), әнұран (гимн), елтаңба (герб), төлқұжат (паспорт), әпсана (миф), редактор, газет, компьютер, телефон, парламент, сенат, депутат, т.б. 2. Сөз тудырушы
кірме жұрнақтар
-гер
мұрагер (наследник), заңгер (юрист), саудагер (торговец) -кер
қайраткер (деятель), үміткер (канди- дат, претендент), іскер (деловой) -қор
сыбайлас жемқор (коррупционер), үнемқор (бережливый) -хана
шеберхана (мастерская), емхана (по- ликлиника), дәріхана (аптека) -гөй
ақылгөй (умник) -қой
сәнқой (модник/ца), арызқой (жалоб- щик) -күнем
маскүнем (пьяница), пайдакүнем (ко- рыстолюбивый), -паз
өнерпаз (умелец, умелый, искусный) 3.Кірме префикс бей
(би)
бейресми (неофициально), бейшара (бедняга), бейтарап (нейтральный), бейтаныс (незнакомый), беймаза (на- зойливый)