Жағыпарова Майра 6-тапсырма. Пікір білдіріңіз. Маңызды деректер:
– Жаһандану дегеніміз – экономика мен бүкіл әлемдегі қоғамдар
өзара байланыста болатын процесс.
– Жаһанданудың басталуына көлік, коммуникация, техноло-
гия, сауда-саттық пен бұқаралық ақпарат құралдары сияқты көпте-
ген факторлар түрткі болды.
– Жаһанданудың артықшылықтары: жаңа жұмыс орындары
мен Бангалор сияқты қалалардың дамуы.
– Жаһанданудың кемшіліктері: шетелдік инвестицияларды тар-
ту мақсатында арзан әрі әділетсіз еңбек шарттарының, яғни жұмыс-
керлері өте ауыр жағдайда жұмыс істейтін мекемелердің көбеюі.
Үндестік заңы (Закон сингармонизма) Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың
бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы – екі түрлі болады: буын үндестігі (гармония
слогов) және дыбыс үндестігі (гармония звуков).
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңіш-
ке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалға-
нуы.
Қазақ тілінде сөздер не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке дауыс-
тылар болып келеді (В казахском языке слова произносятся либо
твердо, либо мягко в зависимости от гласных).Мысалы:
а) Твердое произношение: аудармашыларға, жазушыларға. ә) Мягкое произношение: елшілерге, тілшілерге, әншілерге. Түбір сөздің соңғы буыны жуан дауысты болса, онда оған
жалғанатын қосымша да жуан дауысты болады, егер жіңішке бол-
са, онда жіңішке дауысты қосымша жалғанады (Если последний
слог слова имеет твердый гласный звук, то к нему присоединяется
окончание с твердыми гласными, а если мягкий, то с мягкими
гласными).Мысалы: газет+тер, кітап+тар, журнал+дар, дәп- тер+лер, мереке+лер.