11. Қорытынды ережелер
11.1. Осы саясатты қолданысқа енгізу мерзімі саясатты Қоғам Басқармасы бекіткен күн болып есептелсін.
11.2. Осы Саясат Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ қоғамның ІНҚ-на өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда өзгертілуге жатады. Осы саясатқа өзгерістер мен толықтыруларды Қоғам Басқармасы бекітеді.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатқа №1 қосымша
«Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік
қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық қатынастардың оқшауланған салаларында бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-қоғам) қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
- қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
- қоғам қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданылады;
- қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың тиісінше орындалмағаны үшін Қоғам қызметкерлері дербес жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |