3. Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындау кезінде:
- ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу сатысында азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз ескеру;
- әзірленетін ішкі нормативтік құжаттардың жобалары нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеу;
- ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын дайындау барысында қоғамның және өзге де заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу;
- ішкі нормативтік құжаттардың жобалары қоғам құзыретінің шегінен шықпау;
басқа құрылымдық бөлімшелердің мүдделерін қозғайтын ішкі нормативтік құжаттардың әзірленген жобалары тиісті құрылымдық бөлімшелермен талқылау және келісу рәсімінен өту;
- ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбау;
- ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде нормаларды қабылдауға жол бермеу.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғалар:
- сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға;
- Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беруге;
- сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге;
- атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |