1. Жалпы ережелер
1.1. «Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі-қоғам) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл саясаты (бұдан әрі-саясат) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына («сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7,10-б.) сәйкес әзірленді және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың осы саясаты сыбайлас жемқорлық сипатындағы ықтимал іс-қимылдардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау ахуалын қалыптастыруға бағытталған.
1.2. Осы саясат бекітеді:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттар мен міндеттер;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары;
3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешені;
4) осы саясатты сақтау үшін жауапкершілік.
1.3. Осы саясаттың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін Қоғам қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |