5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық
5.1. Қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті мемлекеттік органдармен, әріптестермен, клиенттермен мынадай мақсаттарда ынтымақтасады:
- сыбайлас жемқорлық белгілері бар бұзушылықтар жасау жағдайлары туралы ақпарат беру;
- сыбайлас жемқорлық белгілері бар бұзушылықтарға тергеу жүргізу кезінде жәрдем көрсету;
- сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді жасауға қатысы бар адамдарды, олардың орналасқан жерін анықтау;
- сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі қызметті үйлестіру;
- сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде алынған мүлікті немесе оны жасау құралы ретінде қызметшіні анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |