«астана аймақТЫҚ электржелілік компаниясы» акционерлік қОҒамындағы сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл саясаты


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары



бет6/19
Дата07.04.2022
өлшемі56,7 Kb.
#30150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Политика противодействия коррупции каз

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

4.1 Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:



- сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік - қоғам өз қызметін жүзеге асыру кезінде кез келген нысандар мен көріністерде сыбайлас жемқорлықты толық қабылдамау қағидатын ұстанады. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаты қоғамның лауазымды адамдары мен қоғам атынан немесе оның мүддесінде әрекет ететін қызметкерлері үшін тікелей немесе жанама түрде, жеке өзі немесе қандай да бір делдалдық арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысуға қатаң тыйым салуды білдіреді;

- басшылықтың бейілділігі - Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына және барлық деңгейлерге ымырасыз қатынасы туралы мәлімдеуі, осы қағидатты жеке мысалда көрсетуі, сақтауы және іске асыруы тиіс;

- қызметкерлерді тарту - Қоғам өз лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының ережелері туралы хабардар етеді және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысуын қолдайды;

- жазаның бұлтартпастығы - қоғам атқаратын лауазымына, жұмыс өтіліне және өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасаған жағдайда өзге де жағдайларға қарамастан Қоғам қызметкерлерін жазалаудың бұлтартпастығы туралы мәлімдейді;

- заңдылық - қоғам ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтайды және оның кез келген әрекеті немесе әрекетсіздігі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларына қайшы келмейді;

- тиісті сақтық - қоғам іскерлік/еңбек қатынастарын бастау немесе жалғастыру туралы шешім қабылдағанға дейін үшінші тұлғалар мен жұмысқа орналасуға үміткерлерді олардың сенімділігі, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және мүдделер қақтығысының болмауы тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;

- өзара іс - қимыл және үйлестіру - қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет