3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттер
3.1. Саясат мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясат жүргізу;
- қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінде кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік түсінігін қалыптастыру;
- қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін, сондай-ақ үшінші тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелін азайту;
- осы Саясатқа 1-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарын барынша азайтуға және жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу және енгізу;
- қоғам қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу;
- қоғамның ішкі нормативтік құжаттарында сыбайлас жемқорлық факторларының болуына жол бермеу;
- жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.
3.2. Ереже атқаратын лауазымына, атқаратын функциялары мен жұмыс мерзіміне қарамастан Қоғам қызметкерлеріне қолданылатын жалпыға міндетті нормалар мен қағидаларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |