Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- оқушыларға жалаң сөз жаттату емес, қолданылған әрбір сөздің астарына байыппен қарап, қазақ тілінің сөз байлығын меңгерту, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуге баулу жұмыстары жүргізілуде;
- қазақ тілі мұғалімдеріне арналған дидактикалық материалдар жинағы жасалды;
- Оқушылардың шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруда пән мұғалімі мен оқушылардың бірлескен жұмыстарының әдістемесі және пән мұғалімдеріне арналып озық тәжірибе таратылды.
Зерттеудің жаңашылдығы:
- Берілген мәтінді оқып, одан түйінді ой шығару.
- Мәтін немесе ережемен танысықаннан кейін оларды оқып ассоциациялау.
- Жоба сабақ берілген шығармашылық жұмыс арқылы оқушының ізденушілік қабілетін дамыту.
- Презентация сабағы. Берілген тапсырма бойынша оқушылар сабақ үсітнде компьютердің көмегімен презентация жасайды.
- Тапсырма бойынша екі топта пікірталас жүргізіледі.
- Көркем шығарма мәтіні бойынша сынып төрт топқа бөлінеді.
- Бірінші топ – кіріспе бөлімі, екінші топ – негізгі бөлім, үшінші топ – қорытынды бөлім, төртінші топ – толықтырады.
- Әр топ өз бөлімінде жұмыс істейді. Төртінші топ әр топтан кейін мәтінді толықтырып отырады. Соңында қай топтың жұмысы дұрыс екені салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |